Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ENACTUS WORLD CUP ӨТІП ЖАТЫР

03.10.2024
ЭКОНОМИКА
ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ РЕТ ENACTUS WORLD CUP ӨТІП ЖАТЫР

Астанада «Enactus World Cup 2024» Әлемдік Чемпионатының ашылу салтанаты өтті.


Enactus Әлем кубогы – әлемнің түкпір-түкпірінен келген мыңдаған студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы. Студенттік кәсіпкерлікті дамыту жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тартуға мүмкіндік береді, шағын және орта бизнеске жол ашады.

Салтанатты шараның ашылуына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтау лебізін жеткізді.

«Enactus World Cup» жобасы жастарға жігер беріп, көшбасшылық қабілетті дамытуға көмектеседі. Жолдарыңыз ашық болып, әркез белсенді, икемді болыңыздар. Алдағы күндері әр ел жастарының инновациялық идеяларға толы бизнес жобаларын тамашалайтын боламыз. Әлемдік чемпионаттың еліміздің астанасында өтуі – айтулы оқиға», — деп шараның маңыздылығына тоқталды.

Enactus World Cup – әлемнің 33 елінен мыңдаған студенттерді, кәсіпкерлерді, академиялық лидерлер мен корпоративтік бизнес басшыларын біріктіреді. Шараға жиналған қонақтар алдымен әлемнің 33 елінен келген 3000-нан аса қатысушының, атап айтқанда, АҚШ, Канада, Польша, Италия, Германия, Португалия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Бразилия сынды мемлекеттердің мәдени жәрмеңкесін тамашалады. Жетісулық студенттерден құралған «ENACTUS KAZAKHSTAN» командасы ұйымдастырған жәрмеңкедегі ұлттық тағамдарға шетелдік қонақтар қызығушылық танытып, тамсана ауыз тиді.

Шара соңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Ермек Бөрібаев еліміздің көк туын көтеріп шыққан университет студенттеріне қолдау білдіріп, жарыс жолына сәттілік тіледі.

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.