Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА ЖОЛЫ: ҒАСЫРЛЫҚ ЖОБА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?

08.08.2021
ЭКОНОМИКА
ҮЛКЕН АЛМАТЫ АЙНАЛМА ЖОЛЫ: ҒАСЫРЛЫҚ ЖОБА ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР?
WhatsAppTelegramFacebook

Құрыш білекті құрылысшылардың еңбегін бір ауыз сөзбен түйіндеуге болмайды. Олардың ел экономикасына қосып жатқан үлесі ұшан-теңіз. Құрылысшылар болмаса, өндіріс орындары, жол, сапалы тұрғын үй, мектеп, аурухана салынбас еді. Яғни, құрылысшыларсыз алға жылжу мүмкін емес. Олар ғасырлық маңызы бар тарихи жобаларды жүзеге асырудың да басы-қасында жүреді. Бүгін, яғни, тамыз айының екінші жексенбісінде — аталмыш маман иелерінің кәсіби мерекесінде Алматы қаласының маңында басталған соңғы онжылдықтағы ең ірі жобалардың бірі — Үлкен Алматы айналма жолының (БАКАД) құрылысы жайлы тарқатып айтып көрейік.

Үлкен Алматы айналма жолын айтпас бұрын Алматының Түрксіб ауданын, сондай-ақ, Іле ауданының Покровка ауылын облыс орталығымен, Өтеген батыр кентімен байланыстыратын көпірге тоқталғанымыз жөн. Бұл күнде Кіші Алматы өзені арқылы өтетін осынау жол өзінің маңыздылығымен тарихта қалды. Бұл жол 1972 жылы салынған және жарты ғасырға жуық уақыт бойы жақсы қызмет етті. Ол кезде бұл екі жолақты қозғалысы бар, бетон тіректерге салынған, өте заманауи құрылым болды. Бұл көпірдің сәл оң қапталында соғыстан кейін салынған тағы бір көпір бар еді. Бүгінде бұл жерде уақытша айналма жол салынды, оның бойымен Алматыдан және қалаға кері қарай тығыз көлік ағыны сақталған. Қазіргі таңда Үлкен Алматы айналма жолының құрамдас бөлігі ретінде Покровкада құрылыс басталды.

Алматыны айналатын алып жолдың жобасы 10-15 жылдан бері айтылып келе жатыр. Жобаның жалпы құны 150 миллиард теңгеден асады. Ол концессиялық негізде, яғни, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен жүзеге асады. Ұзындығы 60 шақырымнан асатын көпжолақты жол Алматының шығыс, солтүстік және батыс шетінен, яғни, іргелес Қарасай, Талғар және Іле аудандарынан, 14 елді мекеннен өтеді. Ал құрылыс аяқталғаннан кейін бұл жол «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық магистралімен тепе-тең болады. Құрылысты Alsim Alarko және Mayol Inshaat (Түркия) шетелдік компанияларының консорциумы, сондай-ақ SK Ecoplant және Korea Expessway Corporation (Оңтүстік Корея) жүргізеді.

Нысанда қазақстандық компаниялар да жұмыс істейді, біз олардың бірінің өкілдерімен жұмыс орнында, Өтеген батыр ауылының кіреберісінде сөйлесуді жөн көрдік.

«L-VESA» ЖШС прорабы Олег Ерденбеков: «Біз түрік жол құрылысы компаниясының қосалқы мердігеріміз. Біздің міндет — бұл Покровка көпірін қысқа мерзімде бұзу. Біз айналма жол салдық. Жабдықтар, адамдар, тәжірибе бар, объектіде кідіріс жоқ. Бұл жерден батысқа қарай ұзындығы шамамен 700-800 метр болатын жаңа эстакада өтеді. Енді бас мердігер тереңдігі 20 метрден 30 метрге дейінгі диаметрі 1,5 метрлік монолитті бетонды бағаналарды құюға дайындық жасап, қазба және бұрғылау жұмыстарын жүргізуде. Шамамен бір жылдан кейін бұл жерде эстакада болады», — деді.

Олег, сонымен қатар, 20 жылдан астам құрылыста жүргенін, облыстағы және Алматыдағы түрлі нысандарда жұмыс істегенін айтты. Атап айтқанда, өңдеу, асфальт төсеу, жол жөндеу жұмыстарымен сапалы атқарған. Ол өкілдік ететін ЖШС Талғарда орналасқан.

— Біздің жұмыс жүйелі ұйымдастырылған. Мамандар үшін жақсы жағдай жасалған. Жалақының кешігуі ешқашан болмайды. Міне, сондықтан адамдар өз жұмыс орнын бағалайды, көпшілігі осы жерден лайықты демалыс үшін кетеді. ЖШС басшысы — жас, перспективалы көшбасшы, үшінші буындағы құрылысшы Алексей Белозеров есімді азамат. Осы сәтті пайдалана отырып, мен барлық әріптестерімді Құрылысшылар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық және жаңа шыңдарды бағындыруды тілеймін, — деді О.Ерденбеков сөз соңында.

Рамазан ЕЛЕШЕВ

Іле ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.