Талдықорған: +3°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ЕЛОРДАНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ — ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІ

20 қыркүйек 2018
ЭКОНОМИКА
ЕЛОРДАНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ - ЕЛДІҢ ӨРКЕНДЕУІ
WhatsAppTelegramFacebook

   Талдықорғанда Елорданың 20 жылдығына орай Алматы облысындағы Астана күндері аясында шаралар бірінен кейін бірі өтуде. Соның бірі – Астана қалалық мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов бастаған делегацияның Жетісудың инвестициялық жобаларының көрмесімен танысып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың қабылдауында болуы.

 

   Кездесуде сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары қонақтарға ақ тілегін арнап, мерекелерімен құттықтады.
– Осыдан үш күн бұрын Астана қаласында Алматы облысының күндері өткен болатын. Міне, кездесуіміздің ыстығы басылмай жатып қайта жүздесіп отырмыз. Бұл да бір ерекше сәт шығар. Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде Астана – бейбітшілік пен жасампаздықтың ордасы болып отыр. Астананың өсіп-өркендеуіне барлық өңірлер атсалысуда. Бұл қатарда Алматы облысының тұрғындары да белсене үлес қосып келеді. Дәстүр бойынша бас қаланың туған күніне орай жетісулықтар «Арай» саябағын қайта жаңғыртып, «Жетісу» деп атап, астаналықтарға жаңа келбетте тарту еттік. Елбасы өзі келіп көріп, жақсы бағасын берген осы саябаққа әрбір астаналық, қаланың әр қонағы келіп, Жетісудың көрнекті табиғатының бір бөлшегімен танысуға мүмкіндік алғанына қуаныштымыз. Шарын шатқалы, Балқаш көлі, Таңбалы тас, Есік қорғандары – бәрінің бір-бір үзігін осы саябақтан таба аласыздар. Осының бәрі Астананың сәулетіне үйлесімде жасалды. Бізді қолдағандарыңызға ризашылығымды білдіре отырып, Астананың 20 жылдығымен тағы бір мәрте құттықтағым келеді, – деді Лаззат Махатұлы. Одан кейін өңіріміздің бүгінгі жай-күйін қысқаша баяндап өтті.
   Иә, Елордамыздың 20 жылдығына арналған шаралар ел көлемінде кеңінен тойлануда.  Бас қаламыздың өркендеуіне барша  қазақ даласы атсалысып жатыр. Соның ішінде Жетісудың да өз қолтаңбасы  бар екені анық.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында Астана төріне Жамбыл ақын ескерткіші орнатылып, үлкен аллея ашылды. «ЭКСПО-2017» көрмесіне де тамаша тартулар жасалды. Талдықорған қаласында «Астана» атты жаңа даңғыл ашылса, Алакөл ауданында «Астана» саябағының шымылдығы түрілді. Астаналық демалушылар үшін Астана – Үшарал әуе бағыты іске қосылды. Бүгінде өңірлер арасындағы мәдени-экономикалық қарым-қатынас күннен-күнге дамып келеді. 
   Кездесу барысында Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Ғазизұлы барша жетісулықтарға алғысын білдіріп, ел өркендеуіне бірлесе үлес қосуға шақырды. 
   Шара соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов қонақтардың иығына шапан жауып, дәстүр бойынша сый-сияпат жасады.
   Мұнымен қоса, елордалық шығармашылық ұжымдары «Астанадан ақ тілек» гала-концертін көпшілік назарына ұсынды. Кеш бағдарламасында Астана қалалық Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, эстрадалық би, «Шалқыма», халық биі ансамбльдері, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өз өнерлерін ортаға салды. Бұдан басқа, шығармашылық кешке эстрада жұлдыздары да қатысты.

Мұхтар КҮМІСБЕК. 

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

25 қазан 2026
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

25 қазан 2026
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

25 қазан 2026
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

25 қазан 2026
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

25 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.