Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ИНВЕСТОР ТАРТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

23 тамыз 2024
ЭКОНОМИКА
ИНВЕСТОР ТАРТУ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек ҚУАНТЫРОВПЕН, ҚР Сыртқы істер министрінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВПЕН кездесті. Келелі кездесуде облысқа инвестиция тарту мәселесі талқыланды.

Кездесуде сөз алған аймақ басшысы Жетісу өңірінің инвестициялық потенциялына тоқталып, инвесторлар үшін барлық жағдай қарастырылғанын  жеткізді. Облыста 5 стратегиялық бағыт бойынша жаңа инвесторларды тарту, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша атқарылған жұмыспен таныстырды.

– Жетісу облысы жақында ғана құрылды. Бірақ біз өз әлеуетімізді ескере отырып, аймақтың экономикалық дамуын қалыптастырып, кәсіпкерлікті дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасаудамыз. Агроөнеркәсіп кешені, көлік-логистика, туризм, баламалы энергетика мен өнеркәсіпті дамыту бағыттары бойынша нәтижелі жұмыс жүргізілуде. Инвесторларды қолдау шеңберінде 2023-2024 жылдары бюджет қаражаты есебінен 300 млн. теңге сомаға төрт нысанға инженерлік инфрақұрылым тартылды. Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту бойынша жұмыс жоспарлануда. «Қорғас» ШЫХО, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағын газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда, – деді облыс басшысы. 

Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысқан  ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов елде іске қосылған ұлттық цифрлық инвестициялық платформа жайлы айтты.

– Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу бойынша ақпараттық жүйе құруды көздейді. Бұл инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық жүйе. Ол инвестицияларды тарту тиімділігін арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу мақсатында құрылған. Жүйеге негізгі мемлекеттік органдар, әкімдіктер және инвестициялық жобаларды іске асыру процесіне тартылған квазимемлекеттік сектор қосылады. Осылайша, платформа процестің әртүрлі жақтарын біріктіретін орталықтандырылған хаб ретінде әрекет етеді. Қазіргі таңда елімізде 756 жоба құрылған. Оның 244-і аяқталса, 147 мың жұмыс орны ашылмақ. Ең бастысы қолға алынған жобаның барлығы да экономикалық тұрғыда пайдалы болуы керек, – деді Ғабидолла Абдуллаұлы.

Облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы жер жаннаты Жетісу аумағына жүгеріні терең өңдеуге, құс зауытының жұмысын жандандыруға, балық шаруашылығын оңтайландыруға инвестор болса, облыс тарапынан барлық жағдай қарастырылатынын жеткізді. Бұл – облыс экономикасының барлық саласына оң мультипликативтік әсерін тигізетіні анық.  

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.