Талдықорған: +18°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

НАҚТЫ ҚАДАМ ЖАСАЛУДА

22.09.2018
ЭКОНОМИКА
WhatsAppTelegramFacebook

   Картоптың орны бөлек. Күнкөріс көзін дәл осы дақыл түрінен тауып отырған аудан диқандары алдағы уақытта картоп өнімін молайтуға зор мүмкіндік алды. Аудан әкімі Жолан Омаров бастаған ауылшаруашылығының мамандары Текес ауылдық округіндегі картоп алқабын аралап, шаруа жағдайымен танысты. 

 

   Облыс әкімі Амандық Баталов таулы өңірде картоп өсіруге қолдау көрсетіп, бюджеттен қомақты қаражат бөлген еді. Соның арқасында Голландиядан 290 тонна таза элиталық картоп тұқымы сатып алынды. Бүгінде шетелдің «Санте» мен «Агрия» тұқымы мол өнім береді деп күтілуде. 
   Жалпы 238,950 келі картоп тұқымы 72 гектарға егілді. Мұның ішінде Текестегі картоп өсірумен айналысатын «Өркен», «Ерік», «Ретай», «Ақжол», «Самғат» сияқты қожалықтар бар. Олар да аталған жаңа тұқым түрін егуге көшті.
Элиталық картоп тұқымының өнім беру мүмкіндігі анағұрлым жоғары екенін мамандар айтып отыр. «Санте» мен «Агрияны» 4 жыл бойы отырғызып, мол өнім алуға болады. Сырты тегіс, сары түсті шетелдік тұқымды еге білсең, ол жер таңдап, топырақ талғамайды. Осының арқасында ауданның топырағы құнарлы алқаптары аз күнде берекеге толды. Бұл тұрғыда шаруа қожалықтары картоп күтуде түрлі зиянкестермен дер кезінде күресіп, шығымды  сақтады. 
– Облыс әкімінің қолдауымен іске асып отырған картоп шаруашылығымен, шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен таныстық. Жігіттер жаңа картоп тұқымын күтіп-баптауда еш аянып қалған жоқ. Қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып, мол өнім алуды көздеп отыр, – дейді «Өркен» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Нүсіпқожаев. 
   Иә, осы тұста облыста картоп отырғызатын, өнім жинайтын, жерді құнарландыратын жаңа техника алу үшін 500 млн. теңге бөлу жоспарланып қойғанын айта кеткеніміз жөн. Осы бағытта істеліп жатқан жұмыстар да өз нәтижесін бере бастағандай. Оны аудан басшысы картоп отырғызылған алқаптарды аралап көрген кезде көз жеткізді.   
Аудан әкімі Жолан Омаров диқандардың төккен тері мен істеген еңбегінің еш кетпегеніне қуанды. «Санте» мен «Агрия» элиталық тұқымының бір түбінің өзінен 13-17 жаңа түйнектің шығым бергенін байқадық. Аталған шетелдік екі тұқымнан 300-350 центнерден өнім алуға мүмкіндік бар. Бұл өз кезегінде аудан диқандары үшін жаман көрсеткіш емес. 
Келер жылға шаруа қожалық иелері 720 гектарға картоп егуді жоспарлап отыр. 
 Нарынқолдың картобын қалпына келтірудегі нақты қадамдарға ел де ерекше қуанышты. Екінші нан деген атауы бар  картоп аз уақытта аясын кеңейтеді деп сенеміз. Оған біздің диқандардың толық мүмкіндігі бар. 

Серікжан МҰрасІлов
Текес ауылы,
Райымбек ауданы

 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.