Талдықорған: +18°C
$ 511.92
€ 588.91
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚАСИЕТІ ҚАШПАҒАН ҚҰРАҚ КӨРПЕ

18.06.2024
ЭКОНОМИКА
ҚАСИЕТІ ҚАШПАҒАН ҚҰРАҚ КӨРПЕ

Талайды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыннан қиыстырып құрақ құрау. Өнердің сарқылмас қайнар көзіне айналған бұл қолөнер бұйымы әр қазақ шаңырағының төрінен көрінуі тиіс. Төрдің төріне төселген құрақ қазақ өнерін менмұндалатып тұратындай.


Бүгінде баспаналы болып жатқан әр қазақ бір бөлмесін арнайы қазақша бөлме етіп жасауды сәнге айналдырған. Міне, дәл осы бөлменің ажарын кіргізіп, сұлулығына сән берген құрақ көрпелер мен бөстектердің маңызы зор.

Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін, құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш еткен. Кешегі ісмер апалардың ізін жалғаған Гүлзат Нүсіпхан дәл осы өнерді заман ағымына қарай «сөйлетіп» жүр.

2013 жылы Қытай Халық Республикасының Боратала облысынан елге оралған ол он саусағынан тамған өнердің ізін суытқан емес. Құрақтың сан түрін құрап, талай жанға қуаныш сыйлап жүрген аяулы жан өз кәсібінен нәсіп тауып жүр. 

– Көрпе, тұскиіз, жастық, түрлі ойыншықтарды әрбір қыз бала істей білуі керек. Қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрлерін бүгінде дамытуымыз қажет.  Қолөнер қыз баланы төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке үндейді, жандүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді. Міне, бір ғана құрақ құрау арқылы біз бала тәрбиесіне де көп көңіл бөлеміз. Осы қолөнеріміз ұмыт болып кетпесін деген оймен Балпық би кентінен шағын цех аштық. Отбасылық кәсібіміз бүгінде өз жемісін беріп келеді. Ең бастысы, халықтан сұраныс бар. Сол қуантады, – дейді қолөнер иесі. 

Қолөнерге жастайынан жақын болған Гүлзат алғашында 2 жылдай жалдамалы жұмысшы болып еңбек еткен. Ол цехта жүн жуып, мақта түтіп, көрпе тігетін техниканың тілін меңгеріп, мол тәжірибе жинақтаған. Араға біраз уақыт салған соң басшылары басқа қалаға көшетін болғандықтан кәсіпті сатылымға қояды. Бар өмірін қол-өнермен байланыстырған Гүлзат Нүсіпхан жолдасы Темірбек Әпсеметпен дайын кәсіпті сатып алады. Міне, сол сәттен бастап ол түрлі істің басын бір арнаға біріктіреді. 

Отандық өнімді сатылымға шығаруды мақсат еткен ол бірінші құрақ көрпенің арнайы қабын сатып алады. Ішіне жүн, мақта салып, сату ісін бастайды. Бүгінде оның құрақ көрпесін сатып алушылардың саны артқан. Құрақ көрпелердің матасына, оюына, құрағына байланысты 10 мың, 25 мың теңге аралығында сатылады. Ал жас жұбайларға арнайы тігілетін махаббат көрпесінің сапасы жайлы шағым айтқан бірде-бір тұтынушы болмаған. Осыдан-ақ өз ісінің білгірі жұмыстың бабын тауып, санға емес, сапаға еңбек етіп жатқандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар, Гүлзат жастықтың, құрақ көрпенің ішіне салынған жүнді жуу, кептіру жұмысымен де айналысады. Оның айтуынша, қазір Көксу ауданынан ғана емес, басқа да елді мекеннен тапсырыс берушілер көп. Ол бүгінде 4 адамды тұрақты жұмыспен қамтып келеді. 

– Қазақтың қара шаңырағында міндетті түрде ұлттың қолөнер бұйымы тұруы тиіс. Қазақтың қазақ болуы салт-дәстүрден, ұлттық құндылықтан бастау алатынын ұмытпауымыз керек. Әсіресе, қыз баланың жасауына міндетті түрде құрақ көрпе қосылуы керек. Біз жас жұбайларға арналған махаббат көрпесіне арнайы құрылғымен түрлі ою-өрнек салып даярлаймыз. Ең бастысы, барлығы шын ниетпен, таза махаббатпен жасалады. Көктем кезінде қой малын өсірушілерден мол қылып жүн сатып аламыз. Оны жуып, кептіріп, тазалап, түтіп таза өнім аламыз. Тапсырыс берушілердің таңдауына қарай мақта да қолданамыз. Арзанқол синтепон көрпелер алғанша қойдың таза жүнінен, қымбат матадан тігілген бұйымды алып, денсаулықтың да қадірін түсінген дұрыс деп есептеймін, – дейді кәсіпкер.  

Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғарар еді. Ол арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын, сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ тани түсесіз. Сондықтан да ұлттық құндылықты құлдыратпай, дәріптей түсейік. 

Еңлік КЕНЕБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

Талдықорғанда Сабантой мерекесі атап өтілді

16.06.2025
Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

Талдықорғанда үздік медицина мамандары марапатталды

16.06.2025
Бақыттың кілті өз қолыңда

Бақыттың кілті өз қолыңда

15.06.2025
Қарасаздың Қарлығашы

Қарасаздың Қарлығашы

15.06.2025
«Жетісудың» жүрегі

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.