Талдықорған: +11°C
$ 510.84
€ 579.70
₽ 6.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

КҮЗ ЫРЫСЫ

04.10.2024
ЭКОНОМИКА
КҮЗ ЫРЫСЫ

Қызылша егістігінде қазір қызу науқан. Бұл ала жаздай төккен тер мен қажырлы еңбектің жемісін көрер кезең. 


Дала еңбеккерлерінің басты мақсаты – ел ырыздығын төкпей-шашпай жинап алу. Жуырда қызу еңбек жайын білу үшін алқапқа барып, шаруалардың қам-қарекетіне куә болдық. Нысанаға  Сарқан қаласының шет жағында қызу еңбекке кіріскен «Абдрахимов» шаруа қожалығы ілінді. Шаруашылық басшысының орынбасары Фархат Абдрахимов өнім шығымына риза. Айтуынша, өздеріне тиесілі 110 гектар алқапқа биыл алғаш рет қызылша тұқымын сепкен. Нәтижесі көңілден шығады. 

Биыл аталған шаруа қожалығы 250 гектарға арпа, 100 гектарға жүгері, 100 гектарға майбұршақ, 500 гектар алқапқа бидай еккен. Бұған қоса, өз өнімділігін байқатқан 110 гектар қызылша алқабы бар. Науқан кезінде техникалар қант қызылшасын қазып, жүк көліктеріне тиеуде. Шаруашылықта 4 адам тұрақты,             10 адам маусымдық жұмысшы ретінде нәпақа тауып жүр. Қазір егіс даласында қызу еңбек. 

– Ауа-райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, Жер-Ана тарту еткен несібені уақытылы жинап алу керек, – дейді Фархат Абдрахимов. 

Қожалық техникалармен толық қамтылған. Биылғы шығым көңіл көншітеді. Әр гектардан 275 центнерден өнім алынуда. Биыл аудан диқандары 2 921 гектарға қызылша екті. Тәтті түбір жинау жұмысы қыркүйек айының 14-жұлдызынан басталды. Бүгінде 873 гектар алқаптың әр гектарынан 497,1 центрден өнім жиналып, 43 393 тонна қызылша «Ақсу қант» зауытына өткізілді. Ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Өмірсадық ауарайы қолайлы болса жұмыстың нәтижелі болатынын айтады.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

12 қыз, 12 алтын

АЗИЯНЫҢ ІНЖУ-МАРЖАНЫ

24.05.2025
12 қыз, 12 алтын

12 қыз, 12 алтын

24.05.2025
Армандар орындалған күн

Армандар орындалған күн

24.05.2025
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛІ ДАМУДА

24.05.2025
Алқаптағы алқалы жиын

Алқаптағы алқалы жиын

24.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.