Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Инвестициялық әлеует таныстырылды

3 шілде 2025
ЭКОНОМИКА
Инвестициялық әлеует таныстырылды

«ZHETYSU INVEST» ЖШС

WhatsAppTelegramFacebook

Талдықорған қаласындағы «ZHETYSU INVEST» компаниясы жақында Қытайдың Үрімші қаласында аяқталған «Қытай-Еуразия» халықаралық EXPO көрмесінде табысты жұмыс атқарды.

Іс-шара шетелдік инвестицияларды тарту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды алаңға айналды. «ZHETYSU INVEST» ЖШС директорының орынбасары Ержан Атамқұлов Жетісудың ауқымды инвестициялық және сауда-экономикалық әлеуетін ұсынған делегацияны басқарды. Ауқымды іс-шараға қатысу аймақ үшін жаңа көкжиектер ашуға мүмкіндік берді. Көрме іскерлік байланыстар орнатуға және перспективалы жобаларды талқылауға тамаша жол ашты.

Ержан Атамқұлов Қытайдан келген әлеуетті инвесторлармен және Үрімші сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен белсенді келіссөздер жүргізді. Әсіресе «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аясындағы логистикалық бастамаларды талқылауға ерекше назар аударылды. Көрмеде аймақтың ауыл- шаруашылығындағы кең мүмкіндіктері ұсынылды. Соның ішінде жоғары сапалы өнім өндіру, өңдеу және экспорттау мәселелері болды. Сондай-ақ, заманауи технологияларды енгізу әлеуеті де аталып өтті.

Логистика бойынша Ұлы Жібек жолындағы Жетісудың стратегиялық географиялық жағдайы ескеріле отырып, аймақ маңызды көліктік-логистикалық торап ретінде ұсынылды. Бұған қоса көлік инфрақұрылымын жақсарту және халықаралық сауда байланыстарын нығайту жолдары талқыланып, жаңа өндірістік қуаттар мен жұмыс орындарын құруға ықпал ететін ауылшаруашылығы шикізатын өнеркәсіптік өңдеудің жоғары әлеуетіне назар аударылды.

Көрмеге қатысу нәтижелері күткеннен асып түсті. Бірлескен жобаларға қызығушылық танытқан бірқатар қытайлық компаниялар және инвесторлармен байланыс орнатуға мүмкіндік туды. Жетісу инвестициялық портфеліне қызығушылық танытқандар мен әлеуетті серіктестер аймақ экономикасының түрлі саласына бірлескен инвестициялардың мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендерін білдірді. «Қытай-Еуразия» EXPO-ға қатысу Жетісудың халықаралық ынтымақтастық пен инвестициялар тарту үшін перспективалы аймақ ретіндегі мәртебесін растады. «ZHETYSU INVEST» ЖШС осы бағытта белсенді жұмысын жалғастыратын болады.

А. Байжұмақызы

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.