«Жетісу Медиа» ақпараттық орталығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров жетісулық кәсіпкерлермен кездесіп, аймақтағы ірі жобаларға инвестиция құйып, ел экономикасын нығайту жайлы әңгіме өрбітті. Кездесуде ҚР Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов, «Қазинвест» АҚ сервистік қолдау департаменті директорының орынбасары Марат ЕСЕНОВ өз тәжірибелерімен бөлісті.
ылға дейін еліміздің жалпы ішкі өнімін 2 есеге көтеру мақсаты қойылды. Оны жүзеге асырудың басты жолы – инвестиция әкелу арқылы ұлттық экономиканы қуаттандыру. Алдағы мақсаттарға жету үшін кәсіпкерлерді ынталандыруға тиіспіз, – дейді Әлібек Сәкенұлы.
Айта кетерлігі, бүгінде аймаққа инвестиция құйғысы келетін кәсіпкерлердің жобасы аз емес. Яғни республика бойынша 754 жобаға 33 трлн. теңге қаржы салуға ниетті азаматтар бар. Соның ішіндегі 18 жоба жетісулықтардың еншісінде. Оның құны 1,5 трлн. теңгені құрайды.
Бұл сан алдағы уақытта өсе түсетіні анық. Облысқа шетел инвестициясын әкелуді көздеген кәсіпкерлер министрліктің арнайы сайтына кіріп, өтінім беруге болады. Бұл өз ісін дамытам деушілерге жол ашады. Сондықтан кез келген азамат өз жобасын ұсыну арқылы өңіріміздің дамуына үлес қоса алады. Бұл тұрғыда жетісулық кәсіпкерлердің де мүмкіндігі мол.
– Жетісу облысы еліміздің шығыс қақпасына орналасқан. Экономикасы қуатты Қытаймен шегаралас. Сондықтан бұл аймақта логистиканы дамытуға мол мүмкіндік бар. Кәсіпкерлер қандай да бір жолмен шетел инвестициясын елге әкелуге ниеттенсе оларды қолдауға, бірлесе жұмыс атқаруға, қолғабыс етуге қашанда дайынбыз, – дейді Сыртқы істер министрлігі инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Жиынға қатысқан жерлестеріміздің де сұрағы көп екен. Еркін форматта өткен кездесуде олар өздерінің жобасын ұсынып, оны жүргізу барысында кездескен қиындықтарды ортаға салды. Астанадан келген қонақтар әр сұраққа нақтылы жауап беріп, кәсіпкерлердің көңіліне сенім ұялатып, болашақ мақсатына бағдар берді.
Қ. ОМАРАҚЫН