Талдықорған: 0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КЕПТЕЛІС БОЛМАЙДЫ

11.02.2019
ЭКОНОМИКА
КЕПТЕЛІС БОЛМАЙДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы қаласының іргесінде орналасқан Қарасай ауданының көлік жолдарындағы кептеліс жұртшылыққа жайсыздық тудыруда. Осы орайда Алматы – Бішкек күре жолының 786 – 790-шы шақырымында («Алтын Орда» сауда кешенінің маңы) республикалық маңыздағы жолды кеңейту жұмыстарының басталғаны белгілі. Өткен аптаның соңында облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов осы өңірде  болып, жасалынып жатқан істердің барысымен танысты.

 

Айдарбек Естебекұлы алдымен Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевпен және ауданның өзге де мекеме басшыларымен бірге жол бойында орналасқан төрт жанар-жағармай құю бекетін, «Алтын Орда» сауда кешені мен «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы нысандарды аралап шықты. Соңынан құрылыстың бас мердігері «Даулет – Дорстрой» ЖШС-нің кеңсесінде жауапты құрылымдардың өкілдерімен жиылыс өткізді.

Басқосу барысында жобаның бас инженері, «ИПЦ «Альянс» ЖШС-нің өкілі Рәтбек Қошқаров жасалған жұмыс пен жекелеген мәселелер жайлы баяндады. Сонымен қатар, осы үлкен жобаны жүзеге асыруға қатысы бар аудандық және облыстық мекеме басшылары да өз ойларын ортаға салған.

Жалпы ұзындығы 3800 шақырым болатын жолдың Алматы қаласынан шығаберісте 10 жолақты болатыны айтылды. Райымбек ауылына жақындағанда алдымен сегіз, одан кейін алты жолаққа ауысады. Одан кейінгі күре жол әдеттегідей төрт жолақты болып жалғаса береді.

Жоба бойынша осы шағын учаскеде эстакадалар мен айналма жолдар салу жұмысы жүргізілуде. Сонымен қатар, құрылыс материалдарын сататын  «Леруа Мерлен» гипермаркеті мен «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің және Райымбек ауылының маңында жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті өткелдері тұрғызылады.  «Алтын Орда» базарының тұсындағы жүргіншілер көпірі де тиісінше ұзартылады. 
Бұл жиынға сауда кешенінің өкілдері де қатысқанын айта кету керек. Оларға жол бойындағы сауда нүктелері мен қызмет көрсету орындарын  ретке келтіріп, құрылыс жұмысына кедергі тудырмау тапсырылды. 

«Асыл Арман» тұрғын үй кешені тұрғындарының негізінен Алматы қаласында жұмыс жасайтыны белгілі. Олардың қалаға кедергісіз шығуы үшін күре жолдың үстімен өтетін көлік жолын салу көзделген. Оған дейінгі бір шақырымға жуық жолды ретке келтіру жергілікті билік өкілдеріне жүктелді. Жол салу жобасына байланысты 48 жер телімін сатып алу керек болса, олардың 18-і әлі жекеменшіктің иелігінде екен.
Осы және басқа да мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берген Айдарбек Естебекұлы, ең бастысы, жұмыс қарқынын арттыра түсу қажеттігіне көңіл бөлді. Бүгіндері бұл құрылыста 380 – 400 адам еңбек етеді. Жоспар бойынша нысанды 2020 жылы аяқтау керек болса, мердігерлер биылғы жылдың соңына дейін құрылыс жұмыстарын толық аяқтауды мақсат етіп отыр. Тосын кедергілер болмаса ойларының орындалатынына сенімді.

Қ. ӘБІЛ
Қарасай ауданы 

Қатысты жаңалықтар

 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

07.02.2026
Италияда Олимпиада ойындары басталды

Италияда Олимпиада ойындары басталды

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.