Талдықорған: +19°C
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

29.05.2020
ЭКОНОМИКА
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Ақсу ауданында барлығы 3167 гектар жерге қант қызылшасының тұқымы себілді. Соның ішінде, 180 гектар алқапқа себілген тәтті түбір «Ақсу қант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі. Жаз бойы күтіп-бапталып өсірілген бағалы дақыл күз айында жинала бастайды. Сол себепті қант зауыты алдағы науқандық жұмыстарға қызу дайындық үстінде.

Осыған байланысты Алматы облысының әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров аталған кәсіпорында жүргізіліп жатқан жұмыстарды көру үшін арнайы атбасын бұрды.

Өнім сақтайтын қойманы көруден бастаған Серікжан Іслямұлы кәсіпорынды тұтас аралады. Мұндағы жұмыстармен қант зауытының басшысы Самат Надырбаев таныстырды. Байқағанымыздай, зауыттағы ескірген құрылғылардың басым бөлігі жаңартылған. Жөндеу жұмысы барлық талапқа сай іске асырылып жатыр. Мамандар да өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруда.

Қазіргі кезде бұл жерде жүзден аса адам еңбек етеді. Жазғы маусымда оған тағы жүз шақты адам қосылатын болады. Ал күзгі науқан басталған сәтте олардың саны алты жүзге дейін жетіп, өнім өндіруге кіріседі.

Облыс әкімінің орынбасары кәсіпорынның жұмыс барысымен танысқан соң зауыт қызметкерлерімен бас қосып, жалпы зауытта қандай проблемалар барын сұрап, білді. Мұндағы мақсат — маусымдық кезең басталған сәтте әлдеқандай кедергілер туындамас үшін осы бастан түйінді мәселелерді шешіп алу. Осы орайда мамандар ойларын ашық айтып, тұшымды жауаптар алды.

Серікжан Іслямұлы биыл «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы зауытты іске қосып, 20 қыркүйекте жұмыстың басталатынын және қазір ешбір проблеманың жоқ екенін жеткізді. Су шаруашылығы саласына жауапты мамандар биыл ауа райына байланысты өзендердегі су деңгейі былтырғыға қарағанда 40 пайызға төмендегенін айтып өтті. Сол себепті олар облыс, аудан әкімдігімен бірлесе отырып, тәулік бойы суару жүйесін енгізу бойынша келісім жүргізіп, жұмыс атқарып жатқан көрінеді. Сондай-ақ, «Ислам» даму банкінің қаржыландыруы аясында өңірдің суару жүйелерін қайта құру жобасы жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, өңірде қант қызылшасын себумен айналысатын алты сервистік дайындау орталығы жұмыс істейді. Оның сыртында төрт ірі шаруа қожалығы қызылша себуге арналған техникалармен толық қамтылған.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Ақсу ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жартылай финалда

«Жетісу» жартылай финалда

26.04.2026
Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

Дәстүрлі медицина дәруіш пе?

26.04.2026
Сән мен болмыс

Сән мен болмыс

26.04.2026
Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

Ақыл сататын коучтар ақылды ма?

26.04.2026
Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

Болашаққа бала шақтың қандай әсері бар?

25.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.