Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастамақ

28 қараша 2023
ЭКОНОМИКА
Қазақстан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастамақ
WhatsAppTelegramFacebook

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасының төрағасы Юй Цзяньхуамен кездесті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Қазақстан мен Қытай арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымын арттыру мәселелері талқыланды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, екі мемлекет сауда ынтымақтастығын дамытудың, әсіресе ауыл шаруашылығы саудасының зор әлеуетіне ие.

Сондай-ақ министр мұздатылған ет, құс шаруашылығы өнімдері мен малға, майлы және дәнді дақылдарға қосымша Қытайға салқындатылған сиыр еті мен шошқа етін жеткізуде республиканың мүмкіндігі мол екенін атап өтті. Бұл екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің едәуір ұлғаюына ықпал етеді. Бұл үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларын болдырмау мақсатындағы жұмыстарды ел аумағында белсенді түрде жалғастырып жатыр. Сондықтан қытайлық тарапқа қолайлы аймақтардан ет экспортын бастау ұсынылды.

Юй Цзяньхуа мырза Айдарбек Сапаровқа тәуекелдерді бағалаудың және қазақстандық сиыр етін, шошқа еті мен құс етін жеткізуді қайта бастау үшін шектеулерді алып тастаудың соңғы кезеңі жөнінде айтты. ҚХР Бас кеден басқармасы мамандарының Қазақстанға сапары биылғы желтоқсан айына жоспарланған.

Қазақстанның ветеринарлық қызметті бағалау қорытындысы бойынша қытай тарапы қолданыстағы шектеулерді алып тастау мүмкіндігін қарастырып, Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауды қайта бастауға дайын. Бұдан бөлек, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Юй Цзяньхуа Айдарбек Сапаровты Қытайға шақырды.

Айта кетейік, 27 қарашада Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің отырысы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы Қазақстаннан Қытайға сүйекті дақылдардың (шабдалы және өрік) экспорттық партияларына қойылатын фитосанитарлық талаптар жөніндегі хаттамаға қол қойды.

Еске сала кетсек, биыл ҚР мен ҚХР арасында АӨК саласындағы өзара сауда көлемі 70% өсіп, 1 млрд доллардан асты. Экспорт 811,1 млн долларға, импорт 197,4 млн долларға жетті.

Фото: АШМ баспасөз қызметі

Қатысты жаңалықтар

Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Бүгін, 11:04
Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бүгін, 11:01
Тіршілігі түлеген құтты мекен

Тіршілігі түлеген құтты мекен

Бүгін, 10:21
«Үштөбе орман шаруашылығы» қызметкерлері өз таңдауларын жасады

«Үштөбе орман шаруашылығы» қызметкерлері өз таңдауларын жасады

Бүгін, 10:15
Сарқанда «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы өз таңдауын жасады

Сарқанда «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ұжымы өз таңдауын жасады

Бүгін, 09:56

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.