Талдықорған: +34°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қазақстандағы мұнай-газ саласына 125 жыл: салық түсімінің 40%-ы осы секторға тәуелді

02.09.2024
ЭКОНОМИКА
Қазақстандағы мұнай-газ саласына 125 жыл: салық түсімінің 40%-ы осы секторға тәуелді

Қазақстанда мұнай-газ саласының қалыптасқанына 125 жыл толып отыр. Елдегі мұнай тарихы 1899 жылы Атырау облысынан басталады. Содан бері қара алтын отандық экономиканың жетекшісі саласына айналды.

«Шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау басты алғышарт болды. Бұл Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты бірқатар ірі жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Аталған жобалар халықаралық ынтымақтастықтың символына және Қазақстанның жаһандық экономикаға табысты интеграциясының үлгісіне айналды.

Мұнай-газ кешенінің барлық қызметкерлерін Қазақстан мұнайының 125 жылдығымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, дендеріңізге саулық  және кәсіптеріңізге табыс тілеймін. Әрқашан ел іргесі бүтін, аспанымыз ашық болсын!» – деді сала қызметкерлерін құттықтаған ҚР Энергетика министрлігі Алмасадам Сәтқалиев.

Орташа жалақы – 700 мың теңге

«Enerjy Monitor» шолуына үңілсек, Қазақстан мұнайы мемлекет қазынасына (бюджет пен Ұлттық қорға) түсетін барлық салық түсімдерінің 40%-ын (жылына 8 триллион теңгеден астам) құрайды.

Осы салада орташа жалақысы 700 мың теңге (жылдық еңбекақы қоры – 2 триллион теңге) 240 мың жұмыс орны (мұнай компанияларының штатында – 60 мың, мұнай сервистік компанияларда – 180 мың) бар.

Бұл сектордағы жыл сайын тауарлар мен жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі 6 триллион теңге шамасында (60%-дан астамы ел ішінде қалады).

Мұнай экспорты төмендеді

Kursiv Research ел экспортының негізгі бағыттарындағы өсу және күйзеліс көрсеткіштерін саралай отырып, экспорт көлемі төмендегенін аңғарды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2024 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында ҚР тауарларының экспорты құндық мәнде 1,9%-ға қысқарған. Яғни экспорт нарығында былтыр белең алған төмендеу тенденциясы әрі қарай жалғасуда. 

2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР тауар экспортынан түскен ақшалай ағын 18,5 млрд долларды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,9%-ға аз көрсеткіш. Әдетте Қазақстанның жиынтық экспортының өсіп, төмендеуі – отандық нөмір бірінші экспорттық өнім – «қара алтын» сату нәтижесіне тікелей тәуелді. 

Мұнай өндірушілер экспорттық түсімдерді «қара алтынды» жеткізу көлемін қосымша 1,3 млн тоннаға (+7,5%) ұлғайту есебінен арттыра алды. Бірақ мұнай өндіру деңгейінде еш өзгеріс болған жоқ. Еліміздегі мұнай өндіру деңгейі негізгі үш мегажобаға тәуелді десек, сол жобаның бірі Қашағанда қарқын төмендеп қалғаны байқалды.

ОПЕК мұнайға сұраныс артатынын болжайды

ОПЕК ұйымы биыл әлемде мұнайға деген сұраныс артады деп болжайды. Жыл соңына қарай сұраныс тәулігіне 2,2 миллион баррельге артып, 104,46 миллион баррельге дейін жетуі ықтимал. Бұған дейін АҚШ Энергетика министрлігі Қазақстанның мұнай өндіруге қатысты болжамын төмендеткен болатын. Ведомствоның шілде айындағы болжамына сәйкес, 2024 жылы Қазақстанда тәулігіне 1,92 млн баррель сұйық көмірсутегі өндіріледі. Маусымда бұл көрсеткіш тәулігіне 1,95 млн баррель болған. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне сәйкес жыл басынан бері асыра орындаған мұнай өндіру көлемін біртіндеп өтеуге тиіс.

Айта кетейік, 30 тамызда Бейжіңде Энергетика министрі А. Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация қытайлық CNPC және State Power Investment компанияларының басшылығымен кездесті. Тараптар Қазақстаннан Қытайға газ экспорттау мәселесін талқылады.

Ред: Мақала kursiv.media-дан алынды

Фото: musavat.com

Қатысты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025
Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.