Талдықорған: +16°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ІРІ КӘСІПОРЫНДАР ЕКПЕНІҢ АРҚАСЫНДА ТОҚТАУСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

26.08.2021
ЭКОНОМИКА
ІРІ КӘСІПОРЫНДАР ЕКПЕНІҢ АРҚАСЫНДА ТОҚТАУСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР
WhatsAppTelegramFacebook

Аймақтың көптеген ірі кәсіпорындарында COVID-19-ға қарсы егу науқаны аяқталды. Вакциналанған азаматтар мен қалыптасқан ұжымдық иммунитеттің арқасында кәсіпорындарда жұқтыру фактілері анықталмады әрі өндірістің өсу қарқыны сақталып отыр.

Бүгінде «Шин-Лайн» компаниялар тобында қызметкерлердің 75 пайызы коронавирустық инфекцияға қарсы егілді. Балмұздақ шығаратын еншілес «Шин-Лайн» ЖШС-да жұмысшылардың 89 пайызы вакцина алды. «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин алғашқылардың бірі болып екпе cалдырды. Осылайша жеке үлгісімен қызметкерлер арасында вакциналау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

– «Шин-Лайн» компаниясында қызметкерлер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұжымда вакциналау жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл – адамдарды COVID-19 жұқтырудан қорғаудың, ал кәсіпорынға тоқтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік берудің бірден-бір сенімді тәсілі деп санаймыз. Екпе салдыру науқаны кәсіпорында 15 сәуірде басталды. Біз өнімнің қауіпсіздігіне байланысты барлық нәрсеге жауапкершілікпен қараймыз. Сондықтан санитарлық қызметтердің ұсыныстарын басшылыққа аламыз және үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Өз қызметкерлерін вакциналау қажеттілігі туралы ақпараттандыру — басшылықтың маңызды міндетіне айналды, – дейді Андрей Шин.

Өңірде фармацевтика саласында табысты қызмет атқарып отырған кәсіпорынның бірі «Kelun – Kazpharm». Зауытта 312 адам жұмыс істейді. Кәсіпорын өкілдері осы жылдың мамыр айында басталған егу науқаны барысында қызметкерлердің жартысынан астамы вакцина алғанын атап өтті. Компанияның дәрілік заттарды тіркеу жөніндегі менеджері Абай Масақбаевтың айтуынша, ол өзін және отбасын коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупінен қорғау мақсатында бірінші болып екпе салдырды.

– Коронавирус пандемиясы бір жылдан астам уақыттан бері таралып келеді және оның қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Бетперде кию, жеке гигиенаны сақтау, арнайы әлеуметтік қашықтықты сақтау мен вакциналау күнделікті өмірде эпидемияның алдын алудың ең тиімді шаралары болып табылады. Сондықтан ауырғаннан гөрі, екпе салып, сау жүрген артық, – дейді ол.

«Kelun-Kazpharm» мамандары егу науқаны кәсіпорынның дәрі-дәрмектерді үздіксіз өндіру мен жеткізуді жалғастыруға мүмкіндік бергенін айтады. «Қазіргі таңда медициналық препараттар ерекше тауарлар санатына көшті. Осы себепті, әсіресе, эпидемия кезінде өнімді сапалы жеткізуді қамтамасыз ету керек. Баршамыз үшін күрделі кезеңде мемлекеттің вакциналау туралы үндеуін қолдап, әлеуметтік жауапкершілігімізді танытуымыз керек», – дейді олар.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 24 тамыздағы жағдай бойынша өңірде COVID-19 вакцинасының бірінші компонентімен 647 744 адам егілді. Вакцинаның екінші компонентін 515 544 адам алды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді

03.05.2026
Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

Аида Балаева көші-қон жүйесін реформалаудың басым бағыттарын атады

03.05.2026
Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

Ел аумағында ауа райы тұрақсыз: тұман, жаңбыр және дауыл байқалады

03.05.2026
Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

Десанттық-шабуылдаушылар чемпионатының үздіктері анықталды

02.05.2026
Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Жетісуда «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

02.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.