Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КӘСІПКЕРДІ МАЗАЛАҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

12.01.2025
ЭКОНОМИКА
КӘСІПКЕРДІ МАЗАЛАҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

Жетісу облысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Серік Егізбаев пен Николай Арсютин келді.


Халық қалаулылары «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі салалық кеңесі мүшелерімен кездесті. Бұл бизнесмендерге бірқатар проблемалық мәселелерді айтуға мүмкіндік берді. Басқосуда қант қызылшасын өсіруге қатысты мәселелер көтерілді. Өздеріңізге белгілі, егін жинау науқаны сәтті аяқталып, 635 мың тоннадан аса өнім алынды. 

Соған қарамастан, кәсіпкерлер бал тамырдың 30 мың тоннаға жуығы кәсіпорын бурттарында қалғанын сөз етті. Үкімет тапсырмасы бойынша былтыр қант қызылшасын себуге арналған алқап көлемі ұлғайды. Бұл көңілге қонымды. Десе де кәсіпкерлер тәтті түбірді ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіп-орындарға уақытылы тасымалдаудың мүмкін болмағанын, салдарынан бағалы дақыл бұзылып, айтарлықтай шығынға ұшыратқанын жеткізді.

– Суықтан болған зақымдану мен ластану тауар сапасына кері әсерін тигізіп, 30 пайыздан жоғары шығынға ұшыратты. Бұдан басқа, көлік құралдарының зауыттарда тұрып қалуын ескере отырып, шикізатты тасымалдау құны тоннасына 12 000 — 15 000 теңгеге дейін өсті, бұл өткізілген шикізаттың жалпы құнының 30 пайызынан астамын құрайды. Егер барлық шығынды ескеретін болсақ, онда шикізатты тазалау, оны зауытқа тасымалдау құны, маусымдық шығындарды қоспағанда, өсірілген өнім құнының кемінде жартысын құрайды, – дейді салалық кеңес мүшесі Секенбай Шенгелбаев.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының фермерлердің тілегіне құлақ аспауы – шаруалардың қызылша өсірумен айналысудың тиімді болып қалатынына күмәнін күшейтеді. «Кең дала» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі де қызу талқыға түсті. Аграрлық бизнес өкілдері бұл бағдарламаны қаржыландырудың жеткіліксіз екеніне алаңдаушылық білдірді. Кәсіпкерлер, сондай-ақ, өндіріс өнімдерін тапсыру үшін орын жетіспеушілігі, мал жаюға арналған жер тапшылығы мәселесін де көтерді.

Соңында депутаттар аграршылардың ескертулері мен ұсыныстарын назарға алып, оларды Парламенттің төменгі палатасының жұмысы шеңберінде одан әрі талқылауға уәде берді.

А. Байжұмақызы

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.