Талдықорған: +14°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Бидай — Қазақстанның бренді

31.07.2017
ЭКОНОМИКА
Бидай - Қазақстанның бренді
WhatsAppTelegramFacebook

Қарасай ауданы аумағында орналасқан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты  облыстық ауылшаруашылығы басқармасымен және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» акционерлік қоғамының ұжымымен бірлесе отырып, «Егінжай күні» деп аталатын семинар-кеңес өткізді. Алқалы басқосуға өңір және Жамбыл облысы ауылшаруашылық басқармасының басшылары, аудандардағы сала мамандары және шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.

Шараны ұйымдастырушылар келген қонақтарды алдымен ғылыми-зерттеу институтының егіс алқаптарын аралатты. Институттың бас директры Серік Кененбаев өзі бас болып, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ал 62 жылдық еңбек өтілінің 50 жылын бидайдың жаңа сорттарын шығарып, оларды жергілікті жағдайға бейімдеумен айналысып келе жатқан ғалым, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, академик Рахым Оразалиев өзіне қарасты бөлімнің алқаптарында өсіп тұрған бидайдың төзімді әрі мол өнім беретін сұрыптары жайында  баяндады. 
– Жер бетінде шикізаттың бәрі де күндердің күнінде сарқылуы мүмкін, – дейді Рахым Алмабекұлы шешіле сөйлеп. – Қаншама мол болғанымен мұнайдың қоры да бір кезеңдерде таусылады.  Жер-ананың адамдарға берген ырыздығының ішінде бидай ғана мәңгілік қажеттілік болып қалады. «Өзін азық-түлікпен қамтамасыз ете алмаған мемлекеттің жеке бостандығы болмайды» деген тәмсіл де дәлелдеуді қажет етпейді. Сондықтан, біз жоғары технологиялы өндіріс қатарын көбейте отырып, егін шаруашылығын дамытуды естен шығармауымыз өте маңызды.
Ғалым өз жұмысында жердің төл құнары мен табиғи тыңайтқыштарды пайдалануды бірінші кезекке қояды. «Әлемнің дамыған елдері химиялық тыңайтқыштардан бас тартуда. Оларда мемлекет тарапынан берілетін субсидия негізінен осы салаға бағытталған. Бұл Қазақстан үшін де өзектілігін жоғалтқан емес», – дейді ол. Бүгінге дейін институт ғалымдары дәнді дақылдардың 116 жаңа сұрыбын шығарып, өндіріске енгізген. Олардың 85 сорты тек қана бидайға қатысты. Даламыз кең, егіс алқаптары есепсіз болғанымен Қазақстан жері қауіпті егіншілік аймағы болып саналады. Себебі, бізде суармалы егістік көлемі есептеулі, көктен түсетін ылғал да әр жылдары әрқалай.  Сондықтан, тәлімді жерге егілетін бидайдың қуаңшылыққа төзімді әрі мол өнім беретін түрін  шығару бірінші кезектегі мәселе.
Осы орайда, институт алқаптарында шығарылған бидайдың жаңа сұрыптары ылғал аз болған жылдардың өзінде әр гектардан 18 – 22 центнер өнім беруге қабілетті. Бұл өндіріс рентабельділігін қамтамасыз етуге жеткілікті көрсеткіш. Ал ылғал қалыпты болған жағдайда 40 центнер орташа түсім алынса, қар қалың түсіп, жаңбыр мол жауған жылдары 55 – 60 центнер өнім алуға кепілдік бар. Мысалы, жауын-шашын мол болған биыл бидайдың кейбір сұрыптарынан  60 – 65 центнерден астық жиналады деп күтілуде.
Институт жұмысының пәрменділігі  мұнда шығарылған бидайдың 80-нен астам  жаңа сұрыптары  әлемнің 11 мемлекетінде өсіріліп келе жатқанынан-ақ аңғарылады. Әрі жылдан-жылға қызығушылық танытқан елдердің қатары да артып отыр. Ал өзімізде, өзге облыстарды айтпағанда, Жетісу жерінде 26 жаңа сұрып кеңінен пайдаланылуда. Соның ішінде «Қарасай», «Стекловидная – 24», «Богарная» деген сұрыптардың сапасы жоғары, макарон өндірісінде пайдалануға өте қолайлы. Айтса айтқандай, бітік әрі биік болып бой көтерген бидай алқабы қараған адамның көзін тойғызып, көңілін өсіретіндей. Әр шалғайдан келген қонақтар түрлі сұрып жайлы тұшымды мәліметтер алып, оны өсірудың жай-жапсарын білді.   
Семинарға қатысушылар егіншілікке қатысты барлық бағытта жұмыс жүргізетін ғылыми-зерттеу институтының қамтитын саласы кең екеніне көз жеткізді. Бұл жерде бидайдың, тарының, арпаның, сұлының, жүгері мен қызылшаның будандастырылған сұрыптарын шығарумен қатар  дәнді-бұршақ дақылдарының сапалы әрі төзімді түрлерін  зерттеу жолға қойылған. Бөлек-бөлек телімдерде өсіп тұрған софлор, соя,  ноқат, жұмық, майбұршақ, қарақұмық сияқты өнімдер кімді де болса қызықтырарлықтай. 
Әлемдік ғылыми қауымдастықтың бір жетістігі ретінде бағаланатын «Третикале» өнімі  – ХХІ ғасырдың дақылы атағына ие болған. Бидай мен қара бидайды будандастыру арқылы алынған бұл дақыл негізінен мал азығы ретінде  және диеталық тағам дайындауда пайдаланылады. Бір гектар алқаптан 100 центнерге дейін өнім беретін «Третикале» бұдан әлдеқайда аз шығым беретін арпаның орнын алмастыруы әбден мүмкін. Институтта оның 10-ға тарта сұрыбы өсірілуде. Осы және өзге де алқаптарда жайқала өскен дақылдарды институт қызметкерлері – Мұхтар Құдайбергенов, Ғалиолла Мейірман, Айман Омаровалар жан-жақты таныстырып, қонақтардың сауалдарына жауап берді.
Семинар-кеңестің пленарлық отырысында сөз алған  облыстық ауылшаруашылық басқармасының басшысы Сексенбай Бекішев алқалы жиынға келгендерге ауылшаруашылығы дақылдарының бірегей, элиталы және репродукциялы тұқымын өндірудің өзекті мәселелері  туралы өз ойын ортаға салды.  Жиында сол сияқты аталған институттың бас ғылыми қызметкері Рақым Оразалиев «Дәнді дақылдардың жаңа сорттарын өндіріске енгізу» тақырыбында, институттың дәнді-бұршақ дақылдары бөлімінің меңгерушісі Мұхтар Құдайбергенов «Қазақстанда майбұршақ тұқымын өндірудің өндірістік болашағы» турасында баяндамасын жұртшылық назарына ұсынды. 
Күн тәртібіне енгізілген «Республикалық тұқым өндіруші шаруашылықтардың ассоциациясы» құрылтай шартының жобасымен институт директорының орынбасары Шынболат Рсалиев таныстырып, жиналған қауымның ұсыныс-ескертпелерін ескере келіп, аталған бірлестікті құру жайында меморандум қабылдады.  Еліміздің әр шалғайынан келген мамандар мен шаруа қожалықтарының басшылары өздерін толғатқан мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауап та алып үлгерді.  Бір сөзбен айтқанда, айтулы шараға қатысқандар бұл басқосудың елдің ауылшаруашылығын, соның ішінде егіншілікті дамытуға қосар үлесі қомақты болады деген сеніммен тарқасты.

Қуат Қайранбаев

 

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.