Талдықорған: +26°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Әлеуметтік қолдау көрсетеді

07.06.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысы ХХ ғасырдан бастау алды. Алғашқы кәсіподақ ұйымы 1905 жылдың 6 желтоқсанында қазіргі Қарағанды облысына қарасты Успенск мыс кен өндіру орнындағы жұмысшылардың бастамасымен құрылған. Кеңес үкіметі кезінде елдегі барлық кәсіптік одақтардың қызметімен Бүкіл Кеңестік Кәсіптік Одақтардың ХІХ Пленумының Қаулысымен 1948 жылы орталықтандырылған Қазақ Кеңестік Кәсіптік одағы айналысты.

1990 жылғы 10 қазанда қазақстандық кәсіподақтардың ХІV съезінде Қазақ Кеңестік Кәсіптік одағын Қазақ ССР-нің кәсіптік одағының федерациясына ауыстыру бойынша Декларация қабылданды. Федерация кәсіптік одақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан құқықтары мен мүдделерінің саяси партиялар мен жұмыс беруші мемлекеттік органдарға тәуелді болмай еркін қимылдауына жол ашты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақ ССР Кәсіподақтар Федерациясының атауы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының федерациясы болып өзгертілді. Бұл өтпелі кезеңде кәсіподақтардың қоғамда өз орнын тауып, заман ағымына сай қызмет көрсетуі үлкен іскерлікті қажет етті. Өзіндік міндеттері мен қойылған мақсаттарына қол жеткізуде жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын қорғап қалу үшін негізгі позицияны ұстана отырып қақтығысқа әкелетін түрлі митингі мен акциялардан аулақ болып, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға күш жұмылдырды. 
Бүгінде кәсіподақтар үкіметтік және бизнес өкілдерімен бірлесе заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруда жұмыс істеп келеді. Қоғамдық жүйенің саяси бөлігі ретінде үдемелі түрде өзгеріп жатқан құбылыстарға еңбекшілер бұқарасының игілігіне қызмет ету үлкен жауапкершілікті танытады. Қазақстанда қоғамдық институттардың, яғни кәсіподақтардың қызмет етуіне барынша қолайлы жағдай жасалған. Елде ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» Заң және «Еңбек кодексі» халық игілігі үшін жұмыс істейді. Бұл нормативті құжаттар әлеуметтік әріптестермен пікір алмасуды дамытуда үлкен әсер береді. Әрбір үш жыл сайын ҚР Үкіметі, республикалық жұмысшылардың қоғамдық бірлестіктері мен жұмыс беруші бірлестіктер арасында келісім жасалады. Бұл басты келісімде әлеуметтік, еңбек саласы бойынша тараптардың барлық мүддесі қаралған. 
ҚР Кәсіподақтар федерациясының соңғы съезінде «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік одақтары қызметінің 2015 – 2020 жылдарға арналған стратегиясы» қабылданды. Аталған құжатта лайықты еңбекақымен қамтасыз ету, жастар мен гендерлік саясатты іске асыру, әлеуметтік әріптестік арқылы кәсіби мамандарды даярлау, кәсіподақ қозғалысты реформалау сияқты аспектілер көрсетілген. Сонымен бірге өз қатарларына, мүшелігіне жалынды жастарды тарту маңызды. 2015 жылғы қаңтар айында құрылған «Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі облыстағы азаматтық қоғамның маңызды бөлігінің бірі саналады. Орталық құрылғаннан бері мекемелердегі еңбек ұжымдарын кәсіподақ қозғалысына тарту, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру, жұмыс істеп жатқан кәсіптік одақтардың қызметтерін ретке келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. 
Орталықта бірнеше комиссия, үйлестіруші кеңес бар. Оның құрамындағы кәсіподақ көшбасшыларының үшжақты комиссия отырыстарында өзіндік орындары бар. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күніне орай барлық кәсіподақ мүшелерін, біздің облыстағы мыңдаған кәсіптік одақ белсенділерін шын жүректен құттықтаймын! Бұл кәсіподақ қызметкерлерінің ғана емес, сондай-ақ, барлық салада қызмет атқарып жүрген еңбеккерлердің мерекесі. Себебі, олар өздерін тікелей кәсіподақпен байланыстырып отыр. Мерекенің мақсаты кәсіподақ қозғалысын насихаттай отырып оның бірлігін нығайтады және еңбек адамдарының құқығын қорғап, мәртебелерін өсіреді. Кәсіподақтардың күші – олардың көптігі мен бірлігінде және ынтымақтастығында. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!

Ә. ҚЫДЫРМАНОВ, 
«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 1489 мопед ресми тіркеуден өткен

Жетісуда 1489 мопед ресми тіркеуден өткен

22.04.2026
Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

Ардагерлер сайысында көксулықтар топ жарды

22.04.2026
Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

Қазақстанға автокөлік жеткізуші елдер рейтингі шықты

22.04.2026
Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

Көксуда «Novatech Construction» зауытының өндірістік жұмысы таныстырылды

22.04.2026
Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

Әлемдегі ең ірі айсберг А23а толық ыдырап барады

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.