Талдықорған: +20°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ

18.06.2024
ЭКОНОМИКА
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ МІНДЕТІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен және Жетісу облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің мүшесі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Қ. Қарымсақовтың қатысуымен Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының ғимаратында мемлекеттік қызметшілер арасында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру семинар-конференция өтті.


Қатысушыларға Әдеп кодексі талаптары және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында олардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және нығайту бойынша Департаментпен жүргізілген қажетті жұмыстар жөнінде ақпарат айтылды.

Мемлекеттік қызметшілер қоғам тарапынан қойылатын талаптарға сай болуы тиіс. Себебі олардың басты міндеті – азаматтардың қоғамдық мүдделері үшін қызмет ету екені жиында егжей-тегжей талқыланды.     

Мемлекеттік аппарат ішіндегі және мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен, қоғаммен өзара әрекеттесуіндегі қарым-қатынас мәдениеті тұрғысынан мемлекеттік қызметтің негізгі принциптерін анықтау барысында көбінесе адами қасиеттерге, яғни мемлекеттік қызметшінің моральдық ұстанымдары мен құндылықтарына жоғары мән беріледі. Өйткені мемлекеттік қызметшілердің бойында дәл осы моральдық ұстанымдардың болмауы түбінде жағымсыз әрекеттерге, құқық- бұзушылықтарға, жемқорлыққа алып келеді. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін азайтып, мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіреді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің мемлекет тұрақтылығының кепілі екені сөзсіз. Олар ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін, халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен жылдамдығын қамтамасыз етеді және адалдықтың, әділдіктің, кәсіпқойлықтың үлгісі екенін көрсетуі тиіс.

Қазақстандық әрбір мемлекеттік қызметші өз қызметінде мінез-құлық қағидаларын реттейтін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін басшылыққа алуға міндетті. Кодекске сәйкес, олар жоғары кәсіби, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларды сақтауға тиіс. Әдептілік – өркениетті қоғамның адамгершілік қағидалары екенін есте ұстаған жөн.

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланысты жақсарту үшін жұмыс істеу қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Әдеп кодексінің қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсіну мен қолдануда маңызы зор. 

Егер бұрынғы редакциядағы Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге қойылатын моральдық-адамгершілік талаптарды да, олардың мінез-құлқының негізгі қағидаттарын да біріктірсе, жаңа редакцияда этикалық талаптар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасына жатпайтын өзге де ережелерден бөлек қарастырылады.

Өзгерістердің Кодекстің құрылымына да қатысты болғанын айта кету керек, «Мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары» атты жаңа тарау пайда болды. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі алты қағидатқа негізделген. Олар – адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретіндегі халықтың сұранысына бағдарлана отырып, жұртшылықпен жұмыс істеуге әзірлік танытуы және өз іс-әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толтырулар енгізу туралы 2023 жылғы 2 қарашадағы №396 жарлығымен Әдеп кодексінің мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға толықтырулар енгізілген болатын.

Ол жерде  мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерді орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну қажет делінген.

Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілерге адамгершілік бағыт-бағдар беруге арналған. Оның мақсаты мемлекеттік қызметшінің өз жұмысының маңыздылығына сенімділігін арттыру және кодексте көрсетілген барлық қағидаларды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтің жарқын үлгісі болғанына мақтаныш сезімін қалыптастыруы керек. Бұл, бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік аппараттағы кәсіби қызметпен айналысуға құқық беретін анттың бір түрі. Осылай ант беру арқылы мемлекеттік қызметшілер кодекс талаптарын бұзу қоғам мен мемлекет тарапынан сын тудыратынын түсінеді. Сәйкесінше, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың азаюына ықпал етеді.

Мемлекеттік қызметтегі жағымсыз әрекеттермен тек жазалау шараларын қолдана отырып күресудің тиімділігі шамалы, өйткені ең алдымен бұл құбылыстардың түпкі себептерін жою қажет. Бұл жағдай Әдеп кодексінің маңыздылығын көрсетіп отыр. Нақтырақ айтқанда, егер белгілі бір уәкілеттілікті теріс пайдаланудың, тәртіптік теріс қылықтардың, сыбайлас жемқорлықтың белгілі бір алғышарттары сақталатын болса, онда жағымсыз әрекет жойылмайды. Сондықтан уақытылы алдын алу шаралары, оның ішінде Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуының маңызды құрамдас бөлігі. Кәсіби әдеп пен іскерлік әдеп саласында қажетті білім деңгейін, оларды кәсіби қызметте пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету өте маңызды. 

Сонымен бірге Әдеп кодексінің нормалары – бұл мемлекеттік қызметшілер өздерінің мінез-құлқындағы құндылықтар мен сенімге негізделген принципті кез келген ортада басшылыққа алуы керек. 

Әдептілік норма моральдық талаптың бір түрі. Бір жағынан, әдептілік норма моральдық қатынастардың элементі ретінде, ал екінші жағынан – моральдық сананың формасы ретінде әрекет етеді. Ол өзінің міндеті, ар-ожданы мен әділеттілік идеясына сүйене отырып, мүлтіксіз орындауды талап ететін мінез-құлық түрінде көрінеді.

Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінің нормаларын бұзу бөлігінде Әдеп жөніндегі кеңес тәртіптік істердің қаралған кезінде Кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшілердің міндетті әдеп нормасын сақтауына баса назар аударады. Бұл қарым-қатынастың кез келген жағдайында теріс эмоцияларды тежеу, теріс ақпаратты жұмсарту және адамның қадір-қасиетін дөрекілік пен қызғанышты кемсітуге жол бермеу қабілетімен басқа адамға зиян келтіруге тыйым салу болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Мемлекеттік қызмет мінсіз атқарылуы тиіс.
Кездесудің қорытынды бөлімінде барлық мемлекеттік қызметкерлерді келе жатқан 23 мау-сым – Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесімен құттықтап, ерекше еңбек қызметімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген мемлекеттік қызметшілерге Алғыс хат табыс етілді.

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жетісу облысы бойынша департаменті

Қатысты жаңалықтар

Тарихпен тілдесті

Тарихпен тілдесті

21.06.2025
Кариялар жыр додасына түсті

Кариялар жыр додасына түсті

21.06.2025
Қызықты бір күн

Қызықты бір күн

21.06.2025
«QAREKET» командасы «Almaty TV Cup» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

«QAREKET» командасы «Almaty TV Cup» республикалық турнирінің жеңімпазы атанды

21.06.2025
Дін өкілдері Абайды ұлықтады

Дін өкілдері Абайды ұлықтады

21.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.