Талдықорған: +17°C
$ 506.21
€ 568.42
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

НАУҚАН АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ

20.11.2024
ЭКОНОМИКА
НАУҚАН АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ

Қазан айының алғашқы аптасынан алқаптарына орақ салған жаркенттік жүгерішілер далалық науқанды қарашаның басында белуардан асырып, қырмандарын «дала аруының» қызыл дәніне толтырды. 


алпы есеппен әр гектардан 70 центнерден дән жиналуда. Округтерге қарасты ауылдардың қырмандарына 163149 тоннадан аса жүгері әкелініп, жергілікті тұрғындардың қатысуымен сұрыптау, кептіру жұмыстары жүргізілуде. Қырмандарға 800 тонна жүгері дәні, 19749 тонна собығымен тасып әкелініп, соның 109800 тоннасы сатылды. Оның 87 мың тоннасы Жаркент крахмал-сірне зауытына, 22800 тоннасы жем тартатын кәсіпорындарға өткізілді. Әзірге 32800 тонна дән мен собықты жүгері шаруалардың өз қоймаларында мал азығына қалдырылды. Бұл көрсеткіш науқан толық аяқталғанға дейін тағы өсуі мүмкін.

Жаркент өңірінде қараша айының екінші жартысына дейін жалпы өсірілген 23400 гектар жүгері алқабының 23290 гектары орылып болды. Қалған 100 гектардан аса алқаптағы «дала аруының» дәні ай соңына дейін тұтас жиналмақ. Өңірдегі жүгері жинау науқаны Көктал, Пенжім, Бірлік, Шолақай, Үлкеншыған ауылдық округтерінде қарқынды жүргізілді. «Көктал Агро» ЖШС мен «Оразбай Б.З.», «Айкерім», «Ернар» жеке шаруа қожалықтары егістігін тамшылатып суару арқылы гектар өнімділігін арттырды. 

Биыл жүгерінің «Марко», «Пионер» және «Тұлпар» сұрыптарын жалпы 6620 гектар жерге өсірген Пенжім ауылдық округінің диқандары қазір астық жинауды барынша жедел атқаруда. Округтегі «Беширов», «Райысов», «Бейсебеков», «Қожамбердиев» ЖШҚ жүгері алқаптарындағы ору жұмысын аяқтап, бірнеше комбайн тасымалдаушы жүк көлігі мен тіркемелі трактор кезектегі қожалықтардың жүгерісін орып, жинауға атсалысуда.Техникалардың күндіз-түні тоқтаусыз жұмыс атқаруына бар жағдай жасалған.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қызды некеге мәжбүрлеп алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізілмек – Мәжіліс депутаты

Қызды некеге мәжбүрлеп алып қашқандарға қылмыстық жаза енгізілмек – Мәжіліс депутаты

14.05.2025
Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

Мемлекет басшысы Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянды қабылдады

14.05.2025
Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады

14.05.2025
Қандай жағдайда жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Қандай жағдайда жасанды интеллектті қолдануға тыйым салынуы мүмкін

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.