Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

СЕНІМ ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ

3 желтоқсан 2024
ЭКОНОМИКА
СЕНІМ ОРНАТУ МАҢЫЗДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Artsportedu жеткізушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігі мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға бюджет қаражатын бөлу туралы мәселені шешуге жәрдемдесу үшін облыстық кәсіпкерлер палатасына жүгінді. 


Қауымдастық құрамына кіретін кәсіпкерлер мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға белсенді қатысады. Десек те кейде олар тендер ұйымдастыратын мемлекеттік органдардың түсінбеушілігіне тап болады. Осындай жағдайдың біріне кезіккен олар өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін «Атамекен» өңірлік палатасына жүгінді. Сөйтіп, бұл мәселе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің талқылауына шығарылды. 

Атап айтқанда, қауымдастық шығармашылық үйірмелерге ваучерлер бөлу туралы нақты ақпараттың жоқтығына алаңдаушылық білдірді. Ұжымдық өтініште игерілмеген қаражат туралы ақпарат алу және шығармашылық үйірмелерге арналған пайдаланылмаған бюджет қаражатын қайтару мәселесі қозғалған. Белгілі болғандай, бүгінде 59 жеткізуші үйірменің 52 түрі бойынша қызмет көрсетеді. Оған барлығы 13 668 бала жұмылдырылып, 16 267 ваучер берілген. 

Ал әкімдік жауабы бойынша ұжымдық үндеуде: «былтыр спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру реформасын іске асыру шеңберінде қаражат үнемдеу қалыптасқаны белгілі болды. Бұл қаражат қалалық бюджетке игерілмеген деп қайтарылды», – делінген. Қауымдастық облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына  жүгінген. Мемлекеттік орган жауабы бойынша мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы балалардың шығармашылық үйірмелерге баруына өтінім берген отбасылар үшін кезек ашуға мүмкіндігі бар. 

Алайда облыс бойынша ваучерлердің ашылуын қаншама кәмелетке толмағандардың күтіп отырғанын біле тұра бюджет қаражаты әдейі қайтарылып берілген. Бұл жағдай бюджет қаражатын басқаруда ашықтықтың жоқтығын және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы әлсіз үйлестіру сияқты негізгі проблемалардың бар екенін аңғартады.

Отырысты қорытындылай келе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері жүйелі тәсілді талап ететінін атап өтті. Ашықтық, тұрақты диалог және ресурстарды икемді басқару тетіктерін енгізу арқылы барлық тарап арасында сенім орнату маңызды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА
 

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.