Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Қазақстаннан өтетін транзиттік жүктің 50% астамы Ресейден келеді – Көлік министрі

21 қараша 2023
ЭКОНОМИКА
Қазақстаннан өтетін транзиттік жүктің 50% астамы Ресейден келеді – Көлік министрі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда жыл соңына дейін темір жолмен жүк тасымалдау көлемі 300 млн тоннаға жетеді. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, еліміздің географиялық орналасуы транзиттік әлеуетті дамытуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

«Биылғы 10 айда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 200 млн 46 мың тоннаны құрап, 3%-ға өсті. Жыл соңына дейін шамамен 300 млн тонна жүк тасымалданады. Қазіргі уақытта теміржол көлігі экономиканың экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етеді», — деді М. Қарабаев бүгінгі Үкімет отырысында.

Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны құрап 8, 5%-ға өскен.

«Транзиттік тасымалдар да белсенді қарқынмен дамуда. 10 айдың қорытындысы бойынша транзиттік жүк тасымалдау көлемі 19%-ға өсіп, 22 млн 500 мың тонна болған. Бұл ретте контейнерлік тасымалдар 15%-ға ұлғайды. Жолаушыларды тасымалдау көлемі 2,5%-ға артып, 16 млн 600 мың жолаушыны құрады. Президенттің елдің көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тапсырмасы шеңберінде транзиттік тасымалдарға ерекше назар аударылуда», — деді Көлік министрі.

Контейнерлік тасымалдардың 2022 жылғы көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 29%-ға артты. Ал биылғы өсу қарқыны 15% деңгейінде сақталып отыр. Транзиттік жүктердің негізгі бағыттары – Қытай мен Ресей. Ресейден келетін жүктер дәстүрлі транзиттің 50%-дан астам көлемін алады.

«Дегенмен, соңғы жылдары Қытайдан Еуропа және көршілес елдерге Қазақстан арқылы жөнелтілетін транзиттік жүк көлемі едәуір артып, Қытай Халық Республикасының қазақстандық транзиттік тасымалдаудағы үлесі 27%-ға дейін ұлғайды. Ол тиісінше, 6 млн 200 мың тоннаға тең. Бұл ретте біздің негізгі міндетіміз – трансқазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттырып, экономика мен халықаралық транзит қажеттілігін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету», — деді М. Қарабаев.

Фото: Үкімет

Қатысты жаңалықтар

Алакөл ауданында «Тенгри» ЖШС ұжымы дауыс берді

Алакөл ауданында «Тенгри» ЖШС ұжымы дауыс берді

Бүгін, 11:42
Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бейбіт Исабаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін, 11:42
Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Мәслихат сайлауы: Зауыт жұмысшылары Панфилов ауданының индустриялық дамуын қолдады

Бүгін, 11:04
Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бірлік пен белсенділік – ел дамуының негізі

Бүгін, 11:01
Тіршілігі түлеген құтты мекен

Тіршілігі түлеген құтты мекен

Бүгін, 10:21

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.