Талдықорған: -4°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Былтыр Қазақстанда қандай автокөлік көп сатылды?

28.01.2025
ЭКОНОМИКА
Былтыр Қазақстанда қандай автокөлік көп сатылды?
WhatsAppTelegramFacebook

Былтыр Қазақстанның автокөлік өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,9 триллион теңгеге жетті. 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,8 триллион теңге болған. Өндіріс көлемінің жартысынан көбі Allur зауыты орналасқан Қостанай облысына тиесілі. Бұл туралы  Energyprom.kz сайты хабарлады. 

Қазақстан автокөлік өнеркәсібі өндірісінің басым бөлігі, яғни 1 триллион теңгесі Қостанай облысына тиесілі. Мұнда еліміздің ең ірі автомобиль зауыты — Allur орналасқан. 

Алматы қаласындағы автомобиль өнеркәсібінің өндіріс көлемі – 567,9 миллиард теңге. Бұл қалада Hyundai Trans Kazakhstan және Hyundai Trans Auto автозауыттары істейді. Ал QazTehna автозауыты орналасқан Қарағанды облысындағы өндіріс көлемі 130,6 миллиард теңгеге жетті. Қалған өңірлердің үлесі автокөлік, тіркеме және жартылай тіркеме өндірісінің жалпы көлемінің 10%-ынан астамына тең. 

Автокөлік өнеркәсібі — басты драйвер

Қазақстанның машина жасау саласында автокөлік өндірісі маңызды рөл атқарады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, автоөндірістің машина жасау саласындағы үлесі – 41%, елде өңделетін барлық өнеркәсіптегі үлесі — 8%.

Бұл көрсеткіш өңірлерде одан да жоғары. Мәселен, Қостанай облысында автомобиль өндірісі машина жасау саласының 85,2%-ына, аймақтағы өңделетін барлық өнеркәсіптің жартысына тең. Алматыда автоөндірістің машина жасауда үлесі — 72,3%, мегаполисте өңделетін барлық өнеркәсіптегі үлесі — шамамен 30%.

Алдағы уақытта автомобиль өндірісінің осы салалардағы үлесі одан әрі өседі деген болжам бар. 2024 жылы автомобиль өнеркәсібіне салынған инвестициялар 189,8 миллиард теңгеге жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 21 есе, ал 2023 жылмен салыстырғанда 5,3 есе көп.

Былтыр Қазақстанда қанша автокөлік жасалды?

2024 жылы Қазақстанда 144,7 мың автомобиль өндірілді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 2%-ға аз. Өндірілген көліктердің 63%-ы Allur зауытына тиесілі. Олар бір жылда 90,5 мың транспорт техникасын жасап шығарды. Айта кетері, Allur автозауыты автоөндірістегі үлесін төрт жыл қатарынан 61-63% аралығында көрсетіп отыр. 

Екінші орында Hyundai Trans Kazakhstan алды. Олар 45,4 мың автомобиль (31,4%) өндірген. Олардың бұл көрсеткіші 2023 жылмен салыстырғанда 7,1%-ға аз. Қалған автозауыттар 8,8 мың автомобиль шығарды.

Қанша автокөлік сатылды?

Сектордағы өндірістің аздап төмендегеніне қарамастан, 2024 жылы жаңа, жеңіл әрі коммерциялық 205,1 мың көлік сатылды. Осылай, сатылым 3,2%-ға өсті.

Әсіресе, жылдың төртінші тоқсанында 68,1 мың автокөлік сатылып, рекорд нәтиже көрсетті. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 26,1%-ға және бір жыл бұрынғыдан 12,2%-ға көп. 

Жылдың төртінші тоқсанында жаңа авткөліктерді ең көп сатқан – Allur автозауыты. Осы аралықта нарықта сатылған көліктің 42,6%-ын Allur зауыты сатты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, бұл автозауыттың жалпы үлесі – 38,3%.

2024 жылдың желтоқсанында ғана 25,6 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылып, бір айдағы сатылым бойынша рекорд орнатылды. Желтоқсанда сатылым 22%-ға, ал 2023 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 8,7%-ға артты.

2024 жылы Astana Motorst-тың Hyundai (44,2 мың) және Allur автозауытының Chevrolet (30,9 мың) және Kia (23 мың) көлігі сұранысқа ие болды. Allur-дың Chevrolet Cobalt (26,5 мың), JAC (11,8 мың), Jetour  (9,5 мың) брендтері де жиі сатылды.  

Фото: Energyprom.kz

Қатысты жаңалықтар

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

Өз тарихында тұңғыш рет Суперкубокқа ие болды

08.02.2026
«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

«Жарымжан жарнама»: Мағынасыз маңдайша

08.02.2026
Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

Футбол: «Жетісу» Түркияда жаттығуда

08.02.2026
Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

Алакөл ауданында асыл тұқымды қой шаруашылығы құрылмақ

08.02.2026
Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

Жаркенттік кәсіпкер қой жүнін кәдеге жаратуда

08.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.