Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕЛІМІЗДЕН ШЫҒАТЫН КӨЛІКТІҢ 15 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ОТАНДЫҚ БӨЛШЕКТЕН ТҰРАДЫ

29 қазан 2024
ЭКОНОМИКА
ЕЛІМІЗДЕН ШЫҒАТЫН КӨЛІКТІҢ 15 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ОТАНДЫҚ БӨЛШЕКТЕН ТҰРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда шығарылатын автокөліктердің тек 15%-ы ғана отандық бөлшектерден тұрады. Осылай деген Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев отандық локализация деңгейінің төмен екенін мойындады.


«Дәл қазір, әрине, локализация деңгейі жоғары емес. Оны мойындауымыз қажет. Бірақ үлкен локализация деңгейіне жету үшін бірнеше тәсіл бар. Қазіргі таңда бізде CKD деген тәсіл бар, яғни шағын түйінді құрастыру. 2025 жылдың бірінші тоқсанында, екі үлкен зауытты іске қосатын боламыз. Сол кезде локализацияның деңгейін арттырамыз. Себебі сол екі зауыттың ең негізгі мақсаты CKD тәсілімен көліктерді өндіру. Қазіргі уақытта мультимедиялық жүйелер жасап жатырмыз, пластик бөлшектер, дөңгелектер, автоорындықтарды өндіріп жатырмыз. Шамамен дәл қазір менің ойымша 15%-ы отандық локализация болады. Бұл біздің жұмыстың бастауы. Зауыт құрылыстары аяқталып, іске қосылса отандық локализацияны арттыратын боламыз.», – деді Қанат Шарлапаев үкіметте өткен брифингте.

Министр қазақстандықтардың отандық көлікке деген сұранысы қандай деген сауалға да жауап берді.

«Нақты ақпарат бойынша қазір Қазақстанда өндірілген, жаңа көліктердің үлесі 63%. Яғни жаңа көліктердің 63%-ы Қазақстанда өндіріледі. Әрине халық өзі таңдайды, біздің ақпаратымызға қарағанда қазір қазақстандықтар отандық өндірушілерге басымдық беріп жатыр«, – деді министр.

Министр Үкімет жиынында Қазақстанда Changan, Haval, Chery, Geely, Exeed, КAIYI, KIA сынды көліктерді шығаратын бірнеше зауыт ашылатынын да мәлім етті. Атап айтқанда, Алматыда мультибрендті зауыт ашылып, онда жылына 90 мың автокөлік шығарылатын болады. Бұл кәсіпорын 3600 адамды жұмыспен қамтиды. Екіншісі, Қостанайда салынып жатқан KIA зауыты. Мұнда жылына 70 мың автомобиль шығарылып, 1500 адамға жұмыс орны ашылады. Бұл кәсіпорын құрылысына 200 млн доллар көлемінде қаражат тартылған. Ал Geely, Exeed, КAIYI жеңіл автомобильдер өндірісін жолға қою үшін 150 млн доллар көлемінде инвестиция тартылған.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.