Талдықорған: +7°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Экономикалық өсім жақсарды

21.09.2017
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook
Елдің сегіз ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы жаман емес. Бұл туралы Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте айтылды. Сондай-ақ, бұл жиында республикалық бюджеттің орындалуы, ҚР Көші-қон саясатының 2021 жылға дейінгі тұжырымдамасы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі және «Экспо –2017» көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды қолдану мәселелері сөз болды.

ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, сегіз айда экономикалық өсім жақсарған. Оған өнеркәсіп, сауда, көлік, ақпарат және байланыс, қаттау салаларының дамуы ерекше әсер етіпті. Сыртқы сауда шамамен үштен бір есеге көтеріліп, инфляция деңгейі бәсеңдеген. Сондай-ақ, тау-кен өндіру мен өңдеу өнеркәсібі өркендеп, көмір, мұнай, табиғи газ және металл кендерін өндіру, көлік қызметін көрсету, сауда, байланыс салаларының жұмыстары қарқын алған. Өңдеу өнеркәсібінде де оң үрдіс байқалады. Мәселен, азық-түлік өндіру, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика, металлургия, мұнайды қайта өңдеу, машина жасау салаларының өсімі жақсарған. Ал өсімдік шаруашылығы өндірісінің төмендеуі ауылшаруашылығына, өнеркәсіп ғимараттары мен құрылыс нысандарын салудың азаюы құрылыс өсімінің баяулауына кері әсерін тигізіпті.
ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың сөзіне қарағанда, экономика салаларының дамуы мемлекеттік бюджетке кіріс көзін ұлғайтуға айтарлықтай ықпал еткен. Түсімдер де көбейген. Бөлінген қаражат та мақсатты жұмсалып, ол көлік-логистикалық, индустриялық, білім беру саласындағы инфрақұрылымдарды дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, су және жылумен қамту, су бұру желілеріне бағытталған. Инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында биыл еңбек көші-қонына қатысты Қазақстанның көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізіліпті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеп, 2021 жылға дейін есептелген көші-қон саясаты тұжырымдамасының негізгі стратегиялық мақсаттарын атап өтті. Мәселен, олар демографиялық және экономикалық теңгерімділікті жақсарту, уақытша және ұзақ мерзімді көші-қонды пайдалану негізінде білікті мамандардың ашық нарығын қалыптастыру, көші-қонмен байланысты қауіп-қатерлер тұрғысынан елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Көші-қон саясатын дамытудың алдағы стратегиясын анықтауда ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі пайдаланылыпты. Бұл экономиканың инновациялық секторларына білікті мамандарды тартуға және іскерлікті дамытуға мүмкіндік бермек. 
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов соңғы жылдары Қазақстанда жағымды инвестициялық ахуалдың қалыптасып келе жатқанын, алпыстан аса елдің азаматтарына визасыз режим бекітілгенін, оларды елде тіркеу рәсімі жеңілдетілгенін, еңбек көші-қоны үшін әкімшілік кедергілердің қысқарғанын, ілеспе қауіп-қатер, оның ішінде трансұлттық қылмыстардың артып келе жатқанын мәлімдеді. Осыған байланысты тұжырымдамада полиция жүзеге асыратын көші-қон бақылауын одан әрі жандандыру және жетілдіру қарастырылған. Мәселен, тұжырымдама жобасында елдегі құқықтық базаны және көші-қон бақылауы жүйесін дамыту, заңсыз көші-қонның ұйымдастырылған арналарын бұлтартпау, еңбек мигранттарын алдағы «көлеңкеден» шығару, сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру және реадмиссия туралы келісім жасау қарастырылған. 
Бұдан соң жиында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің әзірленген жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттары қаралып, мақұлданды. Сондай-ақ, Қазақстанда «Экспо–2017» көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды енгізу бойынша жол картасының әзірленетіні белгілі болды.
Айгүл Байбосынова.

Қатысты жаңалықтар

Елімізде күн жылына бастайды

Елімізде күн жылына бастайды

17.04.2026
Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

Жетісудағы онкологиялық ахуал: Скрининг – өмірді сақтаудың басты кепілі

17.04.2026
Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

Жалған нөмірмен жүрген жүргізуші Жетісуда ұсталды

17.04.2026
Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады

17.04.2026
Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

Мұғалімдерге жаңа талап енгізілді: Басты өзгерістер қандай?

17.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.