Талдықорған: +23°C
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ЖАҚСАРАДЫ

05.09.2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте елдің 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен негізгі басымдықтары қаралды. Сондай-ақ, 2018–2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов­тың айтуынша, жыл басынан бері елде экономикалық белсенділік жақсарған. Мәселен, өткен жеті айда жалпы ішкі өнімнің өсімі 4 пайызды құрапты. Келесі жылы ЖІӨ 3,1 пайыз болып, 2022 жылға де- йін бұл көрсеткіш 4,2 пайызға жетпек. Ендігі кезекте Индус­триялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жобаларын енгізу, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, жобалық басқаруды енгізудің нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда сияқты салалардың дамуы жақсармақ.

2022 жылға қарай жұмыссыздық деңгейі бірнеше па- йызға төмендейді. Сонымен бірге, өсім параметрлеріне қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың басым бағыттарына ден қойы­лып, негізінен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, жеделдетілген технологиялық жаңғырту, бизнес ортаны жақсартып, кеңейту, адам капиталының сапасын дамыту, институционалдық қайта құруға назар аударылмақ. Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2018 жылы 5 528,4 млрд. теңгеге, 2019 жылы 6 403,9 млрд. теңгеге, 2020 жылы 7 175,8 млрд. теңгеге дейін өседі деп болжаныпты.

«2018–2020» жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» Заңының негізгі параметрлерімен таныстыр­ған Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жобаның негізгі сипаттамалары Жаңа бюджет саясаты тұжырымдамасына және 2022 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес айқындалғанын атап өтті.

Келесі жылы мұнай еместік түсімдер көлемі 5 271,4 млрд. теңгені құрап, бұл көрсеткіш биылғы жоспардан 19,3 пайызға артпақ. Респуб­ликалық бюджет шығындары 9 217,9 млрд. теңгеге жетіп, биылғы жоспардан 134,6 млрд. теңгеге өспек. Экономиканың нақты секторын дамытуға 1,4 трлн. теңге бөлінсе, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруды жалғастыруға 512,6 млрд. теңге көлемінде шығындар қарастырылған. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына 208,8 млрд. теңге бағытталады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға (субсидиялар), су шаруашылығы мен ветеринарияны дамытуға, фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларына 195 млрд. теңге бөлінбек.

Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыруға 232,9 млрд. теңге көлемінде шығындар қарастырылып, көлік инфрақұрылымын дамытуға 292,6 млрд. теңге бағытталмақ. Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, ішкі тұрақтылықты қолдауға жұмсалатын шығындар көлемі 1 088,9 млрд. теңгеге жетпек. ЖІӨ қатысты рес­публикалық бюджет тапшылығы 2018 жылы 1,1 пайызға, 2019 – 2020 жылдары 1,0 пайыз­ға дейін төмендетіліпті. Яғни, бұл мемлекеттік қарыз көлемін орташа деңгейде сақтауға мүмкіндік бермек.

Осыған байланысты ой қорытқан Бақытжан Әб­дірұлы ел экономикасын өркендетуде Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді атай отырып, құрылыс жұмыстарына инвестор тартуға, пенитенциарлық мекемелерді жаңғыртуға, кеден рәсімдерін жеңілдетуге, туризмді өрістетуге және мал шаруа­шылығының экспорттық әлеуетін ұлғайтып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға, тағы басқа да салаларды дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында облыс әкімі Амандық Баталов:

– Біздің облыс мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда алғашқы лектен көрінуде. Мәселен, Елбасы тапсырмасы негізінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын сәтті орындап, өңірдегі экономиканы көтеруде инвестиция тартуымыз қажет. Олармен әр аудан-қала әкімдері тығыз қарым-қатынас орнатып, жұмыс жүргізулері тиіс. Бұл маңызды іс. Осының бәрін іске асыруда бірлесе күш жұмсап, жылды табысты аяқтауымыз керек, – деп, салаға жауапты басшыларға міндеттемелер жүктеді.

А. БАЙЖҰМАҚЫЗЫ.

Қатысты жаңалықтар

21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні

21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні

21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол салынады: Көлік дәлізіндегі жаңа серпін

Қазақстан мен Моңғолия президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол салынады: Көлік дәлізіндегі жаңа серпін

Қазақстан мен Моңғолия арасында төте жол салынады: Көлік дәлізіндегі жаңа серпін

21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қазақстан мен Моңғолия президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

21.04.2026
Қазақстан мен Моңғолия: ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 13 құжатқа қол қойылды

Қазақстан мен Моңғолия: ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған 13 құжатқа қол қойылды

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.