Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Kaspi.kz-тің таза пайдасы 6 млрд теңгеге кеміді

2025 жылдың алғашқы тоқсанындағы қаржылық есеп бойынша, Kaspi.kz Түркиядағы бизнесі арқылы 149 млрд теңге көлемінде жалпы табыс тапқанымен, таза пайдасы 6 млрд теңгеге азайған.

14 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК, ЭКОНОМИКА
Kaspi.kz-тің таза пайдасы 6 млрд теңгеге кеміді

Фото: Сергей Александров

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл туралы 7-su.kz ақпараттық порталы Forbes.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Kaspi.kz қаңтар–наурыз аралығындағы қаржылық көрсеткіштерін екі түрде ұсынды: Түркиядағы бизнесін қоса есептегенде және қоспағанда. Түркияны есепке алмағанда, компанияның үш айдағы валдық табысы 685 млрд теңгеге жетіп, жылдық өсім 21%-ды құраған. Ал Түркияны қоса есептегенде табыс 834 млрд теңге болды. Дегенмен таза пайда Түркиясыз 260 млрд теңге болса, Түркиямен 254 млрд теңге болып, 6 млрд теңгеге кеміген.

Бұл айырмашылықтың себебі – Kaspi.kz-тің Түркияда басым үлеске ие (65,41%) Hepsiburada маркетплейсі. Компания Түркиядағы тұтынушылар арасындағы саяси бойкоттар мен несие өнімдеріне ерте кезеңде жасалған инвестициялардан шығынға ұшырағанын атап өтті. Бойкоттар маркетингтік белсенділікті төмендетіп, тұтынушылар тарапынан қызығушылықтың бәсеңдеуіне алып келген.

2025 жылдың алғашқы үш айында Hepsiburada табысы 7,9%-ға азайып, 14,4 млрд түрік лирасына дейін түскен (өткен жылы – 15,6 млрд лира). Таза шығын көлемі 355,1 млн лираны құрап, 2024 жылғы шығыннан екі есеге жуық артқан (180,5 млн лира). Тапсырыстар саны 18,9%-ға азайып, 29,3 млн-нан 23,8 млн-ға төмендеді. GMV (жалпы тауар айналымы) 50,1 млрд-тан 42,7 млрд лираға азайған – бұл 14,8%-дық төмендеу.

Kaspi.kz өз есебінде Түркиядағы Rabobank A.Ş банкін сатып алу процесі жүріп жатқанын және финтех өнімдеріне 2025 жылы 300 млн доллар инвестиция салатынын хабарлады. Бұл мақсатта компания 2025 жылдың 26 наурызында Лондон қор биржасы (LSE) және Астана халықаралық биржасында (AIX) 5 жылдық мерзімге 650 млн долларлық еурооблигациялар орналастырмақ (жылдық купон – 6,250%).

Rabobank A.Ş сатып алу туралы мәміле 2025 жылдың екінші жартысында аяқталуы мүмкін. Алайда қазіргі таңда мәміле жабылуы үшін қажетті құжаттар мен рұқсаттар күтілуде. Сатып алу құны әлі жарияланған жоқ.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Kaspi.kz акционерлік құрылымы мынадай:

  • Михаил Ломтадзе – 22,51%

  • Вячеслав Ким – 21,32%

  • Baring Funds – 24,43%

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.