Талдықорған: +16°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚОШҚАРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

02.10.2018
ЭКОНОМИКА
ҚОШҚАРЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Біліктілік орталығы» ЖШС тапсырысы негізінде «Қазына» агрохолдингінің қолдауымен, «Қойлық» кооперативінің ұйымдастыруымен «Қозы етінің экспорты» және «Қой шаруашылығындағы кооперация» атты тақырыпта семинар-кеңес өтті. Талдықорған қаласының шет аумағындағы «Ерасыл» этноауыл кешенінде ұйымдастырылған шараға ғалымдар, қой шаруашылығы саласындағы мамандар мен шаруа қожалықтарының иелері қатысты. Сондай-ақ, министрлік өкілдері де келді.

Аталған шара аясында алғаш рет шетелдік қошқарлардың мұздатылған ұрығымен лапароскопиялық ұрықтандыру бойынша ота жасау және қой сұрыптауды қолмен басқару жүйесі бар мобильді қора тәжірибе ретінде көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен бірге, облыс бойынша жалпы жүлде қоры 300 мың теңгені құрайтын ең үздік қошқар көрмесі мен көзмерген сайысы да осы жерде көрсетіліп, жиналғандарды таң-тамаша етті. Семинар барысында қатысушылар үшін шеберлік сыныптары өткізіліп, дәрістер тыңдалды.

Мал тұқымын асылдандыру, қолдан ұрықтандыру, көбейту, жүн өндірісін өркендету, етті экспортқа шығару, ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтау, шаруаларға қаржылай көмек көрсету, субсидия алу, несие беру, ғылым мен білімді ұштастыру, жастарды осы салаға тарту сияқты көптеген мәселе жан-жақты әңгімеленіп, талқыланды. Шаруалар тарапынан қойылған сұрақтарға да жауаптар қайтарылды. Осыған байланысты «Қазына» агрохолдингінің төрағасы Алмасбек Садырбаев, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің басшысы Еркебұлан Ахметов, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу иститутының директоры Нұрлан Тілеулесов, «Қазақстан Республикасының АӨК ассоциациясының заңды тұлғалар бірлестігі» басқарушы директоры Төлебай Мендоразов, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Нұрлан Малмаков, сондай-ақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыс бойынша филиалдарының өкілдері, тағы басқалары сөз сөйлеп, ойларымен бөлісті.

Бұдан соң қазылар алқасының бағалауымен етті, жүнді бағыттағы үздік қошқарлар анықталып, иелеріне ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Қошқар салмағын көзбен көріп, дәл тауып айтқан көзмерген азаматтарға да сыйлықтар берілді. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шарада Қаратал, Көксу, Кербұлақ, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарынан келген шаруашылықтар Шопан ата төлін көрмеге қатыстырды. Негізінен жарысқа түскен қошқарлар 82 келі мен 103 келі аралығында салмақ тартты.

Нәтижесінде етті бағыт бойынша Ақсу ауданының Қызылағаш ауылындағы Берікбол Базарбаевтың 93 келі тартатын гемпшир тұқымды қошқары 1-орынды жеңіп алса, жүнді бағытта 1-орын Қаратал ауданының «Бақыт-Қаратал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бұйырды. Олар әкелген қошқардың салмағы 102 келі тартты. Жалпы, екі бағытта өткен сайыста қошқарлардың бойы, жасы, кеудесінің көлемі, салмағы және тұқымының тазалығы есепке алынды.

– Бұл қазақтың биязы жүнді, қаратал типті қошқары 12-14 келіге дейін, ал саулығы 5-6 келі жүн береді. Ал жүннің нарықтағы бағасы 1000 теңге. Қазіргі кезде жүнге деген сұраныс көп. Жылына 30 тонна жүн өткіземіз. Ендігі кезекте осы тұқымды көбейтіп, экспортқа шығарсақ деп отырмыз. Бүгінде 7 мыңға жуық қойымыз бар, – дейді жеңімпаз атанған «Бақыт-Қаратал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Серікжан Жексембиев.

– Шараның негізгі мақсаты – біздің компанияның құрылғаннан бергі 11 жыл ішінде жеткен нәтижесін көрсету. Осы жылдар ішінде біз шағын шаруашылықтан танымал агрохолдингке айналдық. Бастапқыда бізде асыл тұқымды 93 бас болған. Қазір 2,5 мың басқа жеткіздік. Оның басым бөлігі аналық, қалғаны таза асыл тұқымды қошқарлар. Біздің негізгі тұқымымыз гемпшир және суффольк немесе қазақи тез жетілетін қошқар. Біз тек етті бағытта жұмыс істейміз. Өйткені, қазір әлемге тамақ керек. Өздеріңіз жарыста көрдіңіздер, меринос қойларын ұстайтындар ренжімесін, бұл қошқарлардың салмағы 80 келіден аспайды, – дейді «Қазына» агрохолдингінің төрағасы Алмасбек Садырбаев.  

     Жеңімпаздарға 1-орынға 150 мың теңге, 2-орынға 100 мың теңге, үшінші орын алғандарға 50 мың теңге берілді.

                                                        Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.