Талдықорған: +25°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

МАҚСАТТЫ ШАРАЛАРҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

29.07.2018
ЭКОНОМИКА
МАҚСАТТЫ ШАРАЛАРҒА ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

    Мәслихаттың кезектен тыс  ХХХІV  сессиясында облыстың экономикасы мен әлеуметтік жағдайын көтеретін бірнеше мәселе қаралды.  Онда облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы «Алматы облысының  2018 – 2020 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»  №26-128 шешіміне өзгерістер енгізу барысы сөз болды. Сондай-ақ, 2018 жылға арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау  жайы әңгіме арқауына айналды.  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы депутаттық фракцияның 2018 жылғы 6 айда атқарған іс-шаралары тыңдалды. ​

 

    Бірінші мәселе облыстық бюджетке өзгертулер енгізу барысына арналды.  Республикалық бюджеттен мақсатты шараларды жүзеге асыруға  қосымша  21,2 млрд. теңге  бөлінгендігі нақты цифрлармен айтылды. Мысалы,  ағымдағы нысаналы трансферттер  12,7 млрд. теңге, облысты дамытуға арналған нысаналы трансферттер  7,2 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер 1,3 млрд. теңгені құраған. Ағымдағы нысаналы трансферт көлемі  жаңартылған білім беру  бағдарламасына орай бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын  жүзеге  асыру, білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеу үшін  9273,1 млрд. теңге қарастырылған.  Автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге  2 399,1 млн. теңге,  инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 1845,6 млн. теңге,  елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға  1324,7 млн. теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға 1500 млн. теңге қарастырылған. 
   Сессияда  жергілікті бюджет есебінен келесі шараларға қосымша қаражат қарастыру ұсынылды. Тұрғын үй құрылысына 63,4 млн. теңге, картоп бағытындағы екі сервистік-дайындау орталықтарын құруға 134,9 млн. теңге,  «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 219,5 млн. теңге, оның ішінде  мектептерге WI-FI роутерлер арқылы кең жолақты Интернет желісіне  299,8 млн. теңге бөлінетіндігі айтылды. Сессия барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды жүзеге асыру  жайында әңгіме қозғалды.  Бұл орайда жол картасының аясында жыл сайын кем дегенде 5 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыру жоспарланған. Жиында екі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары бойынша  ұсыныс енгізілгендігі айтылды.  Бұл – «Алматы облысының Талғар ауданында мүгедек балаларға арналған күндізгі орталық»  және  «Текелі қаласындағы Спорт кешені»  жобалары. Бірінші жоба бойынша мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету және педагогикалық шаралар жүргізетін күндізгі орталық құру көзделеді. Бұл орайда мемлекет тарапынан шығын мөлшері  211,4 млн. теңгені құрайды.  Қаржы үш жыл ішінде жеке әріптеске төленуі тиіс. Екінші жоба бойынша  Текелі қаласындағы  Спорт кешенінде  ауыр атлетикамен шұғылдану үшін  екі зал қолданысқа берілмекші. Мекеме  «Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ оқушыларының қажеттілігіне қарай жабдықталады.  Мемлекет тарапынан шығатын шығын 41 млн. теңгені құрайды. Қаржы жекеменшік әріптеске бес жыл ішінде жалдау ақысы түрінде төленеді.  Бұл – бұқаралық спортты дамыту және спорт инфрақұрылымының  халыққа қолжетімділігін  арттыруға жұмсалады.
   Облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті жүзеге асыру белсенді  жалғасуда. Жалпы 2018-2019 жылдары  31 жобаны жүзеге асыру үшін  50,5 млрд. теңге бөлу жоспарланған. «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының        І жартыжылдықта атқарған іс-шаралары туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төр-        ағасының бірінші орынбасары  Ғалиасқар Сарыбаев   сөз алып, атқарылған шараларды егжей-тегжейлі айтып берді. 
– «Нұр Отан» партиясы қазақстандық көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейде де бағыт-бағдары айқын және даму барысы дараланған, саяси институтқа айналған ұйым, – деп бастады сөзін Ғалиасқар Төлендіұлы. Ол өз баяндамасында бірінші жарты жылдықта Елбасының саяси бастамаларын тұрғындарға түсіндіру, насихаттау мақсатында депутаттар   337  іс-шара өткізіп, 36 отырыста 28 ұсыныс берілгендігін және оның толығымен орындалғанын айтты. «Қазақстан – 2021:  Бірлік. Тұрақтылық.  Жасампаздық»  Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша   7 партиялық куратор және партиялық бақылау  комиссиялары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңестері өткізіліп,  63 рет құзырлы мекемелердің есептері  тыңдалып,  кемшіліктер бойынша берілген 23 ұсыныс шешімін тапқанын айтты. «Нұрлы жол»,  «Нұрлы жер»,  мемлекеттік, Үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру және Ұлттық қордан бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қадағалау үшін мәслихат депутаттарынан жасақталған 5 комиссия мүшесі  47 рейдтік тексеру жүргізген. «Жасыл екпелерді  күтіп-ұстаудың  және қорғаудың үлгілік қағидалары, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес облыстық мәслихат бірнеше шешім қабылдады. Оның қатарында құрылыс немесе басқа да шаралар өткізілген аумақтарды абаттандыру,  халықтың денсаулығын жақсартып,  мәдениетті өмір сүруіне жағдай жасау, жолдарды салу, коммуникациялық желілер тарту және сумен  кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстары,  жабындар құрылғыларды дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандарын  орналастыру, көгалдандыруды жобалау,  микроклиматты жақсарту,  ауа бассейні, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау  мен қызмет көрсететін аумақтарды құрғату және көгалдандыру, тазалау, жинау, санитарлық тазалау бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Сессияны облыс әкімі Амандық  Баталов қорытындылады.  
– Жалпы облыс бойынша атқарылып жатқан шаруаға көңіл толарлық.  Биыл Астана қаласының 20 жылдығы аталып өтті. Біздің облыс Жетісу саябағын ашып, бар байлығымызды көрсетіп, көпшілік демалатын жағдай жасап бердік.  Саябақ бүгінде елдің ең көп баратын демалыс орнына айналғанын естіп, қуанып жатырмыз.   Бірнеше лауазымды адамнан саябақтың сәулеті мен жайлылығына ризашылық білдірген жеделхат алдық.  Балабақшамен қамтуда мемлекеттік және жекеменшік әріптестік жақсы жолға қойылған.  Соңғы жылдары бірнеше балабақша ашылып, мектепке дейінгі мекемемен  қамту деңгейі өсті.  Жыл соңында балабақшамен қамту 97 пайызды құрауы тиіс, – деді ол  жетістіктерді нақты цифрмен айтып.  Облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы  биыл жаңадан 9 мектептің салынғанын,  оның сапалы тұрғызылуын  қадағалауды «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалына тапсырғанын  жеткізді.   Өңір басшысы кемшіліктерге де тоқтады. Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында жұмыссыздар саны өскен.  Билік басындағылар орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамтуды жандандыру керектігін тапсырды.  – Жақында барлық орынбасарларым өздері басқаратын сала бойынша есеп береді. Сол кезде қай жұмыстың ақсап жатқанын, кімнің жұмысқа салғырт қарап отырғанын анықтайтын боламын, – деді ол сөзін қорытындылап.  Сессия барысында негізінен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына зер салынды.   Жиын соңында еліміздің өркен жаюына өзіндік еңбек сіңіріп жүрген азаматтар «Астананың 20 жылдығы» медалімен марапатталды. 

Гүлжан ТҰРСЫН. 

 

Қатысты жаңалықтар

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026
«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі өтеді

«Сиверс алма ағашаның гүлденуі» фестивалі өтеді

22.04.2026
Болашақ АЭС: электр бағасы өсуі мүмкін бе?

Болашақ АЭС: электр бағасы өсуі мүмкін бе?

22.04.2026
300 мың бала алимент күтуде: Қазақстандағы берешек мәселесі

300 мың бала алимент күтуде: Қазақстандағы берешек мәселесі

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.