Талдықорған: +24°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

АУДАНДАРДА ДӘРІГЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 250 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ТӨМЕН

20.06.2021
ЭКОНОМИКА
АУДАНДАРДА ДӘРІГЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 250 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ТӨМЕН
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық мәслихаттың денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және мәдени мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Римма Салықова ашып, жүргізді. Күн тәртібінде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков баяндады. Бірінші кезекте баяндамашы 2020 жыл қорытындысымен таныстырып, 2021 жылға арналған жоспарға тоқталды.

– Облыста медициналық қызметкерлердің орташа жалақысын көтеру бойынша Президент тапсырмасы орындалуда. Дәрігердің орта жалақысы 277 143 теңгені құрайды. Бірақ, Кеген және Алакөл аудандарында дәрігерлердің жалақысы 250 мың теңгеден төмен. Мемлекеттік бағдарламаның негізгі көрсеткіштерінің бірі – АИТВ-мен ауыратын адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту болып табылады. Облыс бойынша қамту 70 пайызды құрады, – деген Өмірзақ Әділсейітұлы жоспар бойынша әр пунктке тоқталды.

Баяндамашының айтуынша, кейбір мәселеде жоспар орындалса, енді бірінде орындалмаған екен. Мысалы, күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейі 73 жасты құрағанымен КОВИД-19-дан өлімнің жоғары болуына байланысты индикатор орындалмады.

– Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаның 18 негізгі көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша бесеуіне қол жеткізілмеді. 2019 жылы 16 өзін-өзі өлтіру жағдайы тіркелсе, 2020 жылы – 14 жағдай, – деген баяндамашы медициналық мекемелердің медициналық техникамен жабдықталуына тоқталды.  

Нақтыласақ, денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымының жыл сайын жақсартылуына, медициналық мекемелердің пайдалануға берілуіне, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізілуіне қарамастан облыс бойынша медициналық мекемелер ғимараттарының тозу деңгейі 49,2-ні құрап отыр.  

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі индикаторы – бұл күтілетін өмір сүру ұзақтығы. Осы индикаторды 2025 жылы 74 жасқа жеткізуге көтеру бойынша қойылған міндеттерді орындау үшін бес бағыт бойынша жұмыс жүргізу  қажет. Яғни, жарақат алу, улану және жазатайым жағдайлардан, миокард инфарктынан, инсульттан және онкологиялық аурулардан өлімді төмендету бойынша жол карталарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруымыз қажет.

Денсаулық сақтау саласындағы шешімін таппай отырған мәселенің бірі – кадр тапшылығы. 2020 жылы облыста әртүрлі мамандықтар бойынша 381 дәрігер жетіспеді. Оның ішінде 57 жалпы тәжірибелі дәрігер, 27 акушер-гинеколог, 25 анестезиолог-реаниматолог және тағы басқалары бар.

– Мәселені шешу мақсатында өткен жылы аймаққа 206 интерн және 99 резидент келді. 2019 жылдан бастап жергілікті бюджет қаржысы есебінен еліміздің медициналық жоғары оқу орындарында 127 резидент оқиды. Олардың 17-і ағымдағы жылы жұмысқа келеді. Өткен жылы Кербұлақ және Райымбек аудандарына бірде-бір жас маман келмеді. Дәрігерлер тапшылығын шешу жолдарының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы бағытта облыс бойынша өткен жылы  жергілікті әкімдіктер 104 пәтер және үй бөлді, – деді Ө. Әділсейітұлы.

Талдықорған қаласында 200 төсектік модульдік инфекциялық аурухана, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында бір кезекте 100 келушіге арналған әйелдер консультациясы бар 100 төсектік перзентхана, 10 дәрігерлік амбулатория және Көксу ауданының Айнабұлақ ауылында медициналық пункт салынды. Жалпы, құрылысқа 12,0 млрд. теңге бөлініп, 11,9 млрд. теңге игерілді. Сонымен қатар, 7 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» шеңберінде 4 нысан.

Заманауи медициналық аппаратпен қамтамасыз ету мақсатында 2 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты, 219 өкпені жасанды желдету аппараты, 100 оттегі концентраторы, 180 «жедел жәрдем» машинасы, 12 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.  

2021 жылға жоспарға тоқталған баяндамашы: «Жергілікті бюджет есебінен Балқаш аудандық орталық ауруханасына 1,0 млрд. теңгеге сейсмокүшейту жұмысы жүргізіліп жатыр. Одан бөлек, 3 нысанға 1,4 млрд. теңгеге күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 16 нысанның жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлінді. Оның ішінде 9 нысанның құрылысын салу, 7 нысанға күрделі жөндеу жүргізу көзделуде», – дей келе инсульттік қызметті дамыту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

Яғни, Талдықорған қаласында 3-ші деңгейлі инсульттік орталық ашу мәселесі көтерілді. Ангиограф сатып алу, нейрохирургтарды оқыту, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы базасындағы III деңгейлі инсульттік орталықты оңалту құрал-жабықтарымен жарақтауды жақсарту, ауыстыру,  Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы инсульттік орталықтың невролог дәрігерлерінің біліктілігін арттыру мәселесі де басты назарда.

Жиын соңында өлім-жітімді төмендету және қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтау үшін облыстық көпсалалы клиникаға цифрлық маммограф алу, МСАК ұйымдарын колоноскоптармен қамтамасыз ету керектігі айтылды.

Еңлік АРЫҚБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026
Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жетісуда жел күшейеді: 2 мамырға арналған ауа райы болжамы

02.05.2026
Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

Талдықорғанда жоғалған 10 жастағы бала екі тәуліктен кейін табылды

02.05.2026
Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

Оқушылардың денсаулығы бақылауда: Қазақстанда ауқымды зерттеу басталды

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.