Алматы облысындағы «Сарыөзек-Көктал» күре жолы төрт сағатқа уақытша жабылды.
«30 қараша күні сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін жарылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Сарыөзек-Көктал« автожолы жабылды», — делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Департамент өкілдері азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС-хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрады. «Алыс жолға шыққан кезде ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз», — деді төтенше жағдай өкілдері.
Қазіргі таңда барлық бағытта жол ашық. Жарылыс жұмыстары аяқталған.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





