Талдықорған: +19°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ҚОҢЫР КӨМІРДІҢ ҚЫЗУЫ

31.07.2021
ЭКОНОМИКА
ҚОҢЫР КӨМІРДІҢ ҚЫЗУЫ
WhatsAppTelegramFacebook

2000 жылдан бері қарай «Ойқарағай» көмір кенішінде Ләззат Ботабекова басқаратын «Бүркіт» отын-энергетикалық компаниясы жұмыс жүргізіп келеді. Ойқарағайдың көмірі оп-оңай алақанға сала қоятын көмір емес. Жеті қат жердің астында жатыр десек, артық айтпағандық. «Бүркіт» компаниясы басшылығының ұтымды ұйымдастыруы, толымды істерінің арқасында көмір кеніші жұмысын тоқтатқан емес. Жыл сайын өңір тұрғындарын тамызықты қажет етпейтін, қызуы мол «Б» маркалы, «3Б» тобындағы қоңыр көмірмен тұрақты қамтамасыз етуде.

Жердің геологиялық құрылымы көрсетіп отырғандай, жер астындағы көмірдің қабаты 10 метрге дейін жетеді. Көмірдің үстіндегі топырақтың қабаты 55-57 метрге дейін барады. Содан болар, көктем, жаз маусымы басталысымен аталған көмір кенішінде көмірдің үстіңгі топырақ қабатын аршу жұмыстары қауырт жүргізіліп, қараша айының 1 жұлдызына дейін созылып жатады. Сол тынымсыз еңбекке, ауыртпалықтарына толы уақыттарда жыл сайын көмірдің беткі қабатынан 250 мың тоннаға дейін топырақ сыртқа шығарылады. Бұл үшін республикадағы Жаңатас, Кентау, Жетіқара, Қарағанды қалаларынан 30 тонналық «БелАЗ» ауыр жүк көліктері шақырылады. Бұл жұмыс үшін Алматы қаласынан 250 тоннаға дейін жанар-жағармай тасымалданады. Көмірдің әр тоннасының бағасы оны шығаруға жұмсалар шығындармен есептеледі. Соңғы жылдары «Ойқарағай» кеніші көмірінің әр тоннасы 7500 теңге тұрады. Ауқатты, мүмкіндігі бар өңір тұрғындары қысқа жетер көмірлерін бір-ақ жеткізіп алып жатады. Жыл сайын «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамына қарасты Қарағанды филиалы «Б» маркалы қоңыр көміріне сәйкестік сертификатын береді. «Ойқарағай» көмір кенішінде көмірді өндіру кезінде жер қойнауының ластануына жол бермеу шаралары орындалып келеді. 

Жыл сайын көмірдің беткі қабатынан 250 мың тоннаға дейін топырақ сыртқа шығарылады. Бұл үшін республикадағы Жаңатас, Кентау, Жетіқара, Қарағанды қалаларынан 30 тонналық «БелАЗ» ауыр жүк көліктері шақырылады.

Мұнда еңбек ететін 33 адамға барлық жағдай жасалған. Арнайы киімдермен, аяқкиімдермен қамтамасыз етілген. Үш уақыт ыстық, дәмді тамақ беріледі. Жылы да жайлы жатын орындары бар. Монша күн сайын жұмыс істейді.

– «Ойқарағай» көмір кенішіндегі жұмыс ауыр. Қиындығына көніп, ауыртпалығын көтерген жандар ғана мұнда жұмыс істей алады. Мұнда еңбек ететін 33 адамға барлық жағдай жасалған. Арнайы киімдермен, аяқкиімдермен қамтамасыз етілген. Үш уақыт ыстық, дәмді тамақ беріледі. Жылы да жайлы жатын орындары бар. Монша күн сайын жұмыс істейді. Уақытылы көтеріңкі жалақыларын алып тұрады. Аудан аумағынан екі студент Қ. Сәтпаев атындағы Қаз­ҰТУ-да дәріс алуда. Оның сыртында жұмысшыларымыз біліктілікті арттыру курстарынан өтіп тұрады. Жыл сайын Райымбек, Кеген аудандары аумағындағы ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қамқорлықты қажет ететін отбасыларына тегін көмір беріледі. Біз елдің алғысын, ақ батасын алған сайын әр күнгі жұмысымызға деген ынта-ықыласымыз арта түседі, – дейді «Ойқарағай» көмір кенішінің директоры Жарас Нұрғазиев.

Ойқарағайдың қоңыр көмірі шын мәнінде облыс орталығынан ең шалғай, теміржолдан алыс, көгілдір отын келе қоймаған тау қойнауына қоныс тепкен тұрғындардың шаңырақтарына шуақ сыйлап, берекелерін кіргізіп келеді. Егер Ойқарағайдың көмірі болмаса, өңір тұрғындары Алматы қаласының маңындағы отын базалары арқылы көмірді тұтынатын болса, қандай күйде болар еді? Өйткені, қала жақтан жеткізілетін «Шұбаркөл», «Қаражыра» көмірлерінің әр тоннасы Кеген өңірінде 27 мың теңгеден тұрады. Ойқарағайдың көмірін арнайы тасымалдап сататындар Нарынқол аймағында әр тоннасын 12-13 мың теңге көлемінде сатады. Кеген ауылындағы отын базасында оның әр тоннасы 14 мың теңгеден сатылып келеді. Кеген ауылының тұрғындары ауыл маңынан отын базасының ашылғанына, ондағы көмір бағасының тиімділігіне дән риза. 
Орайы келгенде, біз аталған отын базасында жұмыс істеп жатқан Кегенбек Мұқановтай азаматтың атына жылы лебіз білдіреміз. Аталған көмір кенішінен жыл сайын 30 мың тоннаға дейін қоңыр көмір өндіруде оның еңбегі зор. Жалпы, жыл өткен сайын көмірдің сапасы да жақсаруда. Ертең ерте шоғымен маздап тұратын көмір ешқандай тамызықты қажет етпейді. Компания басшылығы көмір мөлшерін көбейте түсуді жоспарлап отыр.
 Қазіргі таңда республика аумағын айтпағанның өзінде таулы өлке тұрғындарын уақытылы, сапалы көмірмен қамтамасыз ету үшін жыл он екі ай тынымсыз жұмыс істеп жатқан, көмірдің үстіңгі қабатын аршуға арналған 6-7 айға созылатын қиындықтарды көтеріп жүрген «Ойқарағай» көмір кенішінің еңбегі еленулі, маңдай терлері бекер кетіп жатқан жоқ. Олар 2014 жылы Ұлттық Бизнес Рейтингінің қорытындысымен Қазақстан Республикасы бойынша «Сала көшбасшысы» Ұлттық сертификатымен марапатталды. «Бүркіт» отын энергетикалық компаниясының басшысы Ләззат Ботабекова «Қазақ экономикасының даңқ жұлдызы» орденіне, көмір кенішінің директоры Жарас Нұрғазиев «Ерен еңбегі мен жетістіктері үшін» деп аталатын медальға ие болды. 
Компанияның жетекшісі Ләззат Ботабекова республикамызда кәсіпкерлік саласы бойынша «Жыл адамы», Райымбек ауданының Құрметті азаматы атанды. «Ойқарағай» көмір кеніші 2016 жылы «Сауда үздігі – 2016» республикалық байқауында «Ең үздік көтерме сауда кәсіпорны» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленіп, дипломымен марапатталды. 
Жалпы, кеніштің басшылығы Райымбек, Кеген аудандарындағы ізгілікті іс-шаралардан сырт қалған емес. Өңірдің мерейлі тойларына, соған орай шыққан кітаптарға қолдау көрсетіп келеді. 
Қытымыр қыста шаңырағыңның жып-жылы болып тұрғанына не жетсін?! Ендеше, соған негіз қалап жүрген «Ойқарағай» кенішіндегі азаматтардың қолдары қуатты болсын!

Қанат БІРЖАНСАЛ
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.