Талдықорған: +25°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚОЛДАУ БАР, ҚОРҒАУ ШАМАЛЫ

05.02.2021
ЭКОНОМИКА
ҚОЛДАУ БАР, ҚОРҒАУ ШАМАЛЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Осыдан жарты ғасырдың алдында қай елдің әскері қуатты болса, сол ел кемелді мемлекет саналатын. Қазіргі таңда қай елдің кәсіпкерлігі, соның ішінде шағын және орта бизнес саласы өркендесе, сол ел қуаттылықтың өлшеміне айналды. Өйткені, қазіргі әлем жаһанданудың жалпы қағидасына бағынып отыр. Мұнан біз де сырт қалмаймыз.

Бүгінгі таңдағы жаһандану кісілік болмыстан гөрі экономикалық қатынастарға ықпал ете бастады. Өйткені, қазіргі адамдар өзіне керекті тұрмыстық техника, көлік, құрал-жабдық, киім-кешек, тағы басқа да толып жатқан қажетті дүниені көп жағдайда базардағы дүкендерден емес, интернет арқылы іздеуге ауысты. Дүниенің қай түкпірінде болса да өзіне керекті және ұнатқан тауарына кедергісіз қол жеткізе алатын болды. Еліміз де геосаяси әлемде өмір сүретіндіктен бұл заңдылықтан тысқары қала алмайды. Сондықтан мемлекет ұлттық экономиканың өзгелерге тәуелділігінен қорғау үшін бар мүмкіндіктерді пайдаланып, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырып, тыңғылықты жұмыстарды атқарып келеді. Бірақ оған біздің кәсіпкерлер дайын ба?
Кеңестік экономикалық қатынастар келмеске кеткеннен кейін Кеңес одағының шекпенінен шыққан Орталық Азия елдері өздеріне ыңғайлы экономикалық бағыттарға ауысты. Әр ел әртүрлі жол ұстанды. Солардың ішінде еліміз нарықтық экономикаға көшуді қуаттап, осы әдіс арқылы күйреген экономиканы қайта құрудың қадамын басты. Нарықтық экономика біздің тұрмыс қағидамызды өзгерткенімен экономикалық тұрғыда тезірек аяғымыздан тұрып кетуге, кәсіпкерліктің әдіс-тәсілін меңгеруге мүмкіндік берді. Оның үстіне, көрші Қытай елінің өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының ортасынан бері жүргізген халық- аралық саудаға бейімделген шағын және орта бизнес субъектілерін сауықтыруға бағытталған саясаты еліміздегі кәсіпкерлік саласының жетілуіне қозғау салды. Дегенмен, оның кедергілі тұстары көп болды. 
Жылдар өте келе жұмыс күші көп және арзан, оның үстіне дамушы және даму үстіндегі елдердің тұрғындарының қажеттілігіне сай тауар өндіруге көшкен қытайлық шағын және орта бизнес саласы өндірген өнімдерімен көрші елдердің базарын жаулап алып, есін енді жиып келе жатқан көрші елдердегі бәсекелестерін өрге бастырмай тастады. Оның ең басты факторы ретінде мынадай бірнеше түйінді атауға болады. Ең алдымен, отандық кәсіпкерліктің бәсекелестік қабілетінің төмендігі. Кейінгі он жылдың көлемінде еліміздегі шағын және орта бизнес өкілдері көптеген отандық және ұлттық тауар маркасын ойлап тапты. Бірақ олар базардағы бәсекелестікте үстемдік ете алмады. Оған бағаның қымбаттығы, сапаның нашарлығы себеп болды. 
Кәсіпкерліктен кемелді жол табу азаматтардың сауаттылығы мен іскерлігі, еңбексүйгіштігімен тікелей қатысты. Халқымызда: «Жас келсе іске» деген нақыл бар. Бүгінгі жастар қолданылмалы техниканы толық біледі, инновациялық бағытта жұмыс істей алады, қолға алған әр бастамасынан үлкен нәтиже шығаруға күш-қуаты жетерлік. Бірақ нақты жағдай біз ойлағаннан бөлекше екенін жасырып қайтеміз. Оған облыстық кәсіпкерлік басқармасы тарапынан «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған байқаудың комиссия мүшесі болған кезде көз жеткіздік. Сол кезде көңіл қуантатын да, жүрек жылытатын да істердің куәсі болғанымды айта кетпесем болмайтын сияқты. 
Байқаудың бір қуантқаны – 18-29 жас аралығындағы кәсіпкерлерге 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік қайтарымсыз грант берілетіндігі. Бұл арманы  бар да дәрмені болмай жүрген жас кәсіпкерлердің  бизнес саласында жол табуына үлкен мүмкіндік береді. Ал өкіндіргені – байқауға қатысқан жастардың біліксіздігі мен ұсынған жобаларының тым жұтаңдығы,   байқаудан кейінгі арыз-арман мен талас-тартыстың жиі орын алғандығы. 
Жалпы байқауға 200-ге жуық жас кәсіпкерден өтінім түсті. Оның да өз талабы бар екен. Ең бастысы, ұсынған жобасының инновациялық құндылығы болуы шарт. Өкініштісі, байқауға қатысқан жастардың көбі инновация дегеннің не екендігін түсінбейтін болып шықты. Жобаларды зерделеп көргенімізде олардың дені киім тігетін немесе құрылыс материалдарын шығаратын цех құру туралы бастама көтерген. Шеге жасап, тазалық қағазын өндіруді армандайтын жастар да жетерлік көрінді.  Бірақ бұл жобалардың инновациялық құндылығы тым аз.
Әрқандай инновациялық жоба жергілікті жерде қолдау таба ма? Жоқ па? Өндірген өнімнің базардағы сұранысы бар ма? Өзге де бәсекелестері алдында табан тіреп тұра ала ма? Осындай сан сауалға бас қатырғандары кемде-кем. «Алдымен мектеп директоры болып алайын, сосын диплом ала саламын» дегеннің керісі. Ең қызығы, жобаны қорғау барысында екі қолын қалтасына салып, ұялы телефонын көтеріп келгендер көп болды. Көбі атқаратын жұмысын ауыз толтырып айтқанымен осыған дейін сол жұмысты қол салып істеп көрмегені байқалып тұрды. Тек ақша қолға тисе, керекті құрал-жабдығын сатып алып, тау қопарып, жер көшіретінін айтқанда, кәсіпкерліктің айы оңынан туғалы тұр екен деп қаласың. Әйтсе де бұл кезең сөздің емес, істің, іскерліктің дәуірі ғой. Ыстық, суығын көріп,  отымен кіріп, күлімен шығып, бір сүрініп, бір тұратын жұмыс барысынан өтпеген кәсіптің болашағы да баянды болмайтыны белгілі. 5 млрд. теңге қаржымен ашылған кәсіпорындар тоқырауға түсіп жатқанда, 5 млн. теңгемен базарды жаулап кету деген ойланатын дүние. Демек, жастар әлдекімдердің көмегімен жазылған бизнес жобасын санасымен жүзеге асыруға ұмтылатындығы көңілге күдік ұялатты. Тіпті, байқауға жобасын ұсынған кейбір үміткер тілді-жақты асаба жігіттерді де жалдап әкелгені белгілі болды. Олардың бойындағы қазақы қаныңды толқытатын сөздеріне қарап,  жобасын өткізіп-ақ жібергің келеді. Алайда ұсынғаны «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарадының» өзі болып шықты. Сондай-ақ, бұрынғы жылдары осы грантқа ие болып, кәсібін жүргізіп, бұл ретте сол жобаны інісі мен туысының атынан қайта рәсімдеп, грантка ұсынған кәсіпкерлер де кездесті. Өзге облыстарда қорғалған жобалардың өнімін сатып әкеліп, жаңалық ашқысы келіп, білініп қалғандары да ұятқа қалып жатты.  
Байқауға ұсынылған жобалардың бәрі іске алғысыз деуден аулақпыз. Жалпы, өміршеңдігі бар, белгілі нәтижеге жетуге болады деген 66 жоба мақұлданып, оларға 141 млн. теңге қаржы қылдай бөлініп берілді. Десе де, осы жобалардың дені Алматы қаласының айналасындағы аудандардан келген үміткерлер. Бұл жағын зерделеп көрген кезде жобаға үміткерлердің кәсіпкерлік объектісін Алматы маңындағы аудандарға тіркегенімен өздерінің Алматы қаласында жұмыс істейтіндігі белгілі болды. Демек, мегаполисте жүзеге асқан жобаның ауылды жерлерде белгілі өнімділік жарататындығы анық. Бірақ олар грантты алғаннан кейін өз арманын сол тіркелген елді мекенде жүзеге асырмай, Алматыдағы өнімін есепке енгізіп, көзбояушылыққа бармай ма деген де ой қалды санада. Өйткені, жас кәсіпкерлердің үздік жобасын мемлекеттік қайтарымсыз грант арқылы қолдаудың түпкілікті мақсаты – ауылдық жерлерде тоқыраған кәсіпті жандандырып, ауыл жастарының жұмысқа орналасуы мен кәсіпке бейімделуіне өнеге көрсету. Егер біздің күдік шынға айналса, ауылға тағы да өркениеттің лебі жетпей қалатыны анық. Сондықтан тиісті мекемелердің осы жағынан қадағалауды күшейтуі керек сияқты. 
Грантқа ие болған енді бірқатар жобалар  аудан орталықтарының еншісіне тиді. Демек, бұл қолдаудың лебі шалғай елді мекендерге жетпей тұр деген сөз. Ол жергілікті атқарушы органдардың жастар кәсіпкерлігіне салғырт қарайтынын көрсетеді. Өйтпесе, ауылдарда темір мен ағаштан түйін түйіп, мал өсіріп, оның сүті мен етін, терісі мен жүнін кәсіптің көзіне айналдыра алмай жүрген жастар көп. Қолы ісмер болғанымен кәсібін дөңгелентіп әкететін заманауи құрылғыларға қол жеткізе алмай жүргендері қаншама? 
Осы жоба барысында Райымбек, Кеген, Панфилов, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарынан егін мен мал шаруашылығы саласында жаңалық ашуға бағытталған бірнеше жоба келіп түсті. Оларды қолдауға барынша пейілді болдық. Өйткені, қазақты ғасырлар бойы асырап келген атакәсіпті жандандыратын шағын және орта бизнес субъектілерінің көбеюі экономикамыздың көтерілуіне де, ауыл жастарын жұмыспен қамтып, армандарын жүзеге асыруға да мол мүмкіндік береді. 

Түйін:  Ашығын айтқанда, жастар кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау жеткілікті. Инновациялық та, әлеуметтік жобаларды қолдаудың да сан түрлі жолы бар. Өкінішке қарай, жоғарыда айтқандай, жастардың көшірме, көзбояушы дүниелерге бейім екенін байқап қалдық. Тіпті, осы барыста  бұрынғы жылдары қолға тиген грантқа қымбат тон сатып алған немесе көлік мініп алған деректерінің де болғанын естідік. Бұл айналып келгенде жастардың өзіне жасаған қиянат, елдің болашағына келтірген зиян. Бір сөзбен айтқанда, ауыл жастарын қолдаудың әлі де жүйеге түспегені көрініп тұр. Грантқа ие болған жобаларды жыл бойы қадағалауда ұстамақпыз.  Олардың әрбірінің атқарған шаруасы туралы алдағы уақытта саралап отыратын боламыз. Соңғы нәтижесін жыл соңына қарай шығарамыз.

Қажет АНДАС
 

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.