Талдықорған: +17°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

МӘЖІЛІСТІҢ ҚОС ДЕПУТАТЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ

12.07.2021
ЭКОНОМИКА
МӘЖІЛІСТІҢ ҚОС ДЕПУТАТЫ ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әлия Әбсеметова мен Данияр Әлімбаев Жамбыл ауданының бірнеше ауылын аралады. Депутаттармен аудан әкімі Нұрлан Ертас, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек бірге жүрді. Бұл туралы «Жетісу» газетінің тілшісі хабарлады.

Халық қалаулылары алдымен Жамбыл ауылындағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ, осындағы композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіш-кесенесінде құран бағыштатты. Музей ішін аралап, биыл туғанына 175 жыл толып отырған жыр алыбынан қалған құнды жәдігерлермен танысты. Музейдің шағын конференц-залында ауыл ақсақалдарымен, ақ жаулықты аналармен сұхбаттасты.

Өзі осы ауданның тұрғыны, осыннан депутаттыққа сайланған Әлия Маратқызы сөзінің басын үлкен іске кірісер алдында өзі үнемі Жамбыл баба басына тәу етіп келетінінен бастап, сайлаушылар үмітін ақтауға барынша тырысатынына сендірді. Парламенттегі Әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі депутаттар құрамы жаңарғанын, өңірдегі өзекті мәселелерді қозғау, елді мекендерді дамыту, ана мен бала жағдайын жақсартуғатоқталып, жамбылдықтардың ұсыныс-тілегін тыңдады.

Кездесуде ауыл ақсақалы Бақыт Балайұлы тұрғындардың тыныс-тіршілігінен хабардар етіп, халық қалаулыларының жұмысына сәттілік тіледі. Одан кейін депутаттар Қарасу ауылдық округіне қарасты Сарыбай би ауылында дәрігерлік амбулаторияның ішін аралап көріп, дәрігерлермен тілдесті. Жалпы құны 297 миллион теңгелік емдеу орны «Жол картасы» аясында салынып, жуырда пайдалануға берілген. Заманауи медициналық құралдармен жабдықталған медициналық мекемебір ауысымда 25 келушіні қабылдауға арналған. Мұнда бір жоғары білімді дәрігер, 6 медбике, акушер және фельдшер жұмыс істейді.Емдеу мекемесінде ауылдық округтегі 4 елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғынына медициналық қызмет көрсетіледі.

Мәжіліс депутаттары аудан орталығында Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінде ұстаздармен кездесті. Оқу орнында кейінгі жылдары жүзеге асырылған айтарлықтай оң өзгерістер мен алдағы жобалар туралы аудан әкімі Нұрлан Ертасұлы қысқаша хабардар етіп, жұмысымен тереңірек колледж директоры Болат Алтаев таныстырды.

Ол мұнда ауылға керекті алты мамандыққа оқытылатынын, білімгерлердің жағдайы, материалдық-техникалық жабдықтауға мемлекеттен 180 миллион теңге қаржы бөлінгенін, жаңа ауыл шаруашылық техникалары алынып жатқанын,аудандағы шаруа қожалықтарымен бірлесе жұмысістеу тәжірибесі туралы айтты. Халық қалаулысы, тоғыз баланың анасы Әлия Әбсеметова өзінің де екі баласы осы колледжде оқығанын тілге тиек етіп, ешкімге қол жаймай, өз нанын өзі тауып жейтін кәсіп иелерін дайындап шығаратын осындай оқу орындарының маңыздылығын атап өтті.

Мекеменің жетістігіне сүйсінген депутаттар азаматтық қорғаныс, қауіпсіздік, экологиялық сауаттылыққа баулу, тәрбие мәселелеріне мән беріп, алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Мереке Жұмагерейді тыңдады. Негізінен жас ұстаздар жиналған басқосуда аудандағы жастар жайы сұралып, бұл туралы жаңарған жергілікті мәслихатқа сайланған жас депутаттар – аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Балжан Досалы мен кәсіпкер Айдын Жүнісов ой-пікірлерімен бөлісті. Мәжілісмендер оқуға қабылдау комиссиясының жұмысын жүргізіп отырған қызметкерлерден биыл қандай мамандыққа құжат тапсырушылар көбірек екенін сұрап білді.

Депутаттар Қарғалы ауылындағы №3 орта мектептің басшылығымен және тұрғындармен кездесіп, елді мекеннің шешілмеген мәселелеріне назар аударды. Осы ауылда Қарғалы өзенінің бойында салына бастаған су электр стансасы құрылысының барысымен танысты. «Биаш-Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жобалық құны 1 млрд.262 млн.теңге, жылдық қуаттылығы 3 мегаватт су электр стансасы іске қосылғандамұнда 10 адам жұмыспен қамтылады. Құрал-жабдықтары австриялық озық үлгіде болмақ. Осы жылы пайдалануға беру жоспарланған жоба жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда.

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Жамбыл ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.