Талдықорған: +6°C
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Баға тұрақталып қалды

14 қазан 2017
ЭКОНОМИКА
Баға тұрақталып қалды
WhatsAppTelegramFacebook

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың қатысуымен өңірдегі жанар-жағармай бағасының көтерілуіне байланысты туындаған мәселелер сөз болды.

Шараға облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алимжан Тохтасунов, облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Қанағатов, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Тұрсынбай Галинов қатысып, журналистердің сұрағына жауап беріп, қалыптасқан жағдай туралы ойларымен бөлісті.
– Елімізде, соның ішінде облысымызда жанар-жағармай тапшылығы сезілуде. Оның түрлі себебі бар. Мұндай жағдай Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына уақытша тоқтатылғандықтан туындап отыр. Десе де, осындай келеңсіздіктер туындай қалса жұрт арасында орынсыз жағдайдың бірден белең алатыны белгілі. Осы жолы да күнделікті нормадан асыра бензин сатып алуға ниеттенген тұрғындар тарапынан келеңсіз жайлар орын алды. Айта кетерлігі, күнделікті жағдай қатаң бақылауда. Қазір Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытынан өңірге жеткілікті жанармай қорын тасымалдау ісі қолға алынды. Демек, көп уақыт өтпей орын алған жағдай қалпына келеді деген ойдамыз, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов.
Бәрімізге аян, 4 қазаннан бастап өңірдегі бензиннің бағасы көтеріле бастады. Сол күндері 152-153 теңгеден сатылған жанармайдың бағасы 159 теңгеге дейін көтерілді. Облысымызда жанар-жағармай сататын 335 бекет бар. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы 19 аудан мен қаладағы кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесіп бағаны реттеу мен бензин тапшылығын жою бағытында белсене жұмыс істеуде. Облыс орталығы Талдықорған қаласы бойынша жанар-жағармай сататын 28 бекет болса, оның 25-інде бензин тек талонмен ғана берілуде. Осы аптада «Синойлдың» 1, «Казпромнефтьтің» 3, «Наройлдың» 1, тағы да басқа жанар-жағармай сату бекеттерінде бензин белгіленген уақыт бойынша сатылып отырды. 
Жанар-жағармай бағасының аяқастынан көтеріліп шыға келгенінің басқа да себебі бар екен. 
– Бүгінгі күні еліміздегі   Павлодар мұнай өңдеу зауытының  уақытша жөндеуден өтуіне байланысты, қазір тек біздің қаламызда ғана емес, барлық облыстарда осындай жағдай орын алуда. Осыған  байланысты Талдықорғанда жанар-жағармай тапшылығы сезілуде. Бүгінгі күні қаламызда 28 жанар-жағармай сату бекеті тіркелген. Оның ішінде бензинді үздіксіз сатып жатқан «Газпромнефть» бекеті. Осы кәсіпорынның қаламыз бойынша үш нүктесі бар. Ол жерлерде бензин еш кедергісіз сатылуда. Ал 25 бекетте бензин талон арқылы беріліп жатыр, –  дейді облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алимжан Тохтасунов.
Қазір Талдықорған бойынша тек «Газпромнефть» жанар-жағармай сату бекетінде сұйық отын еш кедергісіз сатылып жатыр. Өйткені, олар бензинді Ресейден тасымалдап отырғандықтан бензин тапшылығын сезіне қойған жоқ. Сенбі, жексенбі күндері аталған жанар-жағармай құю бекетіндегі кезек жүздеген көлікке жетсе, апта басталысымен мұндай кезек болған жоқ. Сөз кезегінде облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Қанағатов қатты және сұйық отынның жоспардағыдай дайындалып отырғанын, бұл тарапынан ешқандай қиындықтың жоқ екенін жеткізді. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Тұрсынбай Галинов бензин бағасының көтерілуіне орай туындаған зат бағасындағы қымбатшылықтың алдын алу жөнінде жұмыс істеліп жатқанын тілге тиек етті. 

Қажет АНДАС.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды

29 қазан 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

28 қазан 2026
Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

Талдықорғанда жаңа автобустар жүреді

28 қазан 2026
Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

Жетісуда еріктілер ағаш отырғызып, ең ұзын көшені тазалады

28 қазан 2026
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі

28 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.