Талдықорған: +20°C
$ 461.37
€ 542.16
₽ 6.14
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛДІ

26.10.2018
ЭКОНОМИКА
ПРЕМЬЕР-МИНИСТР ТАЛДЫҚОРҒАНҒА КЕЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Кеше кешқұрым ҚР Премьер-Министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ Мемлекет басшысының биылғы Жолдауда халық табысын өсіру және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіруге қатысты  берген тапсырмасын орындау аясында селекторлық кеңес өткізді. Селекторлық кеңеске облыс әкімі Амандық Баталов пен өңірдегі ірі кәсіпорын жетекшілері, бизнесмендер қатысқан еді.

Селекторлық жиында сөз сөйлеген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова баяндама оқып, өңірлердегі төмен жалақы алып отырған қызметкерлер мен жұмысшылардың санын түгендеп берді. Ал облыс әкімдері 42,5 мың теңгеге дейін жалақы алатын, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеруде қолға алынған шараларды таныстырды.

Жиында еліміздің ірі және орта кәсіпорын басшылары да өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Елбасы Жолдауындағы еңбекақыны көтеру мәселесін бизнес өкілдерінің де қолдайтындығын жеткізді.  

Соңында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Инвестиция және даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және коммуникациялар министрліктеріне, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне төменгі жалақы төленетін жұмысшылар санаттарына қатысты еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді және барлық жерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

***

Ал бүгін таңертең Үкімет басшысы Талдықорғанға ұшып келді. Бақытжан Әбдірұлын облыс әкімі Амандық Баталов күтіп алды. Үкімет басшысы мұнда Үшарал қаласындағы әуежайдың шағын макетімен, даму көрсеткішімен танысып, Алакөл жағасындағы құрылыс жұмыстары туралы есепті тыңдады. Жоба жұмыстарын облыс әкімі өзі баяндап берді. Талдықорған әуежайындағы кездесуден кейін Үкімет басшысы Панфилов ауданындағы «Нұр жолы» бекетіне аттанып кетті. Мұнда Премьер-Министр «Қорғас» ынтымақтастық орталығының жұмысын көріп, бірқатар құрылыс нысандарымен танысады деп күтілуде. Сондай-ақ, «Нұркент» қаласының даму жоспарына өз бағасын бермек. Түс ауа Талдықорған қаласына қайтадан келіп, Салтанат сарайы, Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, № 28 ІТ лицейі ғимараттарымен танысып, медицина қызметкерлерімен, бизнес өкілдерімен, білім саласының мамандарымен кездесу өткізбек.

Қажет АНДАС

Фото — Аслан ҚАЖЕКЕ

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

22.04.2026
Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

Сурдлимпиада жүлдегері Рамазан Әбдрасілге пәтер табысталды

22.04.2026
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

«Жетісу» Азия чемпиондар лигасында титулды қорғауға аттанады

22.04.2026
Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

Текеліде ұлттық кітап күніне орай «Оқы. Ойлан. Бөліс» шарасы өтті

22.04.2026
Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

Депутат: «Әр 15 мектептің біреуінде директор жоқ»

22.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.