Талдықорған: +2°C
$ 526.02
€ 607.55
₽ 6.50
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІЛКІМДІ ІСКЕ АСУДА

22.11.2024
ЭКОНОМИКА
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІЛКІМДІ ІСКЕ АСУДА
WhatsAppTelegramFacebook

Тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту. Халықтың әл-ауқатын арттыру. Әрбір адамның қолайлы өмір сүруіне бар жағдайды жасау. Жетісу өңірінде мемлекеттің осы басым саясатына ерекше көңіл бөлінген. Оның айқын дәлелі – бюджет қаржы қоржынының 58 пайызы тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталып отыр. 


Осынша қаржыға өңірде әлеуметтік маңызы бар жұмыстар атқарылуда. Медициналық, спорттық, әлеуметтік нысандар бой көтеріп, коммуналдық мәселелердің тіні тарқауда. Тұрғындардың жайлы һәм қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз етуде көгілдір отынның қолжетімділігі де маңызды рөл ойнайды. Осы уақытқа дейін өңірде газдандыру қарқынды жүргізілгенмен 3 ауданның тұрғындарына көгілдір отынды пайдаланудың ауылы алыс көрінген. Дейтұрғанмен, бірер жылдан соң Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандары мен Ескелді ауданына қарасты бірнеше ауылдың тұрғындары табиғи газды пайдаланбақ. Өйткені, осы жылдың тамыз айынан бастап «Талдықорған– Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде. 

«Талдықорған –Үшарал» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асыруда. Жоба Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына кіреді. Жетісу жеріне сапарлай келген Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірдің тағы да 124 мың тұрғынын көгілдір отынмен қамтамасыз ететін жоба бастаған-ды. Жуырда Мемлекет басшысының тапсыр­масына орай қолға алынған ауқымды бастаманың жұмысын облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов таразылап, оң бағасын берді.
 – Өңірде тұрғындардың көгілдір отынға қолжетімділігін арттыру бағытында қолға алынған ауқымды жоба арқасында келер жылы 66 елді мекен көгілдір отынның игілігін көрмек. Негізі бұл жобаның аяқталу мерзімі 2026 жылға жоспарланған. Дейтұрғанмен, жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2025 жылы «Талдықорған –Үшарал» магис- тралі іске қосылады. Негізгі үш ауданнан бөлек Ескелді ауданының шалғай орналасқан ауылдары осы магистраль арқылы табиғи газға қол жеткізеді. Аймақ басшысы көгілдір отынға қосылатын ауылдардың қатарын көбейтуді тапсырды. Соған сәйкес жоспар аясын кеңейтуді көздеп отырмыз, – деді облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов. 

Қазір құрылыс жұмыстары Ақсу ауданына қарасты Сағабүйен ауылынан әріге өткен. Шамамен 100 шақырымнан асқан. Негізгі мердігер «Asia Caspian Constraction» серіктестігі мен «Интергаз Орталық Азия» АҚ арасында құрылыс-монтаж жұмысын бірлесіп жүргізуге келісім жасалған. Сол келісім негізінде құрылымның құрылыс басында 90-нан астам техника мен 128 жұмысшысы қарқынды еңбек етуде. «Интергаз Орталық Азия» АҚ бас инженері Меделхан Мырзаханұлының айтуынша, қазір 530 мм. диаметрлік құбырды дәнекерлеу жұмысымен екі колонна айналысуда. Әр колоннада өзі шынжыр табанды 3 дәнекерлеуші энергопойыз қызмет көрсетуде.

– Әр энергопойыздың атқарар өз міндеті бар. Бірі – құбырды бір-біріне жалғайды. Мұны өзектік (коренной) дәнекерлеу дейміз. Екіншісі ыстықты (горячая) және үшіншісі толықтыру немесе бетперде түрінде дәнекерлейді. Дәл мұндай ауқымды дәнекерлеуге себеп – құбырдың қалыңдығының 10 мм. болуы. Күніне әр колонна 1-1,2 шақырым құбырды іске қосады. Шамамен 100-110 құбырды бір-біріне жалғайды, – дейді бас инженер. 

Қарашада Жетісу өңірінде ауа райы құбылмалы. Бірде қар, бірде жаңбыр. Соған қарамастан «Талдықорған –Үш- арал» магистралінің жұмысы тоқтаған емес. Себебі, бұл маңда Аян Батыр есімді өз ісінің білгірлері тер төгуде. Айтуынша, осындай мемлекеттік маңызы бар бастамада қолтаңбасын қалдырғанына разы.
– Бірнеше күн ауа райы қолайлы болды. Соңғы екі күнде тіпті өзгеріп сала берді. Алғашында жаңбыр жау­ды, артынша қар. Қазір сол қардың ызғары жүруде. Қаншама халықтың шаңырағына жылу сыйлайтын жобаға қатысып жатқаныма қуаныштымын. Күннің салқындығында жұмыс істеп жүріп, жоба аяқталғанда халықтан алар алғысымыз бой жылытады, – дейді Аян Батыр. 

Жобаны жүзеге асырушылардың айтуынша, магистральдың ұзындығы 302,4 шақырымды құрайды. Осынша ұзындықтағы құбыр бойында 6 газ бұру кондырғысы мен 6 автоматты газ тарату стансысы болады.

Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 100 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Жетісуда 100 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

08.11.2025
Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

Талдықорғанда заманауи бизнес көшбасшыларының форумы өтті

08.11.2025
Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

Сарқанда электр энергиясы өндірісі артып келеді

08.11.2025
Әдеп кодексінің нормалары сақталады

Әдеп кодексінің нормалары сақталады

08.11.2025
Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

Аида Балаева отандық кино саласының қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді

08.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.