Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Мұнай өндірісі рекорд жаңартты, бірақ ТМД елдерінің үлесі азайып барады

1 тамыз 2025
ЭКОНОМИКА
Мұнай өндірісі рекорд жаңартты, бірақ ТМД елдерінің үлесі азайып барады

energyprom.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Мұнай жаһандық экономиканың негізгі тірегі әрі маңызды геосаяси ресурс ретінде өз маңызын жоғалтқан жоқ. Аталмыш шикізат түрі тек экономикаға ғана емес, мемлекеттер бюджетінің толықуына, саяси одақтардың құрылуына, санкциялар енгізу мен стратегиялық қысым жасауға тікелей әсер етеді.

Energy Institute ұйымының деректеріне сәйкес, 2024 жылы әлемдегі мұнай өндіру көлемі тәулігіне 96,9 миллион баррельге жетіп, тарихи рекорд орнатты. Бұл – ОПЕК+ ұйымына мүше және одан тыс елдердің өндіріс көлемін ұлғайтқанын көрсетеді. Мұнай өнеркәсібі қазіргі таңда да мемлекеттік табысты қалыптастыру, инвестиция тарту және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаруда.

Тәуліктік мұнай өндірудің жартысына жуығы тек төрт елге тиесілі: АҚШ, Сауд Арабиясы, Ресей және Канада.

  • АҚШ – әлемдегі ең ірі өндіруші ел. Соңғы 10 жылда бұл ел мұнай өндірісін 80 пайызға арттырып, 2014 жылғы 11,8 млн баррельден 2024 жылы 20 млн баррельге жеткізген.

  • Сауд Арабиясы мен Ресей тиісінше тәулігіне 10,9 млн және 10,8 млн баррель өндіруде.

  • Канада – 5,9 млн баррель/тәу.

Мұнай өндірісі бойынша әлемдік топ-10 елдің қатарына сонымен қатар Иран (5,1 млн), Ирак (4,4 млн), Қытай (4,3 млн), БАӘ (4 млн), Бразилия (3,5 млн) және Кувейт (2,7 млн) кіреді.

Қазақстан да мұнай өндірісі бойынша әлемдегі ірі өндірушілер қатарында. 2024 жылы елімізде орта есеппен тәулігіне 1,8 млн баррель мұнай өндіріліп, Қазақстан әлем бойынша 12-орынға ие болды.

Жалпы, 2024 жылы әлемде 4,5 млрд тонна мұнай өндірілген. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 0,6 пайызға артық. Алайда ТМД елдерінің үлесі жыл сайын азайып келеді. 2024 жылы ТМД елдері 656,3 млн тонна, яғни 14,4 пайыз үлеспен шектелді.

ТМД елдері ішінде ең көп мұнай өндірген – Ресей: 526,4 млн тонна (2023 жылмен салыстырғанда 2,8% кем). Одан кейін Қазақстан – 87,6 млн тонна (2,7% төмен). Сондай-ақ:

  • Әзербайжан – 29,2 млн тонна,

  • Түрікменстан – 9 млн тонна,

  • Өзбекстан – 1,9 млн тонна,

  • Қалған ТМД елдері – жиынтығында 2,3 млн тонна мұнай өндірген.

2025 жылы Қазақстан өндірісті ұлғайтты: 2025 жылғы қаңтар–маусым аралығында елімізде 49,8 млн тонна мұнай өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға артық.

Алайда Қазақстанның өндірісті арттыруы ОПЕК+ ұйымы тарапынан алаңдаушылық тудыруда. Себебі бұл альянстың басты мақсаты – әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру үшін өндіріс көлемін үйлестіру.

Дереккөз: energyprom.kz

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.