Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Сұрақ жауапсыз қалмайды

24 қаңтар 2025
ЭКОНОМИКА
Сұрақ жауапсыз қалмайды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ азаматтарға жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Сұрақтардың басым көпшілігі тұрғын үй, баспананы заңдастыру, пәтерді жекешелендіру жөнінде болды.


Көру, есту мүмкіндігінен айырылған І топ мүгедегі 79 жастағы Кеңес Қасенов 2014 жылы Үштөбе қаласындағы үйін сатып, облыс орталығына қоныс аударған. 2015 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке тұрған. Қазір ол зайыбымен көпбалалы ұлының отбасымен жалдамалы үйде тұрып жатыр. Қария облыс әкімінен үй алуға көмектесуін сұрап келген. Қабылдауға келген азаматтың өтінішін мұқият тыңдаған аймақ басшысы заң бойынша үй сатқаннан кейін бес жыл өткен соң ғана кезекке тұруға болатынын айтып, тұрғын үй комиссиясының шешімін күту қажет екенін жеткізді. Егер ол заңды негізге ала отырып, Kezekte.kz порталынан кезектен шығарылса, онда пәтер алуға өтініш бере алмайды. Бұл жерде жергілікті атқарушы орган өзінің оң шешімін қабылдайды. Десе де облыс әкімі Бейбіт Исабаев қала әкімі Е. Бәзіл мен облыс әкімінің орынбасары Ә. Қанағатовқа қарт ерлі-зайыптылар қолдауға зәру болғандықтан, бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

2010 жылы кезекке тұрған он баланың анасы талдықорғандық Бәтес Қомырбаева баспана алу мәселесін көтерді. Кезекте 320-болып тұрған «Алтын алқа» алқасының иегері қазір қызымен 1 бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Аймақ басшысы қоғамдық қабылдауға келген ардақты анаға жыл соңында өз пәтерінің кілтіне ие болатынын жеткізіп, қуантты. Ал 291-болып кезекте тұрған мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші Толқын Апухова да биыл баспанасына ие болып, қоныс тойын тойламақ. Қос мәселенің оңтайлы шешілуін облыс басшысы тікелей өз жауапкершілігіне алатынын айтты. 

Пәтерін жекешелендіру мәселесі бойынша өтініш білдірген Галина Әбдірахманова осыған дейін бірнеше мәрте облыс әкімінің қабылдауында болған. Өтініш иесінің ұлы 1990 жылы Германияда әскери борышын өтеп жүріп ауыр сырқаттан  өмірден өткен. Әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан азаматтың отбасы ретінде өздеріне жалға берілген тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттарды ұзақ уақыт бойы ала алмай жүрген. 2022 жылы мәселе оң шешімін тапқан. Енді қала тұрғыны бұл үйді тегін жекешелендіруге өтініш білдіруде. Талдықорған қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясы Галина Әбдірахманованың құжаттарын қарап, іс жергілікті атқарушы органның қарауына қалдырылса, шешім шығарылады. Егер шешім шықпаған жағдайда өтініш иесі сотқа жүгінуге тиіс. 

Ескелді ауданының тұрғыны Назарбай Барменқұловтың қойған сұрақтары облыстық прокуратураның құзыретіне жататындығы анықталды. Облыс басшысы өтініш білдірушінің барлық құжатын облыстық прокуратура қызметкеріне табыстап, істің Заң аясында шешілетінін жеткізді. 

Жеке қабылдауға келген облыс тұрғындарының өтініштерін толық тыңдаған Бейбіт Өксікбайұлы тұрғындар сұрағына жан-жақты жауап беріп, сала мамандарына тапсырма жүктеді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.