Талдықорған: +27°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Ауқымды жоба – арзан қуат көзінің кепілі

14.01.2025
ЭКОНОМИКА
Ауқымды жоба – арзан қуат көзінің кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылғы Қазақстанда атом электр стансысын салу жөніндегі референдумға дайындық кезеңінде мамандар мен ғалымдардың болжамы, пайым-пікірі, тұжырым  біраз жұртты ойландырып тастады.

Қазіргі қарқынмен бұл бағытта қарекетсіздік жасасақ, таяу жылдары елімізде электр қуатынан тапшылық тартуымыз ғажап емес. Оған ең алдымен техника мен технологияның жылдам үрдіспен дамыған заманында көптеген фактор себеп болатын сыңайлы. Алайда бәріміз жабылып, «Салсақ, салайық» деп пәтуаласқан атом электр стансылары кем дегенде 15 жылдан кейін дайын болып, қуат тарата бастамақ. Ендеше арзан қуат көзін өндіретін басқа да мүмкіндіктерді неге іздестірмеске?! Мысалы, жел генераторларын көбейтуге болмай ма? Сол сияқты жергілікті жерлердегі табиғи ресурстарды пайдаланып, шағын су электр стансыларын салуды неге қолға алмасқа?!..

 Бұл бағытта Панфилов ауданында алғашқы қадам жасалған. Қорғас өзеніне 2010-2014 жылдары салынып, 2021 жылы пайдалануға берілген «Нұр-шырақ» шағын су электр стансысы сөзіміздің дәлелі. Оған Санкт-Петербург қаласындағы «МНТОИНСЭТ» компаниясынан сатып алынған, әрқайсысының қуаттылығы 0,5 киловатты құрайтын 4 агергат орнатылған. Бұл құрылғылар Қорғас өзені ағынының орташа жылдық көрсеткіші кезінде жылына 9,85 миллион киловатт электр қуатын өндіре алады.

Жобалап айтқанда, шағын су электр стансысы толық қуатында жұмыс істегенде Қорғас өзені жағалауына орналасқан Басқұншы ауылдық округі халқын түгел және «Қорғас шегара маңы халықаралық ынтымақтастығы орталығын», «Нұр жолы» өткізу бекетін, «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы Құрғақ айлақ, Индустриялық және Логистикалық орталықтар мен Нұркент ауылын электр қуатымен қамтамасыз етпек.

Сол сияқты Панфилов ауданында Шежін, Тышқан, Өсек, Бұрақожыр сияқты таудан бастау алатын ағысы арынды өзендерге осындай шағын су электр стансыларын салса, бүкіл аудан тұрғындары мен кәсіпорындарын жергілікті арзан қуат көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік болар еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қиын-қыстау жылдарда Шежін мен Өсек өзендерінің басына шағын су электр стансылары салынып, өңірдің бірнеше ауылын жарықпен қамтамасыз еткенін білеміз. Кейін олар қажетсіз болып, жойылған соң да бұл мәселе сонау кеңес кезеңінен айтылып, кезінде Өсек өзені басына тоғыз каскаттан тұратын су электр стансысын салудың жаңа жобасы да жасалғаны есімізде. Өкінішке қарай, Өсек өзеніне су электр стансысын салу мәселесі іске аспай-ақ қойды.

Соңғы жылдардағы өңірдегі жаз маусымында егін суаратын су тапшылығы осы аталған өзендерге тоспа салып, су қоймаларын салу жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойып отыр. Жылдан жылға ағын судың азайюы көптен көкейде жүрген мәселелердің қолға алынуын жеделдетуде. Ендеше, су қоймасы салынған жерде электр стансысын  салу, өзінен  өзі сұранып тұрған оңтайлы мүмкіндік емес пе?! Сөйтіп, екі қоянды бір оқпен атудың сәті түспей ме?!

Бұл бір. Екіншіден күннің көзі шуақты, табиғаты тамаша өңірдегі «Қорғас – Шығыс қақапасы» АЭА индустриялық орталығында соңғы бірнеше жылдан бері салына бастаған өндіріс орындары қатарында «Майами Solar» ЖШС күн нұры арқылы электр қуатын өндіретін батареялар шығара бастады. Жобаның жалпы құны 1,1266 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорынға Панфилов ауданының жер қорынан «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА пайдалануға 1 гектарға жуық жер бөлген. Жобаның жылдық өнім өндіру қуаты 200 меговатт.

Нақтылап айтқанда, әрқайсысы 550 Вт 363 635 күн батареяларын шығара алады. Инвесторлар жаңа кәсіпорында жалпы 46 жұмыс орнын жасақтап, соның өндіріс ерекшелігіне сәйкес арнайы мамандыққа оқытылған 35 жергілікті азаматқа беріп отыр. Отандық нарықта сапалы өнім өндіру қуатымен өткен жылдың қорытындысында жеңімпаз атанған компания ҚР Президентінің «Озық өндірісті кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығына ие болды.

Бұл кәсіпорын американдық озық технологияға сәйкес ай сайын әрқайсысы 8 мегаватт электр қуатын өндіретін күн панелдерін жасауда. Бұлар өткен жылдан бастап инвесторлармен жасалған келісімшартқа сәйкес өз өнімдерін АҚШ пен Өзбекстанға жөнелтуде. Жыл соңына дейін өндірген өнімдерінен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде пайда тапқан көрінеді.

Ал енді осы кәсіпорынның өндірісін алғашқы ойымызбен сабақтастырсақ, «Шамның жарығы түбіне түспейді» демекші, жергілікті халық іргеде тұрған жаңа зауыт өнімдерінің игілігін неге көрмейді?! Отанымызда өндірілген өнімнің пайдасын  қолжетімді бағада алдымен өз еліміз көргені жөн емес пе?!

Қазіргі ақпарат тасқынында айтылып жүрген деректерге сенсек, осы күн сәулесінен электр қуатын өндіретін батареялармен үйінің шатырын жауып алып, автономды қуат көзін пайдаланып отырған елді мекендер де бар көрінеді. Ал енді малшылардың күн нұрынан қуат өндіретін батареяларды сатып алып, шалғайдағы қыстаулар мен жайлауда үйін түнде жарықтандырып, күнделікті теледидарын тамашалап отырғанын көріп жүрміз.

Ендеше осы қуат көзі Жаркент өңірінің тұрғындарына, қала берді бүкіл Жетісу аймағының жұртына тиімді болар деген ойдамыз. Іргеде тұрған өндіріс орынында жасалатын арзан қуат көзін өндіретін халық «Күн төк» деп атап кеткен батареялар жергілікті тұрғындарға қолжетімді бағада сатылса деген тілегіміз бар. Орындалса игі…

 Мырзағали Нұрсейіт

Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.