Талдықорған: +14°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Екі елдің сауда сарайы

13.04.2018
ЭКОНОМИКА
Екі елдің сауда сарайы
WhatsAppTelegramFacebook

«Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығының құрылысы ҚР мен ҚХР басшыларының бастамасымен бірлесіп жасалған ірі жоба. Мақсат Қытай елімен сауданы жеңілдетуге бағытталған. Ең бастысы, Батыс Еуропа – Батыс Қытай жол жобасын жүзеге асыруда екі мемлекеттің де тасымал әлеуетін дамытуға арналған.

Бүгінде бұл орталықтың әлемде теңдесі жоқ. Ол өндірістік, көліктік әлеуетке капитал жұмсауға, шағын және орта бизнесті барынша табысты етуге кеңінен мүмкіндік береді. Біздің елдің инвестициялық саясатының басымдылығын арттырып, бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді дамыту және құру, сондай-ақ, олардың әлемдік нарықтағы белсенділігін арттыруға қолайлы климат жасайды.
«Қорғас» ШХЫО-ның құрылысы екі бөліктен тұрады. Олар Панфилов ауданында орналасқан қазақстандық және ҚХР-дың Іле-Қазақ автономдық облысы аймағында тұрған қытайлық бөлік деп аталады. Орталықтың жалпы аумағы 528 гектар жерді қамтиды. Оның 185 гектары – қазақстандық, 343 гектары – қытайлық.  Орталықтағы бөліктердің арасында жол қатынасы арнайы көлік, жүргінші өткелдері арқылы жасалған. Арнайы экономикалық аймақта қазір екі ел азаматтары өз мемлекеті тараптарының құзыретті органдары бекіткен әрі мойындаған құжаттардың негізінде виза рәсімдемей-ақ 30 тәулік мерзімге дейін жүре алады. 2016 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан азаматтарына жеке куәлігімен орталыққа кіруге рұқсат етілді. Басқа мемлекеттерден келген азаматтар халықаралық сапарларға арналған құжаттарға сәйкес рәсімделеді.
Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің басшылары келісіп, көздеген басты жобалары мұнда әлі толық тиянақталмаса да «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығында салынып, пайдалануға берілген зәулім сауда орындары қолжетімді арзан, жан-жақты бай тауарларымен отандастарымыз бен шетелдіктерді  қызықтыра бастады. Қазір орталыққа күнделікті кем дегенде бес мыңға жуық адам келіп-кетеді. Демалыссыз таңғы сағат 9-дан кешкі 7-ге дейін жұмыс істейтін орталыққа жергілікті халық автобустармен, таксилермен қатынаса, басқа облыстардан, шетелдерден келетін туристерге Алматы – Қорғас жаңа жол даңғылы мен теміржол қолайлы болып тұр. Сауда-саттық жасайтын саяхатшыларға орталықтың қытай тарапында ішінде 600 дүкені бар, сәнді тон сататын «Кинг Конг» сауда үйі, әрқайсысы кем дегенде 500 дүкеннен тұратын «Чжун Хэ», «Цзянь Юань», «ИУ» сауда орталықтары жұмыс істейді. Қазірше Қазақстан тарапында «Самұрық» орталық алаңындағы қазақстандық тауар өндірушілер өнімдерін саудалайтын «Алтын айлақ» атты бір ғана сауда үйі келушілерге қызмет көрсетіп тұр. Дегенмен, алдағы уақытта біздің ел тарапында да бірнеше маңызды нысандар іске қосылып, екі елді бөліп жатқан Қорғас өзенінің жағалауында сәулетті, сәнді ғимараттар бой көтермек. Солардың бесеуі – ерекше шығыстық үлгідегі шеберлер қалашығы, орталық алаң, заманауи бизнес-орталық, көпфункционалды ғимарат және үлкен сауда орталығы пайдалануға берілмекші. Солардың арасында «Intrnational Castie» ЖШС жобалаған орталық азиялық сәулеткерлік үлгісіндегі шеберлер қалашығының жұрт назарынан алар орны бөлек болмақ. Өйткені мұнда келуші саяхатшылар Ұлы Жібек жолының өткені мен бүгінгі үндестігі астарласқан қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалайды, оларды қаласа сатып алады.
«Қорғас» орталығы шамамен жалпы 410 миллиард теңгеге 23 нысан салатын 11 компаниямен инвестициялық келісімшартқа қол қойды. Сонымен қатар «Happyland Khorgos», «Premium Construction», «Golden Fruits», «Джа Хе КЗ» ЖШС-мен инвестициялық құрылыс нысандарын салу үшін 111 миллиард теңгеге келісімшарт жасалды. Бұл инвесторлар орталықтағы саябақта «Люкс» класты әрқайсысы 300 орынды 4 мейрамхана, шағын кинотеатр, фитнес-орталығы мен аудармашылар бюросын, бренд тауарлар саудалайтын сауда үйін, азық-түлік супермаркетін, тағы басқа да халыққа қызмет көрсету орындарын салады. «Джа Хе КЗ» ЖШС келушілерге 1,26 гектар аумаққа Қытай медицина орталығын ашады. Медициналық орталық емдеу-сауықтыру бағытында кең ауқымды қызмет көрсетеді. Оған қытай дәрігерлері мен шетел медицина қызметкерлері тартылып, жылына 30 мың келушіге ем-дом жасалады деп күтілуде.
 Қазақстандық құрылыс инвесторлары «Қорғас-КАТ», «Victoria City», «Хуан-Шынгыс» ЖШС-і орталық алаңдағы сауда галереясын, сауықтыру кешені мен сауда орталығын, сауда үйін салуда. Соңғы аталғанының әрлеу жұмыстары аяқталуға таяу. Бұл сауда орындары пайдалануға берілгенде олардан жүздеген адам жұмыс орындарын табатыны сөзсіз. Жақында Ресейдің оңтүстік Орал өңірінің кәсіпкерлерімен келісімшарт жасалып, олар осында үлкен сауда үйін салуды қолға алмақ. Өздері шығаратын өтімді өнімдерін Қорғаста саудалауға Араб және Татарстан кәсіпкерлері де келісімшарт жасасып қойды.
Инвесторлардың айтуынша, алдағы уақытта туристер легі бұрынғыдан еселеп артады. Соған сәйкес қонақүй қызметіне сұраныс көбеймек. Қазір орталықта қона-жататын жайлы орындар біздің бөлікте жоқ болғандықтан, келушілердің көпшілігі шекара маңындағы ауылдардан баспана іздеп немесе орталықтан 30 шақырым шалғай орналасқан Жаркент қаласындағы қонақүйлерге тұрақтауға мәжбүр. Ірі инвесторлардың күшімен бұл мәселе де жуық арада шешімін табар деген үміт бар.
«Нұрлы жол» бағдарламасының негізінде құрылған «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағындағы логистикалық-транспорт және индустриялық орталықтары сауда-экспорт қызметін және біздің еліміздің транзиттік әлеуетін қамтамасыз етуге жол ашты. Арнайы экономикалық аймақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен құрылған. Ол отандық және шетелдік инвесторларды кедергісіз тартып, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, аймақ дамуын жеделдетуге және жергілікті тұрғындарға жұмыс орындарын көптеп ашуға бағытталған.
 Бұл жобаны жүзеге асыру Ұлы Жібек жолындағы экономикалық белдеуді өмірге әкелгенін айта кетуіміз керек. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жалпы көлемі 4591,5 гектар жерді алып жатыр. Онда Қытайдан, Оңтүстік-Шығыс Азиядан жеткізілген жүктерді Орталық Азия мен Еуропа елдеріне, сондай-ақ, Ресей мен Кавказға теміржол дәлізі арқылы жөнелтуге жұмыс істейтін құрғақ айлақ, жүк сақтайтын үлкен логистикалық және әкелінген тауарларды өндірістік өңдеуден өткізетін индустриялық орталықтар орналасқан. Болашақта 100 мың адам тұратын жаңа Нұркент қаласы да осы аумақта дамымақшы.
 Осы жоба аясында АЭА қатысушылары кедендік және салықтық преференцияға (жеңілдік) ие болады. Қазір АЭА қатысушылары «ЗАРЯ LTD» және «Феникс Фид Миллс» ЖШС осындай жеңілдіктерді пайдаланып, аймақ аумағында астық сақтайтын және шетелдерге саудалайтын кәсіпорын, қоспажем шығаратын зауыт салуда. Бұл кәсіпорындар үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында іске кіріседі. Логистикалық аймақта жоғары деңгейлі қойма салудан 15 жылдық өтілі бар «PBP CAPITAL LTD» компаниясы 4 миллиард доллар (АҚШ) инвестиция жұмсамақ. Ал өндірістік аймақта «East Gate Partners» «Profood LTD», «Impex Gates» сияқты ЖШС жеміс, көкөніс өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жобасын жүзеге асыруға қарекет жасауда. Бұдан басқа да жобаларды іске қосуға талпынған инвесторлар бар. Қазір құлшыныс білдіргендердің бәрі жалпы 500 миллиард теңгеге инвестиция жұмсамақ.

Қорытып айтсақ, Қорғас аймағы өз кәсіпкерлерімізге де, шетелдіктерге де инвестиция әкеліп, іскерлік қарымын сынайтын аймаққа айналды. Қазір мұнда әлі игерілмей жатқан жер де бар, үлкен бизнеске жол бастар мүмкіндіктер де мол. 

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.