Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Көктемгі егіс: Табыс тәжірибеден келеді

19.04.2025
ЭКОНОМИКА
Көктемгі егіс: Табыс тәжірибеден келеді

Биылғы қыс қытымырлық көрсеткен жоқ. Ал көктем бұрынғыға қарағанда ерте шыққандай болды. Ауа райының қолайлылығы жетісулық шаруалардың көктемгі егіс жұмысымен тыңғылықты айналысуына септесті. Осы қатарда алакөлдік шаруалар егіс науқанын ертерек аяқтаудың қамында жүр.

Бүгінде Қабанбай ауылында қызу тірлік. Жер бауырын шаңдатқан соқалар мен дән сепкіш техникалардың гүрілі көңілге сенім ұялатады. «Көктемнің бір күні жылға азық» деп сенетін диқандардың қимылы ширақ. Сол қатарда Машен Байзақовтың егіс алқабына да соқа тісі тигелі біраз болды. Көктемгі мамыражай күнмен бірге қарбалас жұмыс басталған. Өйткені биыл шаруашылықтың егіс көлемі артып, жұмыс ауқымы да ұлғая түскен еді.

– Жалпы, егіс алқабымыз суармалы және тәлімді болып 350 гектар жерді құрайды. Биыл оның 150 гектарына қант қызылшасын, ал 200 гектарына май бұршақ себуді жоспарладық. Техникамыз, тұқым, тыңайтқыштар мен дәрі-дәрмек қорымыз жеткілікті. Көктемгі егіс науқанына қажетті техникалар толық жөнделген. Егіс жұмысын ертерек аяқтаймыз деген сенімдеміз, – дейді шаруашылық басшысы Машен Сембайұлы.

Машен Сембайұлы шаруашылықтың қыры мен сырын, дала жұмыстарының ыңғайын толық білетін кәнігі маман. Өйткені, ол ауданның әртүрлі саласында 42 жылдан артық қызмет етіпті. Соның ішінде ауылшаруашылығы саласына 39 жылын сарп еткен. Зейнетке шыққаннан кейін жеке шаруашылығының тізгінін ұстап, тынымсыз еңбектеніп келе жатқанына да 7 жыл өте шығыпты.

Мемлекеттік қызметте жүргендегі жетістігін айтпағанның өзінде жеке шаруа қожалығының тізгінін ұстағалы жинаған тәжірибесі де мол. Шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті жоғары,  технологиялар мен заманауи техникалар үрдісінен хабары мол болғандықтан әр ісін жоспармен жүйелеп жүргізеді. Осындай біліктілігін биылғы жылы да көпке үлгі етіп, мол өнімге жол ашатын құрал етпекші.

Қажет АНДАС,
Алакөл ауданы

Фото: baraev.kz 
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.