Талдықорған: +10°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ОТАНДЫҚ ГАЗ АЗИЯ НАРЫҒЫНА ШЫҚТЫ

20.10.2017
ЭКОНОМИКА
ОТАНДЫҚ ГАЗ АЗИЯ НАРЫҒЫНА ШЫҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook
Қазақстан Қытайға газ экспорттауды бастады. «Бейнеу –Бозой – Шымкент» магистральды құбырынан «Орталық Азия – Қытай» трансұлттық құбырына алғашқы газ жіберілді. Қазақстан аумағындағы табиғи газды экспорттау маршруты 3 мың шақырымды құрайды, тасымалдау процесіне 10-нан астам компрессорлық стансы жұмылдырылған. 

Газдың алғашқы бөлігін құбырға жіберу Шымкент қаласы маңындағы «Ақбұлақ» өлшеу стансысы мен «ҚазТрансГаздың» Астанадағы диспетчерлік орталығы арасындағы онлайн байланыс арқылы жүзеге асырылды. Енді жыл сайын Қазақстан Қытайға 5 млрд. текшеметр «көгілдір отын» жеткізеді. Болашақта оны 10 млрд. текшеметрге жеткізу жоспарланған. Оған құбырдың техникалық мүмкіндігі әбден жетеді. Осылайша көгілдір отын экспортының екінші бағыты ашылып отыр. Бұрын газ тек Ресей арқылы Еуропаға тасымалданатын. Жаңа жобаның құны 3,5 млрд. долларды құрады. Биыл елімізде 40 млрд. текшеметр газ өндірілсе, оның 16 миллиарды шетелдерге шығарылады. Ал 14 млрд. текшеметрі ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыруға жеткілікті. 
ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл оқиғаны тарихи сәт деп атады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ Қытай тарапымен өте табысты келісім жасады. Шығысқа жөнелтілетін 5 млрд. текшеметр бұл ауқымды жұмыстың басы ғана. Алдағы уақытта оны екі есеге дейін көбейте аламыз. Бұл оқиғаны отандық газ саласының дамуындағы жаңа белес деп айтуға болады», – деді министр. 
 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев аталған шараны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің орындалуы екенін атап өтті. «Ел Президенті оңтүстік өңірлерді үздіксіз және тұрақты түрде газбен қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндеттің толығымен орындалғанын көріп отырмыз. Енді газ саласында жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске қосу арқылы Қытай Халық Республикасына өзімізден артылған газды сату мүмкіндігі туды» – деген пікірін білдірді. 
Жалпы газды шығыстағы нарыққа шығару жолы оңай болған жоқ. «ҚазТрансГаз» компаниясы орасан күш жұмсап, еліміздегі негізгі газ маршруттарын әртараптандырды. Түрікменстаннан бастау алып, Өзбекстан арқылы өтетін «Орталық Азия – Қытай» трансұлттық газ құбыры мен «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырын және ондаған компрессорлық стансыларды іске қосты. Осының арқасында өзімізден артылған газ Қытайға экспорттала бастады.
 
Ескендір АРҒЫНБЕКОВ, Алматы қаласының тұрғыны: 
– Еліміздің газ саласы үлкен қадам жасады. Қытай нарығы өте үлкен, тіпті шексіз деуге болады. Сондықтан оларға газ сату – үлкен табыс әкелері сөзсіз. Осының арқасында Алматы қаласы мен облысында тұтынылатын газ көлемі артады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері осындай үлкен жетістікке қол жеткізіп отыр. Мен өте қуаныштымын. Алматы облысының шалғай ауылдарына да енді көгілдір отын жеткізіледі деп ойлаймын. 
Белгілі сарапшылар бұл оқиғаны – отандық газ саласындағы ең іргелі бетбұрыс деп бағалауға болатынын айтып отыр. Кеңес дәуірінде орталыққа ғана бағытталған газ құбырларының ағыны енді шығысқа бет бұрды. Бұл экономикалық және сауда мүдделеріміздің жаңа деңгейі деуге тұрарлық қадам. 
Еліміздің ішкі нарығының сұранысы да толық өз газымызбен өтеліп отыр. Оның бағасы әр өңірде әрқилы. Дегемен, қазақстандық тұтынушылар ішкі нарықта газды арзан бағаға алып отырғанын осы рәсім барысында «ҚазМұнайГаз» басшысы Сауат Мыңбаев та растады. Оның пікірінше, «ҚазТрансГаз» компаниясы тауарлық газ операцияларынан және экспорттан түскен табысы есебінен ішкі нарықты субсидиялап, газ бағасын көтермей отыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір жыл бұрын ұлттық оператордың ішкі нарыққа арзан газ сатудан көрген шығыны 50-60 млрд. теңге деген ақпарат жарияланған болатын. 
  

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.