Талдықорған: +23°C
$ 533.61
€ 621.07
₽ 6.78
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ӨНІМ МОЛ, КӨМЕК ЖЕТКІЛІКТІ

02.12.2024
ЭКОНОМИКА
ӨНІМ МОЛ, КӨМЕК ЖЕТКІЛІКТІ

Жетісулықтар биыл қант қызылшасынан мол өнім алды. Оны «Көксу қант» зауытының айналасындағы қызу тірлік бір дәлелдесе, егіс алқаптарындағы жанталас жұмыс нақтылай түседі. Көксу ауданының Мұқыры ауылына қарасты «Жалайыр» шаруа қожалығының қызылшашыларымен кездескенде осы ойымызға  көз жеткізе түстік. 


 – Биыл аудандағы 172 шаруа қожалығы 2337 гектар қант қызылшасын екті. Қыркүйек айының 15 жұлдызынан бастап өнім жинап, қант зауытына өткізу жұмысы басталды. Міне, содан бері күзгі науқандық жұмыс бір тынған жоқ. Бүгінгі күнде аудан қызылшашылары «Көксу қант» зауытына 89 мың тонна, «Ақсу қант» зауытына 9 мың тонна өнім өткізді. Қазылып, арнайы жерге жиналған 33 мың тонна қант қызылшасын зауытқа тасу жұмысы жүргізілуде. Науқандық жұмыстың  соңына жетіп қалдық. Енді 16 шаруа қожалығының 92 гектар жерге себілген қант қызылшасын жинап бітсек, ойлаған жоспар толығымен аяқталады. Ауданда қант қызылшасын жинайтын 31 комбайн бар, оның 20-сы тіркемелі, қалғаны өздігінен жүріп, қазып, тиейтін техника. Техника жағынан қиындық жоқ. Алдағы бір апта көлемінде жұмыс толығымен аяқталады. Қазіргі есеп бойынша гектар түсімі 560-600 тонна айналасында болып тұр, – дейді Көксу аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Данияр Белижанов.

Биылға қант қызылшасы өнімінің мол болуына облыстық әкімдік тарапынан көрсетілген көмекті ерекше атап айтуға болады.  Әсіресе, лизингпен техника сатып алған шаруашылықтардың қатары арта түскен.  Соның бірі «Жалайыр» шаруа қожалығы. Қуатты техниканың арқасында өздеріне тиесілі 23 гектар жердің қызылшасын жинап, зауытқа өткізіп үлгерген шаруашылық енді басқа шаруа қожалықтарының жұмысына көмектесіп жүр.

– Шаруашылығымыз құрылғалы 10 жылдан асты. Қазір 200 гектардан астам суармалы жеріміз бар. 2018 жылдан бастап лизингпен техника алып, шаруашылық жұмысын кемелдендіре түстік. Қолымызда егін шаруашылығына қолданылатын барлық техника толық. Биыл 72 млн. теңгеге қант қызылшасын жинайтын 1 комбайн, жер жыртатын 1 трактор және соқа алдық. Лизингпен техника алу шаруашылыққа өте тиімді. Оның 50 пайызы үкімет тарапынан субсидияланады. Келесі жылы 50 гектар жерге қант қызылшасын себуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан алдағы уақытта да лизингпен керекті техника сатып алуды ойластырып жүрмін, – дейді «Жалайыр» шаруа қожалығының жетекшісі Мақсат Абдырахманов. 

Қант қызылшасының егіс алқабы артып, өнім көлемі артқан сайын ауыл тұрғындарына да жұмыс көбейген. Көктемгі егіс жұмысынан бастап күзгі егін жинау науқаны аяқталғанға дейін егіс басынан нәпақасын айыратын диқандар қатары көбейген.

– 2000 жылдан бері ауылшаруашылығы жұмысына атсалысып нәпақа тауып келеміз. Биыл ауылдастардың дені қант қызылшасына жұмыс істеп жүр. Ауылдас әйелдер бірігіп, топ құрғанбыз. Комбайнның артында қалған масақтарды жинап, күніне 7-8 мың теңге қаржы табамыз. Жұмыс таңғы 9-дан кеш батқанша жалғасады, – дейді Мұқыры ауылының тұрғыны Рысқан Жабықбаева.

Рысқанның тобындағы барлық жұмыскердің де көңілі көтеріңкі. Үйреншікті жұмыс оларды жалықтырмайды. Қайта алдағы күндерге деген сенімін үкілеп, ұмтылдыра түседі. 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

Мінезі бар мызғымас ерге біткен

18.07.2025
Жетісудың жайсаңы

Жетісудың жайсаңы

18.07.2025
Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

Металлургия – ел дамуының берік іргетасы

18.07.2025
Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтары жойылды

18.07.2025
Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдықты қорытындылады: жалпы өлім 4,2%-ға төмендеді

18.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.