Талдықорған: +36°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЕЗЕ АСАДА

18.06.2024
ЭКОНОМИКА
ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЕЗЕ АСАДА

Су – тіршілік көзі екенін дана халқымыз бұрыннан білген.  Өйткені ол табиғат пен адам өмірі үшін өте қажет. Онсыз тіршілік атаулы жойылып, өмір тоқтайды. Сондықтан, бұл қазір де өте маңызды саланың бірі.


Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан су шаруашылығы мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы орайда «Қазсушар» РМК Жетісу филиалының биылғы вегетациялық кезеңде атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтсек. Жалпы, бұл мекеме облыс бойыша 6 аудандық өндірістік учаске қарамағындағы 180 438 гектар жерге және Алматы облысының 3 ауданына, Ұйғыр және Шеңгелді өндірістік учаскелері мен Балқаш ауданының 32 184 гектар суармалы алқаптарына қызмет көрсетеді. Яғни, аталмыш мекеме қызмет көрсететін жалпы жер алаңы 212 622 гектарды құрайды.

Балқаш–Алакөл бассейндік инспекциясының 2016 жылғы № 367 бұйрығына сәйкес филиал бойынша 2016–2025 жылдарға бекітілген су пайдалануға арналған рұқсат бойынша су алу көлемі 1 596 285,9 мың м3. Ақешкі, Алмалы, Ащыбұлақ жұмыс тәртібі Балқаш–Алакөл бассейндік инспекциясымен келісіліп, су шаруашылығы комитетімен бекітілген, ал Қызылағаш су қоймасының жұмыс тәртібі «Казгипроводхоз» ЖШС-мен келісілген. Су қоймаларындағы су көлеміне күнделікті мониторинг жүргізіледі.   

Осыған байланысты деректер күнделікті орталық аппаратқа, төтенше жағдай басқармасына және Балқаш–Алакөл бассейндік инспекциясына жолданып отырады. Вегетациялық кезеңге өндірістік учаске бөлінісінде 140 017 гектар суармалы алқапқа су тасымалдау қызметі бойынша су пайдаланудың жоспарланған су көлемі 1 091 633,9 мың м3. 

Бүгінгі таңда ұзындығы 104,457 шақырымда механикаландырылған тазарту,  211,7 м3 бетон жұмыстары, 13 бірлік гидротехникалық құрылыстар, 9 бірлік гидрометриялық бекеттерді жөндеу мен салу жұмыстары іске асқан. Барлық өндірістік учаскелерде су тұтынушылардың өтініміне сәйкес су беріліп, вегетациялық кезең қалыпты жағдайда өткізілуде. Жетісу облысында Ислам Даму Банкі қарыз есебінен «Ирригация және дренажды қалпына келтіру» жобалары жүзеге асып жатыр. 

Бұл жобалардың негізгі мақсаты – суармалы жерлердің сумен қамтылуын арттыру үшін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтіру және бұрын істен шыққан суармалы алқаптарды ауылшар- уашылығы айналымына қайта қосу. Жобалар Ақсу, Көксу аудандарында іске асырылуда. Сондай-ақ, Көксу ауданы бойынша суару жүйелерін қайта жаңғырту жобасына түзету жұмыстары жүргізілуде. Жоба екі кезеңге бөлініп, өткен жылдан бастап I кезең бойынша құрылыс-монтаждау жұмысы атқарылуда. 

I кезең бойынша арналар ұзындығы 108,7 шақырымды құрайды, ол Ислам Даму Банкі қарызы есебінен іске асырылады. Ал II кезеңде 157,8 шақырымды құрайтын су арналарын қайта жаңғыртудан өткізу жоспарда бар. Мемлекеттік сараптама бойынша оң қорытынды алынып, қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді. Жобаның екі кезеңі аяқталған соң ауылшаруашылығы айналымына 13600 гектар жер қосылады деп күтіліп отыр.    Сонымен бірге, «Қазсушар» РМК Жетісу филиалы Ақсу, Алакөл, Панфилов, Көксу және Ескелді аудандарында 6 жаңа су қоймасын салу жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл сумен қамтамасыз етілетін егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға және трансшегаралық өзендерге тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда филиал қарамағында 4 су қоймасы бар. Ал Қаратал ауданында суару арналарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Мәселен, Күшік-Кәлпе магистральдық арнасында ұзындығы 7 шақырым учаске механикалық әдіспен тазаланып, бетондау, дәнекерлеу жұмыстары, сондай-ақ, гидротехникалық құрылыстар мен гидробекеттерді жөндеу жүргізілді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025
Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.