Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

22.08.2024
ЭКОНОМИКА
БЕЙБІТ ИСАБАЕВ ҚАРАТАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Кездесуде облыс әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Соның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, инженерлік инфрақұрылымдар мен әлеуметтік салаларды дамыту мәселелеріне тоқталып, қолға алынған жобалардың іске асырылу барысы жайлы баяндады. Ауданның әрбір саладағы жетістіктері мен кемшіліктерін саралай келе, Бейбіт Исабаев орынбасарларына аудан әкімдігімен және тиісті басқармалармен бірлесіп, бөлінген бюджет қаражатын уақытылы, сапалы игеруді, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орын алған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Сол сияқты облыс басшысы өткен жылғы кездесуде аудан тұрғындары көтерген 7 мәселенің 5-еуінің шешімін тапқанына, 2-іне қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанына тоқталды.

— Атап айтқанда, тұрғындар өтініші бойынша Үштөбе қаласының тұйық көшелеріне газ жүйесі тартылды, табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. «Қаратал-Саяжай» саяжай постына жарықтандыру мақсатында демеуші есебінен күн панелі орнатылды. Ауданда қант қызылшасы бағытында тағы бір сервистік-дайындау орталығы ашылды. Үштөбе қаласындағы «Шаңырақ» ш/а, № 9 көп пәтерлі тұрғын үйдің маңынан балалар ойын алаңы салынды. Ал Төле би көшесін жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 35,8 млн.теңге бөлініп, жұмыстар басталды. Алдағы қараша айында көшеге жарық беріледі. Тұрғындар айтқан 2 мәселе — Көпбірлік ауылындағы Аққайыр каналын тазалау мен аудан орталығына кітапхана мен архив ғимараттарын салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді Б. Исабаев.

Облыс әкімінің баяндамасынан кейін кездесуге келген тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, оннан астам адам елді мекендерге мәдениет үйі, спорт кешені, балалар ойын алаңы сияқты әлеуметтік нысандар салу, интернет байланысын жақсарту, ауыл жолдарын, суару каналдарын жөндеу мәселелеріне қатысты сауал қойды. Сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кейбір өзекті мәселелердің шешімін қарастыру жөнінде тиісті лауазымды тұлғаларға міндеттер жүктелді.

Осы күні облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданының тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың көтерген мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу, қант қызылшасын өсіруге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер алу, арық жүйесін тазалау сияқты мәселелерін тыңдап, олардың шешіміне қатысты аудан басшылығына нақты тапсырмалар берді.

Сол сияқты Бейбіт Исабаев Қаратал ауданына барған сапарында бірқатар құрылыс нысандарына барды. Алдымен Қаратал ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратында болып, нысанның күрделі жөндеуден кейінгі жаңа кейпімен танысты, жасалған құрылыс жұмыстарының сапасын көрді. 1982 жылы салынған бұл ғимаратқа күрделі жөндеу жасау үшін бюджеттен 397 млн. теңге бөлінген болатын. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары биылғы жылдың маусым айында аяқталды, жуырда қолданысқа беріледі.  

Мұнан соң облыс басшысы аудандық орталық аурухана блоктарының күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жоспар бойынша «А» блогының жөндеуі осы жылдың қазан айында аяқталады. Ал «В» блогында жұмыстар баяу жүруде. Қазір құрылыс алаңында мердігер мекеменің небары 17 адамы жұмыс істеп жүр. Облыс әкімі мердігер ұйымның сылбыр жұмысын сынға алып, құрылыс мекемесінің басшылығына үш күн ішінде жұмысшылар санын кемінде 40-қа жеткізуді міндеттеді. Жұмыс кестесінен кешігу осылай жалғаса беретін болса, келісімшарт талаптарын орындамағаны үшін мердігерге тиісті шара қолданылатынын қатаң ескертті. Жалпы аурухананың «Б» блогын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.  

Атап өтсек, аудандық аурухананың материалды-техникалық базасын нығайту үшін жыл соңына дейін жалпы құны 642 млн. теңгеден асатын медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.