Талдықорған: +24°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕЛГЕ ПАЙДАЛЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ

06.09.2024
ЭКОНОМИКА
ЕЛГЕ ПАЙДАЛЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай өңір басшылығымен, мемлекеттік қызметшілер және жастармен кездесті.


Облыс активімен кездесуде Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметті жаңғыртуға қатысты Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан іс-шаралар жайында айтты. Олар мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтуды, оны адамға бағдарланған сервистік сипатта дамытуды, мемлекеттік қызметке кіруді барынша ашық етуді, жастардың және жеке сектордағы кәсіби мамандардың мемлекеттік қызметке келуін жеңілдетуді қамтиды. 

– Жер жаннаты Жетісу облысы еліміз үшін ерекше маңызы бар өлке. Облыс тарихы аймақ пен елдің игілігі үшін қызмет ету ісінде мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың қайнар көзі болуы керек. Мемлекеттік қызмет қашан да абыройлы болуы тиіс. Адалдық, әділдік, ашықтық мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда зор ықпал етеді. Баршаға тең мүмкіндіктер тудыратын әділдік принципін негізге алу және адал, ашық болу мемлекеттік қызметшілер үшін басты ұстанымға айналу қажет. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы: «Кез келген істің басты өлшемі тиімділік болуға тиіс. Яғни, әрбір шешім, әрбір жоба ең алдымен елге пайдалы болуы қажет» деген сөзін мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде негізгі бағдарға алуы тиіс, – деді Дархан Медеғалиұлы. 

Агенттік төрағасы отандық мемлекеттік қызметті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданып, оның қолданыстағы жүйені заман талаптарына сай жетілдіруге бағытталғанын айтты. Ол саладағы жаңашылдықтар Президент атап көрсеткен «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағиданы негізге ала отырып жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, тұтынушыға бағдарлануды қамтамасыз ету үшін орталық және жергілікті органдар арасындағы тығыз өзара іс-қимыл маңыздылығын атап өтті. Бүгінде агенттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қызмет алушылардың шағымдарын күтпестен мемлекеттік  қызметтерге қашықтан проактивті мониторинг жүргізеді.

Дархан Жазықбай биыл облыстан Өңірлік кадр резервіне қабылданған жастармен арнайы кездесті. Ол резервке іріктеу әрбір өңірде тың өзгерістерді іске асыруға қабілетті жас басқарушылардың пулын қалыптастыруға бағытталғанын және оларға үлкен жауапкершілік жүктейтінін, мемлекеттік қызметке инновациялық және креативті ойлайтын жас мамандар қажет екенін ерекше атап өтті. 

Қаратал ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына барған Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай мемлекеттік көрсетілетін қыз- меттердің сапасымен танысты. Жалпы, облыс аумағында бірінші жартыжылдықта  2,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 98,4%-ы электрондық нысанда ұсынылған. 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері бойынша Жетісу облысы республикада 9-орынды иеленген.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.