Жетісу облысы Қазақстан экономикасының көшбасшысы атанды. Мұндай жетістікке Ұлытау облысы да қол жеткізген.
Елде экономика дамуының негізгі өзегіне айналған ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс салалары бойынша Жетісу және Ұлытау облыстары көш бастап тұр.
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша Қазақстандағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор биылғы тоғыз айда 105,3 пайызды құраған.
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор есебі жалпы ішкі өнімнің шамамен 60 пайызын және ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда, өнеркәсіп, көлік және байланыс салалары бойынша алты ірі бағытты қамтиды. Бұл көрсеткіш елдегі экономикалық белсенділіктің айдан айға дейінгі динамикасын бағалау үшін маңызды.
А. Ыбырай
Фото: ЖИ