Талдықорған: +4°C
$ 499.83
€ 581.50
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЭЛЕКТРОНДЫ САУДАНЫҢ МҮМКІНДІГІ МОЛ

17.04.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

   Бүгінде көпшілік америкалық Джефф Бизосты білмесе де электрондық бизнесті біледі. Себебі, үйінен қарға адым аттап шықпай-ақ үлкен жұмысты тындырып, шаш-етектен пайдаға кенелген жан көп қазір. Соның бәрі интернет игілігін ерте сезініп, икеміне дер кезінде бағыттай алған топ. Сөзіміздің айқын көрінісі қазір «olx», “krisha.kz”, “kolesa.kz” сынды тапсырысыңды табанасты тауып беретін, саудалайтын затыңды секундтар ішінде тұтынушыға  көрсетіп үлгеретін виртуалды дүкендер. 

 

    Сонымен, Джефф Бизостың кім екенін сезген боларсыздар. Иә, ол әлемдегі ең алғашқы интернет-дүкенді ашушы. Нақтырақ айтқанда, 1994 жылдың өзінде ғаламторда кітаптар мен аудио, бейнетаспалар сатып, көл-көсір пайдаға кенелген адам. Міне, осыдан бастап сауданың аяқтан тозып сабылмайтын жаңа түрі жарыққа шықты. Бүгінде аталған бизнес түрі аса жоғары сұранысқа ие.
   Аталмыш сауда түрінің тез дамуына себеп те көп. Мәселен, оның әуелгі пайдасын айтар болсақ, интернет-дүкенмен сауда жасау арқылы үйде отырып-ақ тапсырыс бере аласыз. Тек қана монитордың көмегі жеткілікті. Уақытыңыз да  үнемделеді. Бұрынғыша такси ұстап, базар барып әуре болмайсыз. Өйткені, мұндай дүкендерде сатып алынған тауарды үйге жеткізіп беру қызметі бар екенін ұмытпаңыз.
    Ал келесі бір тиімділігін айтсақ, бұл сауда түрінде екі жақ та ұтылмайды. Сатып алушы үшін интернет-дүкендердегі тауарлар арзанырақ түседі. Оның басты себебі, әдетте сіз зат сатып алғанда нешінші адамнан (делдалдан) саудалап алып тұрғаныңызды білмейсіз. Яки, тауар сізге дейін бірнеше адамның қолынан өтеді, баға бірнеше есе үстемемен жетеді. Тиісінше, тауар көбіне тікелей өндірушінің өзінен алынатындықтан оған жеткізіп беру құны ғана қосылады. 
    Құн демекші, жайшылықта базарға барсаңыз, зат сатушы сізге өзгеше бір «жыр» айта бастайды. Ол қандай жыр десеңіз, өзі тұрған сауда орнының жалдау ақысы. «Бағасын түсір» деп тұрған сізге бұдан ары арзандатса, пайда таппақ түгілі әлгі орынды жалдау ақысын жаппай қалатынын айтып азарда-безер болады. Бір сөзбен айтқанда, сатып алған дүниеңізге дүкен иесінің орын жалдау құны қосылып отырады. Міне, бұл дәстүрлі сауданың кемшілігі. Ал интернет арқылы жасалған саудада сіз алатын тауарға мұндай қосымша құн төлеп әуре болмайсыз. Ол, жоғарыда айтқанымыздай, өндірушінің (қойманың) өзінен тікелей жеткізіледі.
    Мұндай артықшылықтарды интернеттенген бизнестен көптеп атауға болады. Әрине, оның кемшілігі де бар. Айталық, әр затты көзбен көріп, қолмен ұстап үйренген тұтынушының бұл үрдіске үрке қарайтыны бар. Оның үстіне қоғамдағы алыпсатарға деген сенімсіздік виртуалды әлемге де өз «құзыретін» жүргізетіні анық. Ашып айтқанда, тауардың сапасы мен сатушының адалдығын тексеруде қиындық туындайды деп ойлайды. Бұлай болуы да заңдылық. Себебі, интернет бизнес бізге кеш келгендіктен ондағы ішкі тетіктердің әлі де толық дами алмай отырғаны шындық. Бұл – қазақстандық интернет бизнестегі климат ахуалының осыған дейін түбегейлі «жылымық» деңгейге өтпегенінің дәлелі. 
    Осы ретте интернет бизнестің дамуына еліміздегі  электрондық қаражатпен сауда жасаудың көп септігі тиетінін айта кеткен абзал. Бұл үрдіс Қазақстанда 2005 жылы басталды. Нәтижесінде, қазір көптеген төлем төлеу операцияларын интернет-банкинг жүйесі немесе түрлі электрондық “ақша қалташалары» арқылы жүргізуге болады. Мысалы, кәдімгі коммуналдық қызметтерге төлейтін төлемдерді екінші деңгейлі банктерге төлейтін болсаңыз, әр түбіртек үшін белгілі мөлшерде қаражат шығындайтыныңыз белгілі. Ал электрондық қаражат туралы жаңалықты естіп, оның пайдасын ерте білген тұтынушы оны үйінен шықпай-ақ интернет арқылы төлей алады.
Мамандардың айтуынша, қазір халық арасында электрондық әмияндардың қатарынан kaspi-әмиянының ерекшеленіп тұрғаны байқалады. Онда сізге қолайлы қызмет функциясының көп болуымен қатар төлемдер мен аударма қаржыларға комиссия ұсталмайды. 
   Демек, мұндай электрондық жүйеге негізделген, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соңғы Жолдауында атап өткеніндей, жаңа технологияға тездетіп өтуге жол болатын қызмет түрінің көбеюі бізді мүмкіндігі мол виртуалды әлемге бастайды. Бұл өз кезегінде халық санасының ашықтығына негіз болып, шын мәніндегі цифрлы Қазақстанның қалыптасуына  оң септігін тигізбек. Ал мұндай мүмкіндік тиісінше интернет бизнестің ел аумағында өркендеуіне жол ашады.

Қозыбай ҚҰРМАН. 

Қатысты жаңалықтар

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

Қор нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленеді

05.03.2026
Жақсы дәрігер жанға дауа

Жақсы дәрігер жанға дауа

05.03.2026
Қазақстанда сапасы бойынша сирек кездесетін антрацит көмірін өндіру басталады

Қазақстанда сапасы бойынша сирек кездесетін антрацит көмірін өндіру басталады

05.03.2026
Елде жас дәрігерлер қатары артып, кадр тапшылығы азайып келеді

Елде жас дәрігерлер қатары артып, кадр тапшылығы азайып келеді

05.03.2026
Танымал боксшы Данияр Елеусіновтің әйеліне «шабуыл жасады» деген айып тағылды

Танымал боксшы Данияр Елеусіновтің әйеліне «шабуыл жасады» деген айып тағылды

05.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.