Талдықорған: +24°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Мемлекеттен қолдау көп

27.03.2025
ЭКОНОМИКА
Мемлекеттен қолдау көп
WhatsAppTelegramFacebook

Жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары қызатын күн жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес биыл егістік көлемі  510,7 мың гектарды құрайды. Оның 373,8 мың гектары көктемде себіледі. 

Биыл  295,3 мың гектар жерге дәнді, 89,7 мың гектар жерге майлы дақылдар егіледі. 12,2 мың гектарға қант қызылшасы мен  6,8 мың гектарға картоп, 8,9 мың гектарға көкөніс-бақша дақылдары және мал азығы дақылдарын 97,3 мың гектарға егуді жоспарлап отыр. 

Облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиковтың айтуынша, егіс алқаптарын әртараптандыру аясында бидай 2,9 мың гектарға, қант қызылшасы 1,5 мың гектарға, дәндік жүгері 1,1  мың гектарға қысқарады. Ал арпа, майлы дақылдар, картоп, көкөніс-бақша дақылдар ұлғаяды. 

Көктемгі дала жұмыстарының жоспары бойынша 127 мың гектарда ылғал жабу жұмысы жүзеге асты. 136,9 мың гектарды тырмалау, 246,8 мың гектар жер жырту және 373,8 мың гектарға жаздық дақылдар себу жұмыстары қолға алынуда.  

– Бүгінгі күнге 4,3 мың гектардың ылғалы жабылды. 0,6 мың гектарға тырмалау жұмыстары жүргізілді. Ескелді ауданында  44 гектарға масақты дәнді дақылдар себілді. Жаздық ауылшаруашылығы дақылдары тұқымдарын зертханалық тексеру жұмыстары жүзеге асырылуда. Тексеруге жататын 31,6 мың тонна жаздық дәнді дақылдар тұқымынан 28,5 мың тоннасы зертханалық тексеруге түсті. Ал Көксу қант зауытына 3080 себу бірлігі шетелден жеткізілді. Тұқымның басым бөлігі Германия, Франция, Даниядан алынды. Америкалық тұқымның 1000 себу бірлігі аптаның аяғына дейін елге жеткізілмек. Шаруалар үшін Көксу қант зауыты 6080 қант қызылшасының тұқымын беруге дайын. Бұл 4 мың 677 гектарды қамтиды. Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы 6267 себу бірлігі қарастырылған. Қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруалар өз қаражаты есебінен басқа тұқым жеткізушілерден сатып алуына да болады, – деді Бахтияр Шампиков.  

Биыл минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемі 58,8 мың тоннаға дейін ұлғайтылған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 49 мың тонна болған. Шаруалар  29,6 мың тонна  тыңайтқыш сатып алды.  Ал қоймадағы қорда  5,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар бар. 

Көктемгі дала жұмыстарына 5,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген. Наурыз айына қарастырылған 960 тонна дизель отынының 660 тоннасы шаруаларға жеткізілген. Мамандар алдағы уақытта дизель отынынан қиындық туындамайтынын тілге тиек етті.  

Көктемгі дала жұмыстарына 20,6 мың бірлік техника жұмылдырылады. Егістік алқаптағы жұмысқа 9452 трактор, 2659 соқа, 1537 сепкіш, 791 қопсытқыш, 6182 жер тырмалар дайын. Мұның барлығы 100% жөндеуден өткен. 

– Көктемгі дала және егінді жинау жұмыстарына Аграрлық несие корпорациясы арқылы 14,3 млрд. теңге несие қарастырылған. «Кең Дала-1» және «Кең Дала-2» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Шаруалар несиеге бөлінген қаржының 3,7 млрд. теңгесін алып, игеруде. Бүгінгі күнге дейін 195 шаруашылықтан 4,8 млрд. теңгеге өтінім қабылданып 106 шаруашылыққа 3,0 млрд. теңге несие берілді.  Қысқасы, шаруалардың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан қолдау жан-жақты көрсетіледі. Жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі. Білікті мамандар жұмыстың оңтайлы жүргізілуін тікелей қадағалауға алады, – дейді басқарма басшысының орынбасары.  

Еңлік Кенебай
Фото: Inbusiness.kz

Қатысты жаңалықтар

Байланыс аясынан тыс жерде

Байланыс аясынан тыс жерде

14.06.2026
Тіл – ұлттың жаны

Жарнама – тіл тазалығының көрінісі

14.06.2026
Бангкоктың ғажайып келбеті

Бангкоктың ғажайып келбеті

14.06.2026
Жайлы тұрмыстың негізі

Жайлы тұрмыстың негізі

14.06.2026
Гидротехникалық  құрылыс

Гидротехникалық құрылыс

14.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.