Талдықорған: +6°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Атадан тал қалсын

28 қараша 2016
ЭКОНОМИКА
Атадан тал қалсын
WhatsAppTelegramFacebook

«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген тәмсіл бар. Шалғай ауыл тұрғыны Мұхтар Найманханұлының жасы биыл 67-де. Алайда ол болдым-толдым деп қарап отырған жоқ. Ауыл шетінде өз қолымен отырғызған алмабақты күтіп-баптайды. Жаны жайсаң, қолы ашық аға жемісін ауылдастарымен, кезінде бірге жұмыс істеген әріптестерімен де бөліседі.

Кезінде көп ауылда жайқалған алмабақ болғанын аға буын өкілдері жақсы біледі. Бірақ сол кездері Үңгіртас ауылының бір бөлімшесі болған Самсыға ондай бақ бұйырмады. Тоқсаныншы жылдардың басында Самсы ауылы Үңгіртастан өз алдына жеке бөлініп шыққанымен тұрғындардың жағдайы түзеле қоймады. Шаруасы шатқаяқтаған «Қастек» қой кеңшарының құрамынан шығып, жаңадан құрылған Самсы кооперативін басқаруға келген Мұхтар Шынтеміров 1996 жылы алма бақ егуді ұйымдастырады. Таңдаулы сорттардың көшеттері 4 гектар жерге отырғызылады. Алайда қызмет бабымен басқа жаққа кетіп, араға жылдар салып қайта келгенде ағаштары оталып, қоршауы сөгілген күтімсіз бақтың кейпін көріп қынжылады. Оны қайта қалпына келтіруді ойлайды. Осында он жыл ауыл әкімі болған уақыттары жерлестерін бақ егуге үнемі үгіттеумен болды. Өзі алғашқы талын тіккен сол төрт гектарды ақыры қайта қолға алды. 
Мұхаң бүгінде «Ғалым» шаруа қожалығының иесі. Бағында екі мың түп ағаш жайқалып тұр. Алманың «Апорт», «Айдарлет», «Семиреченский», «Золотой превосходный», «Американка» сияқты сорттары биыл мол өнімге кенелтіпті. Бақты балаша мәпелеп-күтеді. Жылына үш рет дәрілеу, үш рет суару, тыңайтқыш сіңіру, көктемде бұтап, діңін әктеу сияқты қажетті жұмыстарды ерінбей-жасайды. Өзімен қоса екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Соның нәтижесінде алмасы дәмді, шырынды. Зиянкестен, құрттан аман. Былтыр ағаш гүлдегенде үсік шалып, өнім ала алмағанымен биыл алмаға ағайын-туыс, дос-жаранға дейін қарық болды. Сұрап келген қаншама ауылдас дәмі тіл үйірер өнімді ақысыз алып, алғысын жаудырды. Кейбір ағаштың бұтағы жемісінің салмағын көтере алмай сыныпта кетіпті. Сегіз жылдық жас бақтың әр түбі орта есеппен жүз келі алма бергенін айтады бағбан. Піскен өнімді жинап, қорапқа салып, реті келгенше өткізуде. Ауылдастарын әлі де бақ егуге үгіттейді. Ауданның Құрметті азаматы қазір селолық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы. Түрлі шаруашылықта, мемлекеттік қызметте 42 жыл абыроймен еңбек еткен бай тәжірибесін осылайша ел қажетіне жұмсап жүр. 
Мұхаңның жары Жұмакүл апай еріне серік. 40 жыл мектепте биология пәнінен сабақ берген ардагер ұстаз бұл істің нағыз маманы. Жоғары білімді жандар бағбандықты ғылымға, саладағы соңғы жаңашылдыққа сүйене отырып жүргізеді. Жарасымды жұп екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіріп, ұлдарын ұяға, қыздарын қияға қондырды. Балаларының әрі сыртта, жоғары білімді, әрқайсысының өз қызметі бар. Олардан он бес немере сүйіп отыр. Демалыс күндері бала-шаға қара шаңырақта бас қосып, ата-аналарының үйін мәре-сәре етеді. Кішкентайлардың алма бақта асыр салып ойнағанына үлкендер мәз. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген осы да.

Самсы ауылы,
Жамбыл ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.